Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ветеринариялық хирургияның

Автор:   •  Февраль 25, 2026  •  Курс лекций  •  15,070 Слов (61 Страниц)  •  6 Просмотры

Страница 1 из 61

КІРІСПЕ

Малдәрігерлік саласында ветеринариялық хирургияның маңызы зор. Ол ауруға алдын-ала шара қолдануда малды дұрыс тамақтандыру технологиясын, оған жағдай жасауы және дұрыс пайдалануы ескерілуі керек. Хирургиялық аурулардың себептерін және дамуын жан-жақты зерттеп ветеринариялық хирургия оларға қарсы әрекетін жүзеге асырады. Оларға алдын-ала ауруға шара қолдану, жарақаттан сақтындару әдістері, іріңді инфекцияға қарсы әрекеттері, жатады. Осы әрекеттерді іске асыру жолдарында төменгі шараларды қолданады:

-жылына екі рет – көктемде, күзде малға жалпы клиникалық /зерттеу/ тексеру

- малды тасымалдағанда стресске қарсы дәрілеу, уақытша қимылсыздандыру;

- экономикалық пайдалы операция және нәтижелі ем қолдану;

- организмнің резистенттілігін көтеру, жазылу процестерін үдейту;

- жаңа хирургиялық ауруларды зерттеу.


МАЛ ЖАРАҚАТТАРЫ

1. Жарақаттар

Жарақаттар хирургиялық аурулардың ішіндегі ең жиі кездесетін кеселдің бірі. К. И. Шакалов және т. б. ғалымдардың деректері бойынша шаруашылықтағы кездесетін аурулардың 94-97% жұқпалы емес ішкі аурулар болса соның ішінде 40% астамы хирургиялық аурулар екен. Көптеген ғалымдардың деректеріне жүгінсек жарақаттар үлесіне хирургиялық аурулардың 25%-тен 30%-ке дейін тиеді. Жарақаттардың әсерінен мал уақытынан ерте санақтан шығарылады, өнімділігі азаяды, салмағы төмендейді, мал шығыны да болады. Бұған малға керек ететін дәрігерлік көмек пен дәрі-дермекке кететін шығынды қоссақ, жарақаттың мал шаруашылығына тигізетін экономикалық зияндығы орасан зор екендігін көріңіз.

Себептерге қарай жарақаттар 5 түрге бөлінеді: механикалық, физикалық, химимлық, биологиялық және жүйке стресстік

1/ Механикалық жарақат – организмге әсер еткен механикалық күштен пайда болып, ұлпалар мен ағзалардың әр түрлі дәрежеде зақымдалуын тудырады. Жарақаттың пайда болуына себепкер факторларға – организмге витаминдер мен минералдық заттардың жетіспеушілігі, заттар алмасуының бұзылуы, малдың арықтап қажуы, т. б. осы сияқты жағдайлар жатады. Жарақаттың пайда болуы мал түлігінң жасына да байланысты, жас және кәрі малдардың терісі, ұлпалары, сіңірі, тарамысы, және сүйегі механикалық күштің әсеріне төзімділігі төмен болады. Жылқы мен иттердің сіңірі, терісі және тарамысы ірі қара мал мен шошқаға қарағанда мықты, созылғыш келеді. Бұл малдардың сүйектері де мықты болады.

Механикалық күш организм ұлпаларына соғу, созу, бұрау, қысу, жаншу сияқты түрлерде әсер етеді. Ұлпалардың зақымдалу дәрежесі механикалық күштің бағыты мен әсеріне, жылдамдығына, әсер етуші заттың тығыздығы мен көлеміне, ұлпалардың мен ағзалардың физиологиялық жағдайына тікелей байланысты. Мысалы: қуысы толық асқазан, қуық, ішектерге оқ тисе олардың зақымдалуы қатты да көлемді болады. Сол сияқты буаз малдарда остеомаляция дамығандықтан сүйектері сынған жағдайда көп жерден сынатыны байқалады.

Механикалық жарақат жабық және ашық, операциялық, кездейсоқ, тума және соғыс кезіндегі болып бөлінеді. Тері бүтіндігі бұзылмай пайда болған жарақатты жабық жарақат дейміз. Бұған ұлпалар мен ағзалардың ұрылуы, жарылуы, соғылуы, буынның шығуы, сүйектің сынуы жатады. Тері анатомогистологиялық құрылысының ерекшелігіне байланысты өте созылғыш және мықты болады. Сол себепті тарамыс-сіңірлер үзіліп созылып жатқанда, сүйектер сынып, жаншылып ұнтақталған жағдайларда терінің бүтіндігі сақталады.

Егер тері немесе кілегейлі қабатының бүтіндігі бұзылған жарақаттарды /кесілу, тіліну/ ашық механикалық жарақат дейміз. Оларға әртүрлі жаралар, ашық сынықтар мен буындардың ашық шығуы жатады.

Жарақаттар күш тікелей әсер еткен жерде немесе одан алшақ жерде де болуы мүмкін. Мысалы: күш малдың жілігіне тікелей әсер етсе ол сүйек сол жерден морт сынады. Ал егер мал биіктен алдыңғы аяғына салмақ түсіріп құласа, күш тіке әсер еткен тұяқ емес, малдың тоқпан жілігі орнынан тайып /шығып/ кетуі мүмкін.

Кейде механикалық әсерімен ұлпалар мен ағзаларда молекулярлық өзгерістер пайда болса, оны шайқалу /сотрясение/ немесе контузия дейді

...

Скачать:   txt (213.7 Kb)   pdf (539.6 Kb)   docx (72.8 Kb)  
Продолжить читать еще 60 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club