Жүйке жүйесінің
Автор: sampo • Декабрь 18, 2021 • Реферат • 315 Слов (2 Страниц) • 242 Просмотры
Жүйке жүйесінің маңызды қызметі ағзада жүретін барлық биохимиялық процестерді реттейді.Адам миындағы күрделі маманданған клеткалар сырттан келген хабардың испульстерін қабылдап, одан қорытынды шығарады. Жүйке тінінің орталық функционалды жасушасы- бұл дендриттер мен аксондардың көмегімен байланысқан нейрондар болып саналады. Орталық жүйке жүйесі – адам мен жануарлардың жүйке жасушалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі.Нейрон немесе жүйкелік жасуша - мидың құрылымдық-қызметтік бірлігі. Нейрон құрамында төрт құрылым болады: торша тұлғасы-денесіне (сома), қысқа өсінділер – дендриттер, ұзын өсінді – дендрит немесе аксон ұшы немесе терминалдар. Нейронның аталған бөліктерінің әрқайсысы өзіне ғана тән қызмет атқарады.Жүйке тінінде жай және күрделі белоктар кездеседі. Олардың көп мөлшері үлкен жарты шарлар қыртысында,мидың ақ затында,жұлында,шеткі жүйке жүйесінде болады. Жай белоктардан нейроальбуминдер, нейроглобу-линдер,гистондар,склеропротеиндер кездеседі. Күрделі белоктардың өкілі-нуклеопротеидтер, липопротеидтер,гликопротеидтер,фосфопротеидтер,ли-понуклеопротеидтер,липогликопротеидтер. Жүйке тінінің белоктарын ерігіштігіне қарай бөледі. Сұр затында суда еритін белоктары көбірек, ал ақ затында мұндай белоктардың мөлшері тек 19процентті құрайды, ақ затында строма белоктары көп болаы. Жүйке тінінің ақуыздары көптеген функцияларды орындайды:
* құрылымдық (тірек) – нейроколлагендер;
* реттеуші (гормондар, нейротрофиндер);
* контрактілі-нейротубулин, нейростенин;
* жүйке жасушаларының адгезия
...