Өсімдіктер мен жануарлардың, табиғаттың адам өміріндегі рөлі
Автор: Nazkrnai • Декабрь 2, 2018 • Реферат • 570 Слов (3 Страниц) • 3,937 Просмотры
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың, табиғаттың адам өміріндегі рөлі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Адам, табиғат қарым-қатынасын түсіндіру. Баланы табиғатқа үстемдік етпейтіндей, табиғат пен тең қатынас сезімдерін тудырып түсіне ықпал жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың адам, өсімдік, жануар туралы ой-өрісін кеңейтіп, олардың сабаққа деген қызығушылықтарының, белсенділіктерінің дамуына ықпал жасау.
Тәрбиелік: Мейірімділікке, қайырымдылыққа инабаттылықта, достықта тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО технологиясы, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану.
Пайдаланылған әдебиеттер: Дүниетану кітабы 2 сынып (Тұрмашева Ботагөз Қадырқызы, Салиш Салтанат Салишқызы, Мирук Татьяна Николаевна), әдістемелік құрал, дүниетану хрестоматиясы.
Сабақ жоспары:
- Ұйымдастыру бөлімі : 2 мин
- Психологиялық дайындық : 2 мин
- Үй тапсырмасын тексеру : 8 мин
- Сергіту сәті : 3 мин
- Жаңа тақырыпты түсіндіру : 10 мин
- Оқулықпен жұмыс : 5 мин
- Қорытынды : 3 мин
- Бекіту сұрақтары : 3 мин
- Үйге тапсырма : 1 мин
- Бағалау : 3 мин.
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлематсыздарма оқушылар!? Бүгінгі көңіл-күйіміз қалай?
- Жақсы.
- Бүгін аптаның қай күні балалар?
- Сейсенбі.
- Өте дұрыс. Сыныпты кім кезекші? Ақерке:
- Бүгін сыныпта оқушылардың барлығы бар.
- Жарайды, ендеше оқушылар сабағымызды жақсы көтеріңкі көңіл-күйде бастау үшін барлығымыз психологиялық дайындығымызды бастаймыз:
2.Психологиялық дайындық.
Қоршаған орта әлемі,
Не деген көркем әдемі
Сол сұлулықты сақтайық,
Мадақтайық, мақтайық.
3.Үй тапсырмасын тексеру. Адам өмірінде табиғат жағдайының алатын орны. «Өрмекші торы» әдісі арқылы тексеремін.
Оқушылар, жіпті алып бір-біріңе беріп менің сұрақтарыма жауап беріңіздер.Кәнекей, Мәулен орныңнан тұра ғой!
1.Біздің аймағымызда жер бедерінің қандай түрлері кездеседі?
2.Сен тұратын жерде қандай өзендер мен көлдер бар? (Алтынай)
3. Оның шаруашылыққа әсері қандай? (Абзал)
4.Сусыз жерде, шөлде қалай өмір сүруге болады? (Айнур)
5.Жазық дала дегеніміз не? (Гүлшат)
6.Тау дегеніміз не? (Гүлмира)
7.Жылы жаққа ұшатын құстар көктемде солтүстікке, ал күзде оңтүстікке қарай ұшады. Оның себебі? (Дархан)
8.Кесілген ағаш түбірінің жылдық шеңберлері нені білдіреді? (Алмас)
9. Әр адам жергілікті табиғат белгілеріне қарап, бағытты қалай анықтайды? (Мөлдір)
10.Тұсбағарды қалай қолданамыз? (Асланбек)
11.Бағдарлау дегеніміз не? (Жазира)
12.Адамдар бағытын дұрыс таба білу үшін нені қолданады? (Нұрқадір)
4. Сергіту сәті. «Қыдырып қайтайық» видеоролик.
5.Жаңа сабақ. Ой қозғау.
[pic 1]
Бізді айналамызды табиғат қоршап тұр. Адам өзіде сол табиғаттың бір бөлшегі саналады. Ол табиғатсыз өмір сре алмайды. Табиғат адамды қоректендіреді, емдейді және киіндіреді.
...