Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептері

Автор:   •  Июль 12, 2022  •  Статья  •  1,650 Слов (7 Страниц)  •  1,198 Просмотры

Страница 1 из 7

«А.Байжанов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

                           Келісемін                                                                                                                Бекітемін

                           Мектеп ДӘІЖО                                                                                                     Мектеп директоры:

                           ___________Ж.Баймолдина                                                                                 _____________А.Сулейменова

                          «__»_____2022жыл                                                                                                «__»_____2022жыл

Ашық сабақ

Пәні: Биология

Тақырыбы: Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептері.

Cынып 8 «А»

Мерзімі: 17.02.2022ж   09.40

Мұғалім:Тезекбаева Карлыгаш Толешовна

2021-2022 оқу жылы

ДӘІЖО___________    

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«А.Байжанов атындағы орта мектеп» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. Сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алу шаралары.

(Сабақ тақырыбы)  

Бөлім:

«Қозғалыс. Биофизика»

Педагогтің аты-жөні:

Тезекбаева Карлыгаш Толешовна

Күні:

17.02.2022        

Сыныбы: 8 «а»

Қатысушылар саны:                                                            Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. Сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алу шаралары. §36. Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. Олардың алдын алу шаралары.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.6.7 - гиподинамия салдарын атау;

8.1.6.8 - сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықты сипаттайды;

Кейбір оқушылар: гиподинамия, сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себебі мен салдарын анықтайды;

Көпшілік оқушылар: сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алу жолдарын ұсынады;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5-мин

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып тәртібін қадағалау.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Менен бір мотивациялық сөз» атты психологиялық ахуал туғызу.

(Оқушылар ұстазымен амандасады. Сынып тәртібін сақтайды, мотивациялық сөздер айтады.)

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе мотивациялық тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне мотивациялық сөздер айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Мотивациялық сөздер

Арманда!

Сенім арт!

Өзіңді жетілдіре біл!

Қол жеткіз!

Жаңалық аш!

Жеңе біл!

Тек қана алға жылжы!

Өзіңді тыңда!

Қағидадан бас тарт!

Жаңа сабаққа кіріспе

Мағынаны білу

5-мин

«ҰБТ ойыны»  әдісі арқылы өткен тақырыптар бойынша білімдерін жинақтау;

1. Сүйектің қабығы қай ұлпаға жатады.

а) май ә) дәнекер б) жүйе  в) жабын

2. Жалпақ сүйектер

а) қабырға ә) жауырын б) жамбас в) шынтақ

3. Адамның сүйек саны

а) 300 ә) 100 б) 200 в) 50

4. Мойын омыртқалар саны

а) 8 ә) 5 б) 7 в) 10

5. Сүйекке қаттылық беретін зат

а) Ақуыз  ә) Көмірсу б) Май в) Тұз

6. Сүйектің өсуімен дамуына әсер ететін без

а) гипофиз ә) қалқанша без б) бүйрек үсті безі в) ұйқы безі

7. Мешел ауруы қандай химиялық элементтің ішекке сіңбеуінен пайда болады?

а) Калий ә) Натрий б) Кальций в) Темір

8. Жамбас сүйектің қай типіне жатады?

а) Ұзын ә) Қысқа б) Жалпақ в) Жіңішке

9. Сүйектің өсуімен дамуын реттейтін дәрумен

а) А ә) В б) С в) Е

10. Сүйектегі қан түзілетін орындар

а) Сары түсті ә) Қызыл түсті б) Жілік майы в) Сүйек ұлпасы

(Үй тапсырмасына берілген тақырыптар бойынша тест арқылы білімдерін толықтырып, тест тапсырмаларын орындайды;)

Мақсаты: Функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

презентация

[pic 1]

Сабақтың ортасы мағынаны түсіну

[pic 2]

5-мин

«Айырмашылығы неде?» әдісі арқылы  жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау.

[pic 3] [pic 4]

(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген сурет бойынша ой қозғау арқылы жаңа сабақты байланыстырады;)

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

презентация

салыстырмалы сурет

[pic 5]

Сабақтың ортасы

Мағынаны қолдану

[pic 6]

10-мин

Оқушыларды 4-топқа бөлу. Әр парақта оқушылардың есімдері жазулы, топқа бөулі болады. 1-топ, 2-топ, 3-топ, 4-топ

«Жаса. Анықта. Сипатта» әдісі. Әр топтан бір оқушы жасырулы тұрған тақырыпты таңдап алады.  

