Қорларды басқару және кәсіпорын шығындары
Автор: Aruzhan.Bazilova • Январь 22, 2019 • Реферат • 534 Слов (3 Страниц) • 1,649 Просмотры
Қорларды басқару және кәсіпорын шығындары
Бөлімді меңгергеннен кейін сіздер міндеттісіздер:
- Қорларды басқарудың мағынасын және шығындар мен кәсіпорынның жұмыс істеуінің экономикалық қорытындыларына әсерін түсіну.
- Кәсіпорындағы қорлардың түрлері мен бөліну белгілерін білу.
- Кәсіпорыннң қорларынң мөлшерін азайтатын және қорлардың пайда болу себептері мен факторларын білу.
- Материалдық қорлардың өндірістік қорларға ауысуында оларды бағалау әдісін және кәсіпорынның шарттарына сай сол әдісті таңдауды білу.
- Сатып алу материалдық ресурстарының оптималды мөлшерін есептей білу.
7.1 Кәсіпорындағы қорлардың түрі
Қорлардың түрі кәсіпорындағы заттай құрылымға,өндірістік фазаларға және функционалдық белгілере байланысты әртүрлі болуы мүмкін.Коммерциялық классификациясы 7.1 кестеде көрсетілген.тауарлы-материалдық құндылықтар қоры өнімнің барлық жылжу жолында,яғни өндірістік орыннан тұтынушылық орынға дейінгі жолда қалыптасады.Материалды қорлар – бұл уақытша қолданылмайтын бірақ,қолдануға бағытталған өндірістік немесе жеке тұтыну процесіне түсуді күтетін тауарлы –материалды құндылықтар.
Тауардың өндірісіне бағытталған кәсіпорын-өндірушілердің қоймасында сақталатын,сондай-ақ көтерме және бөлшек саудадағы,дайындау ұйымдарындағы және транспорттық қорларды тауарлы қорлар деп атайды.
Транспорттық және жолдағы қорлар – кәсіпорындар мен өндірушілерден тұтынушыларға тасымалдау барысында жолда кетіп бара жатқан көтерме сауда ұйымдарының теміржол,автомобиль,кеме,ұшақ көліктеріне жүктелген өнім қоры.
Арнайы әдебиеттерде кәсіпорындар мен өндірушілер қоймасында үздіксіз жүк тиеуді,жөнелтуді қамтамасыз ету үшін дайын өнімдер қоры құралады.
Қоймаларда немесе басқа сақтау орындарында тұтынушыларда өндірістік қорлар пайда болады.
Қорлар түрі | ||||
1.Құралдық құрылымы мен айналым құралдарының айналым фазасы б\ша | 2.Функционалдық белгіленуі б\ша (немесе олардың пайда болу себептері б\ша) | 3.Тауарды тарату каналына қатысы б\ша | 4.Өндірістік-тұрмыстық қызмет сферасына байланысты | 5.Орналасу орны б\ша |
| Ағымдағы, сақтандыру, дайындық, маусымдық, спекулятивті, ескірген, ауыспалы. | Жабдықтаушыларда, Делдалдарда, Тұтынушыларда. | Сатып алу қызметінде,өндірістік және маркетинг қызметінде. | Қоймалық,транспорттық. |
7.1 кесте
Өндірістік қорлар – кәсіпорындағы белгілінген шартқа сай айналымда құралдар құрамына кіретін,өндірістік тұтынуға бағытталған,бірақ әлі өндіріс процесіне жұмсалмаған және өндірістің үздіксіздігі және жабдықтауды,сұранысты тұрақтандыруға арналған еңбек құралдар қоры.Олар өнеркәсіп кәсіпорындарында маңызды айналым құралдарын құрайды,сол себепті мағызды орынға ие.Біз,қорларды құру белсенді қызмет бөлігі және коммерциялық қызметпен үлкен көлемдегі қорларсыз айналысу мүмкін емес деген түсінікке үйренгенбіз.
...