Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жануарлар организміне судың маңызы

Автор:   •  Апрель 11, 2020  •  Реферат  •  1,693 Слов (7 Страниц)  •  2,877 Просмотры

Страница 1 из 7

Жоспра

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Жануарлар организміне судың маңызы
  2. Су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары
  3. Су мен электролиттер алмасуы бұзылыстарының түрлері, себептері мен даму жолдары.
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Біздің планетамыздағы тірі жәндіктердің денесінің үштен екісі судан тұрады, өсімдік организмінде де, жануарлар организмінде де судың мөлшері едәуір жоғары, су болмаса олар тіршілік етпейді.

Су дегеніміз негізгі биологиялық сұйықтық. Су организмге үш сұйық күйінде кездеседі: клетка ішінде, клетка сыртында және трансцеллюларлық. Оның ең көп мөлшері клетка ішінде жиналады (40 – 50 пайызы). Клетка сыртындағы суға қан плазмасы, клетка арқылы сұйық және лимфа жатады. Трансцеллюралық сұйық ішек қарын жолындағы, перикардтағы, плеврадағы, құрсық қуысындағы, көз ішіндегі, буын қалтасындағы тамырлардан кілегей қабат арқылы бөлінген.

Ұлпалардағы су құрамының ондағы зат алмасудың белсенділігімен тығыз байланысы бар. Мәселен, мида – 86%, бүйректе – 80% су болады. Жануарлар организміне су азықпен бірге, су ішкенде және органикалық заттардың клетка ішінде ыдырау есебінен пайда болады (метаболикалық су). Судың көбісі теріде, дәнекер ұлпада, бұлшық еттерде болады. Олар су қоры міндетін атқарады. Тері су алмасуда зор роль атқарады, сондай ақ организмді температураның кездейсоқ өзгеруінен қорғайды. Диффузия мен терлеудің нәтижесінде эпидермис арқылы су бөлінеді, организмнің зәр бөлуін азайтады. Жануарлар судың тапшылығына шыдамсыз келеді. Организмдегі су 20% кемісе ол өледі. Олар, әсіресе төл организімі аштықтан көрі шөлге шыдай алмайды. Жануарлар ашыққанымен су беріп отырса майының, көміртегі мен белоктардың 50%  жоғалтқанымен 30 – 40 тәулік тіршілік ете алады.  Ал су бермесе 4 – 8 тәулік ішінде ақ өліп қалады.

Шөлдеу организмді интокацияға ұрындырады. Себебі, бауыр, бүйрек, қан құрамында айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Белоктарда жылдам ыдырай бастайды.

Су жетпесе органдар мен ұлпалардың шөліркеп зат алмасу бұзылады, сүтқышқылының мөлшері өсіп тотығу процессі төмендейді, қанның ұйюы артып, дене қызуы көтеріледі, тыныс алуы жиілейді, ас қорыту бездерінің секрециясы азайып, тәбеті төмендейді және өнімділігі күрт кемиді.

Организмде су көбейген кезде электролиттер айтарлықтай көбейіп кетеді, соның салдарынан клеткалар зақымданады. Сөйтіп организм суға уланады. Шамадан тыс тұтынылған су қан және басқа клеткаларға өтіп оларды ісіндіреді. Қан қысымы артады, ішекті сумен тым артық араласқан азықты организм нашар сіңіреді. Сақа мал рационында су шамадан тыс көп болса, олардың өнімділігі көтерілмейді, керісінше төмендеп кетеді. 1кг сүт өндіру үшін (азықпен бірге түсетін суды қоса есептегенде)  4 – 5 л су жұмсалады.

Организмдегі бүкіл процесс (ассимиляция, диссемиляция, резорбция, диффузия, осмос және т.б.)  органикалық және неорганикалық заттардың судағы ерітіндісі күйінде өтеді. Су тірі материяның басқадай компонеттерімен қосылысқа түсіп отырады.

Ас қорыту, асқазан ішек жолдарында азықтың қорытылу процестері тек сұйық, сулы ортада ғана өтеді. Су тотығу, гидролиздеу және басқа да алмасу рекацияларына тікелей қатысады.

Ол зат алмау кезінде құрылған түрлі зиянды заттарды организмнен шығару үшін де қажет. Ішекке су организмге ас қорыту жолы арқылы түсіп, одан қан және лимфа мен ұлпа арқылы кеңістікпен ұлпаға барады. Осымен бір мезгілде ас қорыту каналдарының ең басты аш ішектің, кейде тоқ ішектің қабырғаларында су ас қорыту сөлімен бірге қайта сіңіріледі. Осылайша су екі бағытта жүреді.

Су малдың кейбір індетті, вирустық және инвазиялық аурулардың таралуында үлкен роль атқарады. Ондай ауруларға топалаң, бруцеллез, тулеремия, пастереллез, сольмонелллез, лептосироз, маңқа, аусыл және көптеген паразит аурулары жатады.

Кейбір жануарларда метаболитті су (өзгергіш су) түзуге бейімділік, яғни несеп пен нәжістің бөлінуі кезінде суды үнемдеу, организмнің сусыздануға төзімділігінің дамуы сияқты су алмасуды реттеуге деген бейімделушіліктер пайда болған. Құрғақшылық жерлерде тіршілік ететін жануарлардың сусыздануға төзімділігі жоғары болады. Адам үшін дене салмағының 10% -ынан асып түсетін суды жоғалту қауіпті, қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін. Түйелер — 27, қойлар — 23, иттер 17%-ға дейін судың жоғалуына төзімді.

...

Скачать:   txt (25.7 Kb)   pdf (120 Kb)   docx (16.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club