Дәрілік өсімдіктер
Автор: Daulettlepov05 • Июнь 28, 2020 • Реферат • 1,709 Слов (7 Страниц) • 692 Просмотры
ҒЗЖ
Тақырыбы: «Дәрілік өсімдіктер»
Жоспар
1.Дәрілік өсімдіктер
2.Дәрілік өсімдіктердің түрлері
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Әдетте өсімдіктің осындай заттар көп жиналған бөліктері дәрі ретінде пайдаланылады. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б.түрінде қолданылады, дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Қазақстанда жасалынатын барлық емдік заттардың 30% - дан астамы өсімдіктерден алынады. Дәрілік шөптермен, сондай-ақ синтетикалық медициналық препараттармен емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. Төменде анағұрлым кең тараған дәрілік өсімдіктер беріліп отыр.
Айыр, андыз тамыр – жабайы өсімдік. Қазақстанда өседі. Тамыр сабағы асқазанның жараланған ауруларын емдеу үшін қолданылатын (викалин, викаир) комплексті препараттар әзірлеуге шикізат ретінде алынады. Тамыр сабағының ұнтағы, спиртті ащы тұндырмасы тәбет ашады және ас қорытуды жақсартады, іріңдеген сыртқы жараларды жазу үшін пайдалы. Андыз тамырының тоқ ішек пен өт қалтасы қабынғанда жақсы емдік қасиеті бар. Айыр майы «Олемитин» препаратының құрамына кіреді, бұл дәріні өт қалтасы мен бүйрекке тас байланғанда қолданады.
Ақбас жусан, кәдімгі мыңжапырақ – жабайы өсімдік. Қазақстанда өседі. Гүлденген шөбінен жасалған дәрілер гастритпен ауырғанда ауруды қабындырмау үшін, тәбет ашу, сондай – ақ қан тоқтату үшін қолданылады.
Ақтікен, биік ақтікен – жабайы өсімдік. Емдік қасиеттері женьшень препараттарына жақын. Тамырынан жасалған
дәрілер (спиртті тұнба, ұнтақ ) қанның артериялық қысымы төмендегенде, қалжырағанда, жүйке шаршағанда адамды
әлдендіру үшін қолданылады.
Алоэ, ағаш тәрізді алоэ – жабайы және Қазақстанда қолдан өсірілетін өсімдік. Жас жапырақтарынан алынған шырынымен сыртқы іріңді жараны,күйікті,терінің қабыну ауруларын
емдейді. Алоэның шырыны (тамақ алдында жарты сағат бұрын
бір шай қасықтан күніне 2-3 рет) озылмалы іш қату ауруларына
да қолданылады. Алоэ жапырақтарынан алынған
экстрактымен (спиртті сығынды)көз ауруларын, асқазанның
ойық жараларын т.б. ауруларын емдейді. Алоэден дайындалған биостимулятор препараты ауру ағзаның қорғаныс
функцияларын күшейтеді. Кептірілген сығындысынан (сабур) алынған спиртті тұндырмасы немесе құрғақ экстрактының көп мөлшері іш жүргізетін дәрі ретінде қолданылады. Сондай-ақ асқазанның тамақ сіңіру
жұмысын жақсартады және тәбет көтереді.
Аралия, маньчжур аралиясы – жабайы өсімдік.Оның
тамырынан спиртті тұндырма және «сапарал» препараты дайындалады.Емдік қасиеттері жөнінен женьшень
препаратына жақын, орталық нерв жүйесін сергітеді, ағзаны әлдендіреді. Аралия препараттарын дәрігердің бақылауымен
ғана қолданады.
Арша, кәдімгі арша – жабайы өсімдік. Қазақстанда өседі. Жемісінің тұнбасы несеп айдайтын дәрі ретінде қолданылады. Сонымен қатар ас қорытуды жақсартады, қақырық түсіруге пайдалы.
Асқабақ–қолдан өсірілетін өсімдік.Қабығынан тазартылған (кілегей қабығымен бірге) тұқымы ішек құртына қарсы (қоймалжың, қайнатынды түрде) қолданылады.Асқабақтың жемісінен (ұрығынан) каротин алынады.
...