Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қайта өрлеу дәуіріндегі физика және медицина

Автор:   •  Октябрь 9, 2018  •  Реферат  •  1,079 Слов (5 Страниц)  •  1,945 Просмотры

Страница 1 из 5

                                                 Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім: Қайта өрлеу дәуіріндегі физика және медицина
  1. Құлдырау дәуірінен кейінгі экономикалық қызметтің дамуы
  2. Магнетизм және оның пайда болуы
  3. Леонардо да Винчи және оның еңбектері
  4. Коперник пен  Гильберттің қайта өрлеу дәуіріндегі еңбек жолдары
  5. Қайта өрлеу дәуіріндегі медициналық ғылыми жетістіктер
  6. Қайта өрлеу дәуіріндегі стоматология
  1.   Қорытынды

Қайта өрлеу дәуіріндегі физика

               Құлдырау дәуірінен кейін XII-XIII ғ Батыс Европада экономикалық қызметтің өрлеуі байқалады. Осының арқасында және Араб елдерімен қарым-қатынас жасаудың арқасында Испанияда, Лотаренгияда, Францияда және Шотландяда инттеллектуалды ояну жүрген. Испания мен Италияда Аристотельдің, Эвклиттің және Птолемейдің еңбектері аударылған, ал Архимед пен Геронның еңбектері де тіпті де белгісіз болған.Физиканың бұндай бір жақты зерттелуі және университеттердің шіркеу қарамағында құрылуы схоластиканың өрлеуіне алып келді. Бұл периодттың жаратылыс тануға қосқан үлесі аса маңызды емес. Схоластикалық білім ақиқат қасиеті жазуларда және діни шенеуліктердің еңбектерінде ашылып қойылған және бұл айғақты тек зерттеп және түсіндіру керек деген принципіне негізделген.

Алайда Европадағы университеттердің арқасында білім мен мәдниеттің жалпы деңгейі  көтерілген және тек осы ортада танымның жаңа жолдарын іздеген жаңа ғалымдар пайда болған. Бұларға Оксфордта ғылыми зерттеулермен айналысқан францискандық  монахы Р. Бэконды жатқызуға болады. Ол Аристотельдің кітаптары мен жалпы қызығушылығына бірден қарсы шыққан, ғалым шенеуніктердің талқылауларымен шектелмеуі керек деп ойлаған. Бэкон бойынша ғылым теориялық шешімдерді дәлелдейтін нақты зерттеулер мен қатаң аргументтерге негізделу керек. Ол өзі химиялық және физикалық зерттеулерді, асторономиялық бақылауларды жүргізген, кемпірқосақты сутамшыларындағы жарық сәулелерінің сынуы деп түсіндірген.XIVғасырдың ортасына қарай көзілдіріктің кең тарағаны белгілі болады. Алайда линзалар ортағасырлық шеберлердің аяқасты ашылған жаңалығы болған.

Магнетизм- ортағасырда пайда болған физиканың жалғыз бөлімі. Бұл құбылыс XI ғасырда теңіз компасының пайда болуымен байланысты. Компастың тарихы Қытайдан бастау алады. Онда II ғасырдан бастап магниттелген иненің Солтүстік бағытта қарай көрсететіні белгілі болған. Осыған орай Қытайдағы Арабтарға магниттелген иненің ориентациялық қасиеті белгілі болғаны және олар оны теңізде жүхуде қолданғаны белгілі  болды. Кейіннен барлық орта теңіз елдерінің  компас конструкциясының ары қарай дамуына айтарлықтай өз үлестерін қосқан. XIII ғасырдың ортасында  П. Перегериноның магнетизм жайлы алғаш трактаты шықты. Онда магниттердің айқындалатын қасиеттері және магниттердің полярлығын анықтаудағы экспериментальды әдістері мен магнитті индукция құбылысының сипаттамасы көрсетілген.

Орта ғасыр дәуірінде техниканың интенсивті дамуы жүреді, энергияның айтарлықтай күшті жаңа көздері, жеңіл конструкциялы  оқ қарулары, әйнек өндірісі, үлкен су сыйымдылығы бар кемелер, қағаз өдірісі пайда болған. Бұл Ренессанс дәуірінің жарық өкілі ретінде Леонардо да Винчи болып табылады. Оның ғылыми жұмыстары математикаға, механикаға, физикаға, астрономияға, геологияға, ботаникаға, анатомияға және адам физиологиясына бағытталған. Көптеген машиналарды құрастырған, каналдарлды жобалаған, механикалық қозғалысты, үйкелісті, су бетіндегі толқынды, капиллярлықты, құстардың қозғалсын, ауаның қарсыласу күшін, көтермелеу күшін, көздегі және обскура камерасындағы бейненің түзілуін зерттеген.

Леонардо тек қайта өрлеу дәуірінің ғана емес, барлық кезеңдердің де өнер тапқышы болған. Техника тарихында оның жүздеген еңбектері белгілі болған: болат шынжырлы берілістер, әр түрлі тежеуіштер, роликті тіреуіш, карданды қосылыстар, әр түлі станоктар, металдық жіптердің созылуға қарсы тексерулерде қолданылатын қондырғылар, соғыс машиналары, жерқазғыштар, шлюздар және т.б.

Механика саласында Леонарданың маңызды жұмыстарының бірі-жалпақ және көлемді денелердің ауырлық центрін зерттеу болып табылады.

...

Скачать:   txt (16 Kb)   pdf (66.9 Kb)   docx (16.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club