Жарқырауыш микроорганизмдер
Автор: Aidana080 • Апрель 16, 2018 • Реферат • 299 Слов (2 Страниц) • 1,090 Просмотры
Фотогенді бактериялар(жарқырауыш бактериялар).Бактерияның ең бір керемет физиологиялық топтарының бірі.Жарқырауға себеп болатын бактериялар.Еттер немесе еттен жасалған тағамдардың жарқырауын туғызады.Олар теңізде өмір сүретін көптеген балықтардың ішіне еніп олардың жағада жарқырауына себепші болады.Тіпті кейбір түрлері балықтарды тұрғылықты мекеніне айналдырып,симбионт болып жарық көзі ретінде өмір сүреді.Көптеген бөлігі анаэробы болып келеді.Бактериялардың жарқырауы тек белгілі бір температурада болады.Суық мұхиттарда тіршілік ететін бактериялар салыстырмалы түрде салқын температураны қолайлы көреді.Бактериялардың жарқырауы үшін белгілі бір химиялық,физикалық шарттар керек.Бактериялардың жарқырауы оның түсімен және қанықтығымен айырмашылықта болады.Олар өздерінің өмір сүруін тоқтатқанда жарқырауы да тоқтайды.Бактериялар өмір сүріп жарқырамауы мумкін,ал өлген бактериялар ешқашан жарқырамайды.Оттегінің болуы және физикалық,химиялық факторларға бактерияның тыныс алы мен жарқырауы тәуелді болып келеді.Жарқырау процесі тыныс алу кезіндегі энергияның бір формасы.Барлық тірі организмдер тыныс алганымен ,олардың барлығы жарқырай алмайды.Жарқырау кейбір организмдердің,соның ішінде микроорганизмдердің спецификалық физиологиялық ерекшелігі болып табылады.Өсудің және жарқыраудың оптималды температурасы 15-18ºС,натрий хлоридтың кездесуі 3%.Жарқырауыш бактерияларға-коккалар,вибриондар және т.б жатады.Ең белгілі түрі-Fotobacterium phosphoreum ,қозғалмайтын кокка таяқшасы,28ºС өмір сүруге беймді,30ºС-тан асып кетсе өмір сүруін тоқтатады.Фотогенді бактериялардың өмір сүруі ортаның концентрацисы төмен болса тежеледі.
...