(әр топ берілген тақырыптары бойынша модель, көрініс, жаттығу жасайды, тақырыптың себептерін анықтайды және атайды, берілген тақырыптың маңызын сипаттайды)

«Гиподинамия»  

(көрініс жасау, егерде.....себебін анықтау, маңыздылығын сипаттау)

«Жалпақтабандылық»

(модельін жасау, егерде.....себебін анықтау, маңыздылығын сипаттау)

«Омыртқа жотасының қисаюы: сколиоз,

лордоз , кифоз»

(көрініс жасау, егерде.....себебін анықтау, маңыздылығын сипаттау)

«Қозғалыс, ол - өмір!»

(көрініс жасау, егерде.....себебін анықтау, маңыздылығын сипаттау)

(Әр топ және топ мүшелері өздеріне берілген тапсырманы орындайды. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, әр топқа берілген тақырып модельін, көрінісін, жаттығу түрін жасайды, себебін анықтайды, тақырып маңыздылығын сипаттайды; )

[pic 7]

ФБ: «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, А3 форматты қағаздар, пластилин, маркер, сым темірлер, стикерлер

[pic 8]

[pic 9]

Сабақтың ортасы мағынаны талдау

5-мин

[pic 10]

Оқушыларға жалпылама төмендегі талдау тапсырмасы беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

1.«Бүкірлік»   2.«Сымбаттылық» 3.«Дене тәрбиесі»

«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға  қатысты мынандай сұрақтарға ауызша жауап беруді тапсырады:

1.Қайда? Бұл терминдерді  сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

2.Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

3.Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.

Мұғалімнің сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақта тақырыпқа байланысты өзгертіп отыруы тиімді.

(Әр топ оқушылары өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы  орындайды;)

[pic 11]

ФБ: «Бас бармақ» тәсілі

Барлығын түсіндім...

Енді түсініп келемін....

Түсінбедік.....

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

[pic 12]

Сабақтың ортасы мағынаны жинақтау

5-мин

[pic 13]

Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау  тапсырмасы беріледі.

«Ойланып, жауап бер!»

1. Ардақ үнемі шелекті оң жағымен көтеріп су тасиды. Ол қандай аурумен ауыруы мүмкін? Ойыңды дәлелде.

2. Алыстан көзі көрмеушілікпен ауыратын және көзілдірік кимейтін адам, қандай аурумен ауыруы мүмкін? Ойыңды дәлелде.

3. Адамның жүрісі дене сымбатымен де байланысты деген дұрыс па? Ойыңды дәлелде.

4. Жанар сабаққа анасының биік өкшелі аяқ киімін киіп келді. Біраз уақыттан кейін аяғы ауырып, жүруден қалды. Неге деп ойлайсың?

(Әр топ оқушылары өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы  орындайды;)

[pic 14]

ФБ: «Өзін-өзі бағалау»

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

[pic 15]

Сабақтың ортасы мағынаны бағалау

5-мин

Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін АКТ арқылы жүзеге асырылады. Білім лэнд, онлайн мектеп платформасы арқылы оқушыларды бағалау:

[pic 16]

Бағалау критерийі:

-сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықты сипаттайды;

-гиподинамия, сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себебі мен салдарын анықтайды;

-сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың алдын алу шараларын ұсынады;

«ҚБ»

Дескриптор:  

-кеуде аймағындағы омыртқаның қисаюын анықтайды -1 балл;

-тар және тығыз аяқ киім киюдің сколиозға ықпалын сипаттайды -1 балл;

-сколиоз кезінде адамның омыртқа жотасының қисаю түрін және алдын алу шарасын анықтайды -1 балл;

-гиподинамияның алдын алуға көмектесетін шараны ұсынады -1 балл;

-сымбаттың бұзылуына әсер етуші факторларды түсіндіреді -1 балл;

-дене сымбатының бұзылуы мен оның алдын алу шаралары бойынша үш жалған тұжырымды анықтайды -1 балл;

-дене сымбатының бұзылу себептерін анықтайды -1 балл;

-әр ағзаның бұзылу сипатын салдары бойынша сәйкестендіреді -1 балл;

-тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықтайды -2 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, ұялы телефондар.

https://onlinemektep.org/schedule/17.02.2022/lesson/81b4b114-9da6-4f3c-a964-0e6bb0de9c02

Сонымен қатар

1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Кері байланыс

5-мин

[pic 17]

«Шульманның үш көмекшісі»  әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін,  өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды  «Мұғалімнің мадақтауы» әдісі арқылы бағалайды.

Жарайсыңдар!

Бүгін сабаққа белсенді қатыстыңдар!

[pic 18]

...

Скачать:   txt (18.4 Kb)   pdf (749.1 Kb)   docx (629.6 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club