Мен тұрған мекеннің табиғат жағдайы
Автор: Aitkali2002 • Октябрь 2, 2022 • Эссе • 335 Слов (2 Страниц) • 223 Просмотры
Мен тұрған мекеннің табиғат жағдайы.
Мен тұрған мекен Еуропа мен Азия құрлықтарының шекарасындағы,
Қазақстанның батысында орналасқан мұнайлы қала - Атырау. Қала Каспий
теңізімен шектесіп, Орал асты борлы тау сілемдерімен жалғасып жатыр.
Сонымен қатар қаланы Орал тауынан бастау алатын Жайық өзені кесіп өтеді.
Мұнайлы өлкемнің табиғат жағдайы өз ерекшеліктерімен назарға ие.
Аумақта континенттігі тым басым климат қалыптасқан. Өңірде табиғи
ылғалдылық жеткіліксіздігі есебінен ыстық, қуаң, не қара суықты ауарайымен, аңызақ желді не аязды желімен, жауын-шашын мөлшерінің
мардымсыздығымен, шаңды дауылымен ерекшеленеді. Негізінен Атырау
аумағы шөл және шөлейтті болып келеді. Жері тұзды, батпақты, саз бен
құмдардың қосылысынан тұрады. Басым көпшілігін сортаң топырақты
аумақтар алып жатыр.Топырақ жамылғысының құрылымы мен құрамы өте
күрделі болып келеді. Тұз және тағы да басқа қоспалардың көп мөлшерде
болуы ерекшелігінен қала маңында арнайы демалыс орындары бар. Облыс
маңында өзге аумақтарда өсе бермейтін ерекше өсімдіктер түрлерін
кездестіруге болады. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген ақтұңғиық,
сүттіген, күманды долана, тегеурінгүл секілді өсімдік түрлері, басқа да
дәрілік, техникалық өсімдіктер Атырау табиғатының ерекшелігі ретінде орын
алады. Жайық өзені бойында топырақты ажырақ, саразан, қамыс бойлай өссе,
ауданда шалғындық
...