Глоссарий по "Биологии"
Автор: Lucreciashan • Ноябрь 6, 2020 • Лекция • 527 Слов (3 Страниц) • 418 Просмотры
Страница 1 из 3
- Микроорганизмдердің клетка цитоплазмасында әртүрлі пішінді әртүрлі көлемді түйіршіктер көптеп кездеседі.
- Олар клеткада тұрақты түрде кездеспейді.
- Олардың тіршілік ортасының физикалық және химиялық жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.
- Олар клетка тіршілігі үшін маңызды құрылымдар емес.
- Клеткада болуыда, болмауыда мүмкін.
- Олардың табиғаты және атқаратын қызметтері әртүрлі болады.
- Қор заттары цитоплазмада жинақталатын метаболизм өнімдері.
- Бұларды микроорганизмдер қоректік заттар ретінде пайдаланады.
- Қор заттарына полисахаридтер (гликоген және крахмал), липидтер (поли - -оксимай қышқылы), полифосфаттар (S, валютин) және т. Б жатады.
- Қор заттарының табиғаты микроорганизмдердің түріне және дақылдау жағдайларына байланысты болады.
- Микроорганизмдерде қор заттарының бір, екі немесе бірнеше түрі кездесуі мүмкін.
- Мысалы,E.coli да гликоген көп жинақталады,
- Ал Bacillus megaterium клеткасында гликоген және поли - -оксимай қышқылы жинақалады.
- Ал Chromatiumokenii клеткасында полисахаридтер, полифосфаттар, поли - -оксимай қышқылы және күкірт болады.
- Қор заттары микроорганизмдердің қалыпты жағдайында егер қоректік ортада көп болса жинақталады, ал қолайсыз жағдайларда микроорганизмдер сол қорын пайдалана бастайды.
- Гликоген полисахарид. Крахмалға ұқсас D глюкозаның қалдықтарынан тұрады.
- Олар 1,3 гликозидті байланыспен байланысады.
- Люгольмен бояу кезінде олар қызыл күлгін түске боялады.
- Гликоген көбінесе ішек таяқшаларында, сарциналарда, бациллаларда кездеседі.
- Гранулеза крахмал тәрізді зат.
- Олар анаэробты споралы бактериялар кластридияларда жинақталады.
- Қоректік ортада көміртек құрамды заттар азая бастаған кезде, гликоген немесе гранулездар бактерия клеткаларынан толығымен жойылады.
- Липидтер түйіршік түрінде жинақталады.
- Олар окси май қышқылының полиэфирлары,
- Олардың мономерлері бір бірімен күрделі эфирлі байланыспен байланысады.
- Бұлардың диаметрі 200-800 нм ге дейін,
- Белоктық мембранамен қапталған,
- Судан III ерітіндісімен сарғыш қызыл түске боялады,
- Ал судан қарамен қара түске боялады.
- Олар клеткада 80% дейін жинақталуы мүмкін.
- Валютин кейбір бактериялардың клеткасында түйіршік түрінде жинақталады.
- Валютин ең алғаш рет Spirillum Volutans клеткаларынан табылған,
- Валютин атауы осыдан шыққан.
- Валютин түйіршіктерінің мөлшері 0,1-0,5 мкм. Көмірсулар және фосфор көп болғанда жинақталады және фосфор энергия қызметін атқарады.
- Цианофицинді түйіршіктер.
- Бұл цианобактерияларда кездесетін қор заты. Аспарагин қышқылы мен аргининнен тұратын полипептидтерден тұрады.
- Ол клеткада азоттың қор заты ретінде болады.
- Азот көзі азайғанда олда клеткадан жойылып кетеді.
- Күкірт метаболизмі күкірт қосылыстарымен байланысты бактерияларда жинақталады.
- Олар клеткада мөлдір жартылай сұйық тамшы ретінде болады.
- Күкірт сутекті тотықтыратын тионды бактерияларда S энергия көзі болып табылады.
- Ал фототрофты күкіртті бактерияларда күкірт электрон доноры ретінде пайдаланылады.
- Бұл микроорганизмдер клееткаларында кездесетін қор заттар.
- Гликоген көмірсу түйіршіктеріне (полисахаридке) жатады.
- Гликогенді Люголь ерітіндісі арқылы бақылайды.
- Заттық шынының бетіндегі клетканың сұйықтығының тамшысына Люголь ерітіндісін қосады.
- Гликоген заттарының түйіршігі көк түске боялады.
- Гликоген ашытқыларда Люголь ерітіндісімен өңдегенде оңай көрінеді.
- Май түйіршіктерін бақылау.
- Бактериялар клетка ішінде липидтердің қоры ретінде поли - -оксимай қышқлыдарын жинақтайды.
- Ол үшін клеткаларды лиофильді қара судан немесе судан III бояуымен бояйды.
- Бактериялардың клеткасынан жұқа етіп клетка жұғындысын дайындап, ауада кептіреді және оттың жалынында бекітеді.
- Оның үстінен суданның ерітіндісін тамызадыда препаратты сүзгі қағазымен кептіреді де ксилолмен түссіздендіреді.
- Түссіздендіру уақыты 1минут, тяганың астында жүзеге асырылуы тиіс.
- Поли - -оксимай қышқылдары қара түске, ал клетканың қалған бөлігі қызғылт түске боялады.
- Крахмалда көмірсу түйіршіктеріне (полисахаридке) жатады.
- Крахмалдыда гликоген секілді Люголь ерітіндісі арқылы бақылайды.
- Заттық шынының бетіндегі клетка сұйықтығы тамшысына Люголь ерітіндісін қосады.
- Крахмал тәрізді заттардың түйіршігі гранулездер гликоген секілді көк түске боялады.
- Бактериялардың арасында гранулеза Clostridium туысының өкілдерінде болады.
...
Доступно только на Essays.club