Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жануарлардың бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларын балау және емдеу түрлері

Автор:   •  Февраль 14, 2018  •  Реферат  •  1,311 Слов (6 Страниц)  •  874 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университет

БӨЖ

  Тақырыбы:  Жануарлардың бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларын балау және емдеу түрлері

                                                                                                                              Орындаған:Мұратханова А.А

Тобы: ВМ-301

Тексерген: Ығиева А.С.

Семей- 2017 жыл

Жоспар:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

А) Зәр шығару аурулары;

Б) Өтуі, белгілері, емі.

3.Қорытынды бөлім

4.Пайдаланылған әдебиет

Зәр шығару жүйесінің аурулары нефрит, пиелонефрит, нефроз, цистит, парез және зәр шығару жүйесінің қабынуы  және параличі.

Жіті нефрит (Nephritis acuta)- жануарлардың бүйректерінің капиллярларының қабынуымен қатар өтетін жіті ауру.

Этиология. Эануар организміндегі токсоинфекциялық өзгерулерден , жіті инфекциялық аурулардан, стрептококктардың әсерінен қабыну процестерден, сонымен қатар организмге парентаральды жолмен бөгде зат немесе ағзадан тыс ақуыздың енуі.

Белгілері. Ауру аяқ астынан болады. Ауырған жануарлар өзін әлсіз сезініп, қозғалмай қалады, көзге көрінетін шырышты қабықтар мен тері беткейлері бозарған. Жақ арасы, қарнында, сыртқы жыныс мүшелерінде қабынулар пайда болады. Тәбеті төмендейді. Гастрит белгілері байқалады. Күйіс қайтаратын малдарда асқазан алды гипотония мен атония , энтероколитқа шейін байқалады. Аускультация кезінде жүректі тыңдаған кезде екінші тондағы аорта естіледі. Пулсі қатты естіледі. Артериальды қан қысымы жоғары. Өкпеде сырыл болады, зәрі лайлы, ашық қызыл түсті болады. Оның құрамында ақуыз, эритроцит, лейкоцит болады.

[pic 1]

1-сурет жіті нефрит.

Өтуі. Емдік шара қолданылмаса жануар ауруы не созылмалы түрге айналады , не өлімге душар етеді.

Емі. Бірнеше апта бойы жануарға тыныштығын қадағалайды.  Терісіне әрқашан массаж жасайды. Рационына ақуыз бен натрийі аз жемдер береді. Шөп қоректі жануарларға пішен шөптен жасалған, тамыр жемістер, кебектерден азық береді, ет қоректі жануарларға- сүт тағамдарын береді. А, Е,Д дәрумендерін беру қажет. Қатты іссінулерде және жүрек кемістігі кезінде қан ағызады: ірі қара малында 3 л-ге дейін, ұсақ малдарға 50-200 мл. Содан кейін көктамырға глюкозаның 25-пайызды ерітіндісі мен строфант енгізеді. Ісінулер қайтпаған жағдайда зәр айдаушы ерітінділер: калий ацетат –сиырларға 25-60г, қойларға -5-10г, жылқыларға 20-50г, иттерге 0,5-1г, калий нитрат сиырларға -8-15г, шошқаға -1-3г, жылқыға 6-10г.дикарб- жылқыға -1,5-2г, итке-1,5-2 г; меркузал- сиырға 3-8 мл, жылқыға-3-10мл береді.

Алдын алу шарасы. Инфекциялық аурулардың алдын алу, әсіресе іріңді қабынулар кезінде. Ол үшін жануарларды зең саңырауқұлақтары бар жеммен азықтандырмау қажет .

Созылмалы нефрит (Nephritis chronica)- созылмалы нефрит жануарларда жіті нефритке қарағанда көп кездеседі.

Этиологиясы. Жіті нефритті емдемегенен пайда болатын ауру.

Белгілері. Жануар арып тозады , клиникалық белгілері жіті нефриттегідей болады.

Өтуі.ауру бірнеше жылға созылып, бауыр циррозымен аяқталуы мүмкін.

Емі мен алдын алу шаралары жіті нефриттегідей.

[pic 2]

2сурет- диффузды нефритті анықтап, емдеу.

Пиолонефрит(Pyelonephritis).  Бүйрек қуысының және бүйрек қабыршақтарының қабынуы.

[pic 3]

3сурет- ірі қара малының пиелонефриті.

Этиологиясы. Зәр шығару жолдарындағы зәрдің шығуының бұзылуынан болатын ауру және оны Escherichia coli энтерококкалары тудырады.

Белгілері.  Ауру жіті және созылмалы болып өтеді. Жіті  ауруда малдың тәбеті жоғалады, қозғалмайды, дене температурасы көтеріледі. Күйіс қайтаратын малдарда асқазан алды атониясы мен гипотониясы байқалады. Жануар жатып қалғанда несеп қабынан іріңді эксудат бөлінеді. Іш қабырға жағына пальпация жасағанда бүйректің ауырсынуы байқалады. Зәр шығаруы жиілейді. Бүйрек ұлғаяды, ауырсынады. Зәрде лейкоциттер көп болады (пиурия), сонымен қатар эритроциттер, эпителийлер, цилиндрлер және микробтар болады. Бүйрек қатты зақымданса зәрде ақуызы 2г 1 л-ге дейін болады. Созылмалы пиелонефрит аурудың асқынуынан туындайды.

...

Скачать:   txt (17.2 Kb)   pdf (547.2 Kb)   docx (1.5 Mb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club