Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі шығындарды жіктеу

Автор:   •  Февраль 21, 2020  •  Реферат  •  654 Слов (3 Страниц)  •  551 Просмотры

Страница 1 из 3

Қазіргі кезде нарықтық экономиканы қалыптастыру жағдайында және бәсекелестікті жетілдіруде, кәсіпорынның дамуында жаңа стратегияларды жасауда басқару есебінің мағынасы мен маңызы күшейе түсуде. Қатаң бәсекелестік жағдайында кәсіпорындарда шығындарды басқару процесіне, оларды есептеу мен мониторинг жүргізуді жетілдіру жолдарын іздеуге үлкен мән беріледі. Осыған орай отандық бухгалтерлік есептің теориясы мен тәжірибесіндегі аса маңызды міндеттердің бірі болып қазіргі таңдағы үстеме шығыстар есебі және оларды бөліп-тарату мәселесі табылады. Нарық жағдайының өзгерісі, өндірісті автоматтандыру, ақпараттандыру және тағы да басқа жағдайлар кәсіпорын шығындарының көбеюіне, оның ішінде ай сайын орташа есеппен 32-50% болатын үстеме шығыстардың үлесінің өсуіне әкеліп отыр. Жүргізілген талдаулар, шетелдік және отандық кәсіпорындардың мәліметтері шығындардың құрамының көп бөлігін жұмыскерлердің еңбекақысы мен құрал-жабдықтың амортизациясы құрап отырғанын көрсетеді.

Кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болғандықтан, осы кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыру, яғни басқарушылық есепті ұйымдастыру бүгінгі күні өзекті мәселе болып табылады. Экономикасы жоғары дамыған елдерде нарық жағдайындағы ұйымның оңтайлы экономикалық жұмысын ұйымдастырудың мол тәжірибесі жинақталғандықтан, мұны отандық кәсіпорындардың есеп тәжірибесінде пайдалану қажеттігі туындайды. Осы орайда,ұйымды басқару теориясы мен тәжірибесінің шетелдік жетістігінің бірі басқарушылық есеп болып саналады. Басқарушылық есепті ұйымдастыру мен жүргізу ұйым басшыларының жедел және стратегиялық шешім қабылдауына керекті қаржылық және өндірістік ақпараттарды сәйкестендіру, өлшеу, талдау, дайындау, түсіндіру және ұсыну процесі болып табылады.

Бұл анықтама халықаралық стандарттарға сай және ұйымды басқару үшін есептің мәні мен мазмұнын ең толық сипаттайтын түсінік. Осыған сай басқарушылық есеп ұйымның, оның бөлімшелерінің қызметін стратегиялық басқаруды, бағалауды, кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен бақылауды, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етуді қоса алғанда жалпы бизнесті басқару үшін қажетті ақпаратты жедел қалыптастыру мен пайдаланудың барлық жүйесін қамтиды. Бұл жағдайда бухгалтерлік есеп жүйесі, оның ішінде ұйымды басқару үшін пайдаланатын бөлігі басқарушылық есебіне кіреді.

Ғалымдар мен экономистердің арасында басқарушылық есепті бухгалтерлік есеп жүйесінде және онан тыс та қарайтын әртүрлі көзқарастар бар. Соңғы жылдары басқарушылық есеп кәсіпорын қызметінің қаржылық есебімен, яғни шығындар мен қаржылық нәтижелер, борыштық талаптар мен міндеттемелер, материалдық қорлар мен төлем тәртібін бақылаумен ғана шектеледі. Бірақ өндіріс, өткізу және жабдықтау, сонымен қатар басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау, оның ішінде кәсіпорын үшін маңызы жағынан кем түспейтін өндірістік инвестициялармен байланысты шешімдер басқарушылық есеп өрісінен тыс қалып қалады. Басқарушылық есеп шаруашылық қызметтерінің нәтижелері бойынша басқарылатын әрбір объектінің есептік жүйесі, жоcпарлауы,

...

Скачать:   txt (10.7 Kb)   pdf (40.8 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club