Гигиенаға кіріспе
Автор: Gumi90 • Сентябрь 19, 2023 • Лекция • 1,253 Слов (6 Страниц) • 103 Просмотры
№7 дәріс Гигиенаға кіріспе
Жоспар :
1-бөлім- Кіріспе, Гигиена оның мақсаттары, маңызы, ролі.
2-бөлім – Санитарлық бақылау, гигиеналық зерттеу әдістері.
3-бөлім – Гигиенаның негізгі бөлімдері.
1-бөлім- Кіріспе, Гигиена оның мақсаттары, маңызы, ролі.
Гигиена - негізгі профилактикалық пән ретінде медицинада маңызды орын алады. Ол алдын алу бағытының бірінші кезектілігімен ерекшеленеді.
Қазіргі таңда ғылыми-техникалық дамуға байланысты гигиенаның қойған мақсаты көбейіп, күрделене түсті. Ғылыми-техникалық дамудың жетістіктері адамды жұмыспен камтып, бір жағынан жақсы әсер етсе, яғни материалдық жағдайьш жақсартса, екінші жағынан атмосфералық ауаны, топырақты, суды әр түрлі зиянды заттармен ластап,оның денсаулығына теріс әсер етеді.
Адамға тек табиғи факторлар әсер етіп қоймайды, сонымен қатар қоршаған ортаның химиялық, биологиялык, физикалық факторлары, әлеуметгік ортаның калыптасуы мен антропогендік факторлардың бір-тұтас кешені әсер етіп жатқан қазіргі кезенде гигиенаның маңыздылығы бұрынғыдан да асып түсті. Осыған байланысты орта медицина қызметкерлері үшін өзінің кәсіптік жұмысында гигиеналық сауаттылық айрықша маңызды, өйткені олардың күнделікті жұмысы, аурухана жағдайында болсын, өнеркәсіп кәсіпорындарында болсын түрлі факторлардың әсер сипатын біліп, аурудың пайда болуын анықтауға, дәрігерге дейінгі көмекті дұрыс көрсетуге және алдын алу шараларын дүрыс жүргізуге мүмкіндік береді. Аурулар үшін емдік сауыктыру режимін, медициналық қызметкер үшін қолайлы жұмыс жағдайын, ауруханаға қойылатын санитарлық талаптарды білудің де маңызы зор. Оларды сақтау ауруды дұрыс емдеуге, ауруханаішілік инфекцияны болдырмауға және медицина қызметкерлерінің ауыруының алдын алуға ықпал етеді, сонымен қатар гигиеналық білімдер - орта буынды медицина қызметкерлерін әлеуметгік және табиғи жағдайлардың адам денсаулығына калай әсер ететінімен салауатты өмір салтының адам денсаулығы үшін маңыздылығымен таныстырады. «Урбанизация» процесіне, яғни қалалардың өсіп, ол жерде адам санының көбеюіне байланысты қалаларда өмір сүру жағдайының нашарлауы, атмосфералық ауаның, топырақтың, судың өндірістік мекемелерден және автокөліктерден шыққан зиянды затгармен ластануы, қалада шудың көбеюі, жарақаттанудың көбеюі байқалады.
Гигиена адам денсаулығын қорғау саласында теориялық және клиникалық пәндердің мәліметтерін біріктіретін медицина ғылымдарының профилактикалық бөлімдеріне жатады.
Гигиена дегеніміз қоршаған ортаның, яғни топырақтың, судың, ауаның, тамақтың адам ағзасына әсерін зерттейтін ғылым.
Гигиена пәнінің алдына койған міндеті - аурудыц алдын алу шараларын анықтап, оны іске асыру.
Гигиена пәні - негізгі алдын алу пәні болғандыктан, оны барлық медицина мамандары білуі кажет. Гигиена медицина қызметкерлеріне адамдар арасында санитарлық ағарту ісін дұрыс жүргізу, балалардың күн тәртібін дұрыс кұру үшін, тамақтануды дұрыс ұйымдастыру, ауру адамдардың қалай тамақтануы керек екендігі туралы дұрыс ақыл-кеңес беру үшін және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу үшін өте қажет.
Санитария - гигиена ғылымының мақсатыи тәжірибе жүзінде іске асырады.
XIX ғасырда гигиена кеңінен дами бастады жэне оның дамуына көптеген сол кездегі ғалымдар Н.И Пирогов, С.Г Боткин, Г.А Захарин, А.А Остроумов ыкпал етті. ССРО -да гигиенаның негізін қалаушы ғалымдар: А.П Доброславин, Ф.Ф. Эрисмаи, Г.В. Хлопин.
Гигиенаның Қазақстанда дамуы
Қазіргі кезде Қазақстанда өз алдына гигиена мектебі бар. 1932 жылы Алматы қаласында республикада бірінші медициналық институты ашылып, сол жылы гигиена кафедрасы да ашылды. Оның негізін қалаушы Қазақстандағы санитарлық кызметті бірінші ұйымдастырушылардың бірі Попов Н.П. болды. Кейінірек Қазақстан өлкелік патология ғьшыми зерттеу институты (қазір гигиена жэне эпидемиология ғылыми орталығы), Қарағандының мемлекеттік медицина институты, Қазақ еңбек физиологиясы мен гигиенасы ғылыми зерттеу институты, тағамтану ғылыми зерттеу институты ұйымдастырылды, оларда гигиена ғылымдарының барлық бөлімдері бойынша әр түрлі жоспарлы зерттеулер жүргізілді. 1935 жылы Кеңестік Советтік Республикалар Одағында Бас санитарлық инспектор басқаратын Отандық мемлекетгік санитарлық инспекцияны құру туралы қаулы бекітілді. Осындай қызметтер басқа да одактык республикаларда кұрылды. Академик Т.Ш.Шарманов біздің елімізде тағам гигиенасының дамуына, гигиенистер мектебін құруда және бұл саланың дамуына бағажетпес еңбек сіңірген. Шарманов Т.Ш. — медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей медицина ғылымдарының және ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ тағамтану академиясының және профилактикалық медицина акдемиясының президенті. Т.Ш.Шарманов 350 басылымның авторы, оның ішінде 23 монография және 37 өнертабысы бар.
...