Биологияны оқыту әдістемесі пәніне кіріспе
Автор: Ayazhanka0707 • Сентябрь 6, 2021 • Контрольная работа • 1,349 Слов (6 Страниц) • 601 Просмотры
1 апта
Дәріс № 1
Тақырып: Биологияны оқыту әдістемесі пәніне кіріспе.
1. Биологияны оқыту әдістемесі пәні.
2. Биологияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
Дәріс мақсаты:Биологияны оқытудағы әдістеменің орны туралы түсінік беру. Әдістеме –педагогикалық ғылым бағыты екендігіне тоқталу.
Ұғымдар:әдістеме,әдіс,тәсіл.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
Биологияны оқыту әдістемесі- мектеп пәндерінің ерекшелігіне байланысты оқыту және тәрбиелеу процестерінің жүйесі туралы ғылым. Бұл жүйені білу мұғалімге биологияны оқытуды меңгертеді. Әдістеме педагогикалық ғылым.Сондықтанда оның мақсат, міндеті жалпы білім берумен тәрбиелеуге бағытталған. Биологияны оқыту әдістемесі түрлі әдістерді мұғалімге меңгертудің нәтижесінде оларды оқушыларға нақты биологиялық білім беруге және осы алған білімдерін өмірде қолдануға үйретеді. әдістеме пән оқулығының мазмұның әдістер тәрбиелеу мен оқытудың формаларын қарастырады. Әдістеме биологияны не үшін оқыту керек, қалай оқыту керек және неге тәрбиелеу керек деген сұқраққа жауап береді. Биологияны оқыту әдістемесінің өзіндік пән ретінде ерекшеленеді. Мұнда нақты обьектілер (өсімдіктер, жануарлар, адам) және тірі табиғат және оның дамуы қарастырылады. Сондықтан сабақты ұйымдастыруға ерекше түрлер үйге тапсырма, кластан тыс жұмыс және көрнекіліктер, сарамандық жұмыстар қажет. Биология курсын оқыту үшін дұрыс толық жабдықталған кабинет, тірі аймақ бұрышы қажет. Биология қоршаған ортаны толық білуге, қорғауға, ауыл шаруашылығының ғылыми негізгі жалпы және еңбек гигиенасының ролін беруге мүмкіндік беріп өмірге дайындайды.
Биологияны оқыту әдістемесіне биологиялық оқытудың жалпы әдістемесіне және жеке әдістемесі болып екіге бөлінеді. Биологиялық оқытудың жалпы әдістемесі мектепгі биология курсына құрылым мазмұнын, жүйесін және оның басқа пәндермен байланысын биологиялық ұйымдардың дамуын материалдық бағасының жалпы ұйымдасуын, әдіс- тәсілдерді оқытудың түрлерінің тәсілдері тәрбиелеу жүйесін қарастырады. Ол жеке әдістеме толық әдістеме мен тығыз байланысты
Биологияны оқыту әдістемесі- биология ғылымымен байланысты. Мектеп биология курсын оқыту үшін мұғалімнен биология теориясын білімді практикалық дағдыны табиғатта өсімдіктермен жануарларды тану және оны аңықтай алу, оларды өсіру эксперемент жүргізе білуді сұрайды. Биология ғылымымен мектептің биология пәнінің мақсаттары әртүрлі. Биология ғылымының мақсаты: табиғаты зерттеу нәтижесінде тану, ал биологиялық пәннің мақсаты: осы зерттеулер нәтижесінде алынған ғылыми фактілермен жабдықтарды оқушыларға беру. Биологияны оқыту әдістемесі агрономия, медицина, психология, педагогикамен тығыз байланысты. Әдістеменің дамуы мұғалімнің жеке тәжірибесінің нәтижесінде алынған әдістемелік нұсқаулар зерттелуінен пайда болған. Әдістемелік проблемаларды шешу алғашқы уақытта шашыраңқы болған жаратылыстың жалпы әдістемесінен жеке әдістемелер бөліп шығып, өзіңше дамыған жинақталған материалдарды қорытып, бір жүйе келтірудің нәтижесінде әдістеменің негізін қалайды. Әдістеме оқушыларды дұрыс оқуға және оқыту уақытын үнемдеп пайдалануға мүмкіндік беретін практикада тексерілген ғылыми теорины ұсынады. Әдістеме оқытудың мақсатын тануға және тәрбиелеуге көмектеседі. Мұғалім әдістеме теориясының негізін білмей сабақты жүйелі береді деу өте қиын.
Дәріс №2
Тақырып: Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы мен даму тарихы
1 XVIII ғасырдағы жаратылыстануды оқыту әдістемесінің даму тарихы
2. XIX ғасырдағы жаратылыстануды оқыту әдістемесінің даму тарихы
Дәріс мақсаты: XVIII - XIX ғасырлардағы биология ғылымының даму тарихын түсіндіру
Ұғымдар: Қазбалар патшалығы, табиғат жүйесі, өсімдіктер мен жануарлар патшалығы
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
Жаратылыстану ғылымын оқытудың әдістемесінің даму тарихы ХVIII ғасырдан басталады. Ежелгі Русьтің мектептерінде табиғат туралы пәндер оқытылмады. Мектептерде жаратылыстануды оқыту ХVIII ғасырдың аяғында енгізілді. Табиғат байлықтарын және экономиканы дамыту үшін мемлекетке білімді адамдар керек болды.
...