Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Синаптикалық және синапстан тыс α- және β-адрено- рецепторлардың ынталануымен байланысты негізгі әсерлер

Автор:   •  Март 10, 2021  •  Контрольная работа  •  9,998 Слов (40 Страниц)  •  397 Просмотры

Страница 1 из 40

4.3. Кесте. Синаптикалық және синапстан тыс α- және β-адрено-

рецепторлардың ынталануымен байланысты негізгі әсерлер

α— адренорецепторлар

β-адренорецепторлар

Тамырларды тарылтады (әсіресе тері, бүйрек, ішек және тәждік және т.б. тамырларды)

Нұрлы қабаттың радиалды бұлшық еттерін тарылтады (мидриаз)

Ішектің моторикасы мен тонусын төмендетеді

Асқазан-ішек             жолдарының сфинктерлерін тарылтады

Өт қапшығын тарылтады Миометрияны тарылтады

Тамырларды кеңейтеді (әсіресе қанқа бұлшық еттердің, бауырдың, тәждік және т.б. тамырларды)

Жүрек жиырылуыныц жиілігі мен күшін жоғарылатады'

Бронхтардың  бұлшық  еттерінің тонусын төмендетеді

Ішектің моторикасы мен тонусын төмендетеді

Миометрияның тонусын төмендетеді Гликогенолиз

Липолиз

1 β3-адренорецепторларды белсендендіру жүрек қарыншаларының жиырылу күшін төмендетеді.[pic 1][pic 2]

Адренорецепторлар көмірсу және май алмасуды реттеуге қатысады. Оларды адреномиметиктермен қоздырғанда аденилатциклаза белсенеді, ол гликогеннің ыдырауын және май тіндерінен бос май қышкылдарының бөлініп шығуын шақырады.

Жаңа ашылған βэ-адренорецепторлардың шоғырланған маңызды жері -май тіндерінің адипоциттері. Бұл рецепторлардың тип тармағының агонистері май тіндерінде липолиз бен термогенезді ынталандырады.

β3-адренорецепторлар адренергиялық талшықтармен иннервацияланады. Олардың адреналинге қарағанда норадреналинге сезімталдығы жоғары.

β3-адренорецепторлар жүректе және тамырларда, ас қорыту жолдары мен қуықтың тегіс бұлшық еттерінде, қуық асты бездерінде және қанқа бұлшық еттерінде орналасқан. Олардың физиологиялық рөлі толығымен зерттелмеген.

β3-адренорецепторлардың агонистері семіруді, сонымен қатар қант диабетін кешенді емдеуде болашағы бар деп тұжырымдалады. Бұл топтың алғашқы препараттары клиникалық зерттеулерден өтіп жатыр.

Тіндерде α- және β-адренорецепторлардың сандық дәрежесі әр қалай. Мысалы, тері, бүйрек, ішек тамырларында және асқазан-ішек жолдарының сфинктерлерінде, көкбауыр трабекулаларында көбінесе α-адренорецепторлар

98

орналасқан. Жүректе, бронхтың бұлшық еттерінде және қаңқа бұлшық еттерінің тамырларында β-адренорецепторлар орналасқан. α- және β-адренорецепторлардың шоғырлануымен және қатынасымен олардың адренергиялық жүйкелерді тітіркендіру, сонымен қатар α- және β- адренорецепторларды қоздыратын адреномиметикалық заттардың әсерлері анықталады.

           Адренорецепторлардың құрылымы толығымен зерттелмеген. β- және

α2-адренорецепторлардың G-белоктары арқылы атқарушы жасушалардьң

мембранасында орналасқан және циклдық 3',5'-аденозинмонофосфатты

 (цАМФ) синтездейтін аденилатциклаза ферментімен қызметтес байланыста

деген көрсетулер бар. α1-адренорецепторлар С фосфолипазасымен байланысқан  G -белоктарын белсендендіреді.

Норадреналиннің адренорецепторларға әсері қысқа. Бұл синаптикалық саңылаудағы медиатордың 75-80%-на дейін адренергиялық талшықтар ұштарымен жылдам ұсталып (нейроналды ұсталу деп аталатын), әрі қарай оның қайта қорға жиналуымен түсіндіріледі.

Адренергиялық ұштарда бос норадреналиннің катаболизмі көбінесе митохондрияларда және везикула мембранасында орналасқан МАО ферментімен реттеледі. МАО әсерінен норадреналиннің тотығулық дезаминденуі жүреді.

Жүйке ұштарынан бөлініп шыққан норадреналиннің, сондай-ақ айналымдағы катехоламиндердің метаболизмі негізінен атқарушы жасушалалардың ферменті - катехол-О-метилтрансферазамен (КОМТ) іске асады. Бұл ферменттің әсерінен норадреналиннің О-метилденуі жүреді.

Медиатордың аз мөлшері атқарушы жасушалармен (тегіс бұлшық еттермен және т.б.) экстранейроналды ұсталуға түседі. Норадреналин экстранейроналды ұсталуда КОМТ және МАО қатысында жылдам метаболизмге түседі.

...

Скачать:   txt (162.3 Kb)   pdf (489.9 Kb)   docx (97.7 Kb)  
Продолжить читать еще 39 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club