Тірек қимыл аппараты. Сүйектер туралы ілім- остеология
Автор: Sabina Zhanbolat • Июнь 9, 2022 • Реферат • 3,238 Слов (13 Страниц) • 416 Просмотры
№ 2-3 дәріс тақырыбы: Тірек қимыл аппараты. Сүйектер туралы ілім- остеология.
Сабақтың мақсаты: Сүйектер құрылысымен, түрлерімен, байланысу типтерімен танысу
Сабақ жоспары:
1. Тірек –қимыл аппаратына жалпы шолу.
2. Сүйектердің құрылысы, химиялық құрамы.
3. Сүйектің дамуы, пішіні.
4. Сүйектердің байланысу түрлері
5. Адамның қаңқа сүйектері (омыртқа жотасы, көкірек клеткасы, тұлға сүйектері, қол- аяқ, бас сүйектері).
1.Тірек- қимыл аппаратына қаңқа сүйектері, сүйек аралық байланыстар,буындар, бұлшықеттер жатады. Сүйектер адамда белгілі пішін берумен бірге, тірек- қимыл және қорғаныш қызметтерін атқарады. Мысалы: қол- аяқ сүйектері, омыртқа бағанасы- тіректік, қозғалғыштық қызмет, ал бас сүйегі, жамбас қуысы қорғаныштық қызмет атқарады. Тірек- қимыл аппаратының тіректік бөлігі- қаңқа, бұлшықеттер қозғалғыштық бөліктері болып саналады. Байламдар мен буындар қаңқа сүйектерін бір-біріне буындастырып, байланыстырып, беріктік беріп, икемдік қозғалыстар береді.
Бұлшықеттер өздерінің жиырылу қасиеттерінің арқасында денені , мүшелерді қимылға келтіріп отырады. Бұлшықеттер бір сүйектен басталып, міндетті түрде бір, бірнеше буыннан аттап, екінші сүйекке бекінеді, сондықтан еттер жиырылғанда сүйекті буыннан жазып, бүгіп қимылға келтіреді. Бұны динамикалық қызмет дейміз. Осы арқылы адам бір орыннан екінші орынға қозғалады, тік тұру, жүгіреді. Бұлшықеттердің тыныш күйінде де қатайып жұмыс жағдайында тұру қасиетін- тонус деп атайды. Тірек- қимыл аппаратын зерттеу жеке- жеке салаға бөлінеді: сүйек туралы ғылым- остеология, сүйектердің байланысуын зерттейтін ғылым- синдесмология, бұлшықеттер туралы ғылым- миология.
2. Адам қаңқасы 250 сүйек (85 жұп сүйек,80 тақ сүйек) бар. Сүйек (os) – мүше, ол арнаулы қызмет атқарады және негізінен сүйек ұлпасынан түзілген. Сүйектердің барлығы сүйек қабығымен (periosteum) қапталған. Бұл өте жұқа және дәнекер ұлпасынан құралған қабат. Буын беттерінде (faciesarticularis) ғана сүйек қабығы болмайды, шеміршекпен қапталған. Сүйек қабығын ең алғаш анықтап жазған- Аристотель.
Сүйек қабырғасындағы арнаулы тесіктер арқылы қан тамырлары арқылы сүйекті қоректендіреді. Бұл тесіктерден көктамыр да шығады. Сүйек қабығы сыртқы және ішкі қабаттан құралады. Сыртқы талшықты қабатқа бұлшықет мен сіңір берік жалғасады да, ішкі қабасы сүйек түзетін остеобласт жасушаларынан тұрады. Остеобласт жасушалады тез бөлініп, олардан сүйек жасушаларының жаңа қабаты түзіліп, сүйек көлденеңінен өсіп жуандайды. Сүйек екі қабаттан құралады: сыртқы қабаты тығыз заттан, ішкі қабаты кемікті заттан түзіледі.
Барлық сүйектердің сырттарында сүйек қабығы болады.Сүйек қабығы дәнекер ұлпадан тұратын тығыз қабат сүйек қабығындағы арнаулы тесіктер арқылы оған қан тамыры мен нервтер еніп оны қоректендіреді. Сүйек қабаты: сыртқы және ішкі қабаттан тұрады. Сыртқы қабатына бұлшықеттер мен байланыстар берік жалғасады қабықтың ішкі қабаты сүйек клеткаларын түзетін- остеобластардан тұрады. Сүйек сынған кезде остеобластар сүйек кілегейін түзіп, сынықты дәнекерлер жалғастырады. Сүйекті кесіп қарағанда, оның сыртқы бөлімі тығыз немесе жинақы заттан түзілген оның астында кемік зат орналасады. Кемік зат бінеше ішкі сүйекті қабыршықтан тақташықтардың тұрады. Мұндай құрылыс сүйекке беріктік және жеңілдік қасиет береді. Түтік тәрізді сүйектердің екі ұшы (эпифиздері) ол қысқа, жалпақ сүйектер тұтасымен кемік заттан тұрады. Ұзын сүйектің диафиз бөлімдері тек қана қатты заттардан тұрады, сүйектердің қатты заттары үш қабаттан тұрады: оның ортаңғысы нағыз қатты, тығыз қабат деп аталады. Ал сүйекке мықтылық қасиеттер беретін остиондар болып есептеледі. Олар бір-біріне негізінен цилиндірлердің қатарынан тұрады. Остеон каналдардың ішіне нерв, қан тамырлары өтеді. Кезек сүйектер мен жалпақ сүйектер шабақшаларында, жілік сүйектердің эпифиздеріне қан түйіршіктері пайда ететін қызыл май,ал диафиздерінде жілік май болады.
...