Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Эндогендiк эволюция теориялары: ламаркизм, дефризианство

Автор:   •  Апрель 27, 2024  •  Контрольная работа  •  1,408 Слов (6 Страниц)  •  113 Просмотры

Страница 1 из 6

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР КАФЕДРАСЫ

ББ21-01

[pic 1]

№1. СӨЖ тақырыбы:

ЭНДОГЕНДІК (АВТОГЕНЕТИКАЛЫҚ) ЭВОЛЮЦИЯ ТЕОРИЯЛАРЫ: ЛАМАРКИЗМ, ДЕФРИЗИАНСТВО.

Орындаған: Маханбетәлі Иманғали

Тексерген: Калимагамбетов А. М.

2024жыл.

ЖОСПАРЫ:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім:                                

1.1. Эволюция теориясы;

1.2. Эндогендік (автогенетикалық) теориялар;

1.3. Ламаркизм;

1.4.  Ламарк теориясының артықшылықтары;

1.5. Ламарк теориясының кемшіліктері;

1.6. Дефризиандық теория;

3. Қорытынды;

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қазіргі уақытта эволюциялық теориялардың көптеген түрлері бар. Бұндай эволюциялық көзқарастар бір-бірімен таңқаларлық түрде байланысатынын көрсек, кей-кезде эволюцияға қарсы ұғымдармен үйлесетінін байқауымызға  болады.

Эволюциялық көзқарастар мен оған қарсы көзқарастардың басты айырмашылығы-эволюционистер органикалық әлемнің дамуының ішкі механизмдерін ашуға тырысады. Бұл жерден, дамудың объективтілігі жан-жақтылығы таныла бастайды.

Әдетте, эволюциялық теориялар эксперименттік мәліметтерге, эволюцияны зерттеудің әртүрлі әдістерінің жиынтығына негізделген. Бұл жағдайда эволюцияның бірыңғай жалпыға бірдей қабылданған теориясы жоқ. Объективті түрде бұл, ең алдымен, ерекше күрделілігімен көрініс табады. Сондықтан, эволюция механизмдерін түсіну үшін бір-бірін толықтыратын көптеген эволюциялық ұғымдар мен көзқарастарды қарастыру қажет.

ХХ ғасырдың басынан бастап, ғылымда органикалық дүние әртүрлі факторлардың әсерінен болатын ұзақ мерзімді өзгерістердің нәтижесіне негізделген екендігі дәлелденген деп саналады. Эволюция идеясы сөзсіз дәлелденген ұсынысқа айналды десек те болады. Тағы бір атайтын дүние, ғылым жинақтаған барлық эмпирикалық деректерді де, тірі табиғатта болып жатқан процестерді де алуан түрлі теориялық тәсілдер мен түсіндірулерді де пайдалана отырып, бұл процесті ең дәйекті түрде сипаттау болып табылады.

Негізгі бөлім:

1.1. Эволюция теориясы.

1.2. Эндогендік (автогенетикалық) теориялар.

Эволюция – биология ғылымында тірі организмнің ортасы мен жағдайларына бейімделе отырып, өзін өзгертетіні, ортаға үйлескендері тіршілігін жасап, үйлеспегендері уақыт өте келе жойылып отыратыны туралы идеялар пайда болып, осы өзгерістер олардың қабілетін үздіксіз артып, төмен деңгейден жоғары деңгейге көтеріледі деп есептейтін теория.

Эволюцияның концепцияларын қарастыра отырып, біз ең маңызды дейтін идеялар мен көзқарастарды бөліп көрсетуге болады, немесе принциптеріне тоқталсақ, ол болашақ теориямен жалпылана айтылуы қажет және адамның шығу тегін зерттеу барысында түсіндірме ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Соның ішінде, біз эндогендік (автогенетикалық) теорияларға тоқталып, қарастырайық.

Эндогендік (автогенетикалық) теориялар эволюциялық дамудың ішкі себептеріне тіке байланысты деген түсінікке негізделген болып саналады. Оларды біз екі категорияға ажыратуымызға болады:

1. Ламаркизм - даму ерікті себептерге, организмдерді толық жетілдіруге деген ұмтылысына байланысты болса, ал:

2. Дефризианизм - даму стихиялық мутацияларға байланысты дейді. Мутабильділік-сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан, бұл барлық тіршілік иелерінің қасиеті десек те болады.Негізін қалаушылары: Сергей Иванович Коржинский (1899), Уго де Фриз (1901).

...

Скачать:   txt (22.6 Kb)   pdf (266.4 Kb)   docx (153.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club