Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биология пәнін оқыту әдістерінің қысқаша тарихы

Автор:   •  Май 10, 2024  •  Лекция  •  7,161 Слов (29 Страниц)  •  126 Просмотры

Страница 1 из 29
  1. Дәріс жоспары

1. Биология пәнін оқыту әдістерінің қысқаша тарихы.

1.2.Пәннің мақсаты мен міндеті.

1.3.Биология пәнін оқытудың бүгіні мен болашағы

        Биология ғылымының басқа салалары сияқты биологияны оқыту әдістері де педагогика ғылымына жататын пән болып есептеледі. Мектептегі оқу пәні ретінде оның да өзінің даму тарихы бар. Ал осыдан 200 жыл бұрын басталған деп айтуға болады. Осы пәннің құрылуына, пайда болуына көптеген ғылыми-биологтар, әдіскер мұғалімдер үлкен үлестерін қосты. Көптеген оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарын дайындап, жарыққа шығарды. Сондықтан оның даму тарихын айтқанда, қымқаша, тек кейбір басты-басты негізгі проблемаларына тоқтай отырып, осы пәннің дамуына, қалыптастырып, өз аяғына тұруына үлестерін қосқан, ірі тұлғалардың еңбектеріне тоқталғанды жөн көрдік. Биологияны оқыту әдістерінің алғашқы даму тарихы XVIII ғасырдың соңғы жылдарынан басталады. Жаратылыстану пәнінен алғашқы оқулықты жазған ғалым В.Ф.Зуев (1786). Оқулықта оны оқу әдісі бойынша жаратылыстануды біржүйелікпен, қарапайымнан күрделік бағытына қарай оқыту айқындалады:

        Қазба байлықтар патшалығы (өлі табиғат),

        Күн өткізуші патшалық (ботаника),

        Жануарлар патшалығы (зоология).

        Сондықтан да В.Ф.Зуевтің бұл оқулығы ең бірінші оқу пәні ретінде жаратылыстану пәнінің ең бірінші бастамасы болып есептеледі.

        Сондықтан да В.Ф.Зуев XVIII ғасырдағы жаратылыстану пәнін ең алғашқы негізін салушы және оны бірінші оқу жүйесіне енгізуші деп есептеледі.

Осы кездерде биология ғылымында өсімдіктер мен жануарлардың жүйесін жасау кең өріс алды. Соған орай К.Линнейдің «Табиғат жүйесі» деген еңбегі жаратылыстану пәнін үйренуге үлкен ықпалын тигізді.

1809 жылы В.Ф.Зуевтің оқулығы А.М.Теряевтің «Ботаникалық философияның бастапқы негізі» деген оқулықпен алмастырып, барлық оқу орындарына енгізіле бастады. Оқулықтың мазмұны негізінен ботаникалық терминдердің жинағы еді. Сонымен қатар кейбір діни қағидалардың да сипаттары берілген. Кейіннен И.И.Мартынов өзінің «Үш ботаника» деген оқулығын дайындап жарыққа шығарды. Бірақ оқулықтың әдістемелік жағынан кемшіліктері болды.

А.Я.Гердтің тағыда бір жұмыстарының бірі индуктивтік және дедуктивтік ойлау әдістерін қолдана отырып, оның біртұтастығын мақұлдаған болатын.

А.Я.Герд Ресейдегі Ч.Дарвин ілімінің уағыздаушыларының бірі. Ол Ч.Дарвиннің «Жануарларды қолға үйрету және өсімдіктерді қолдан өсіру» атты еңбегін орыс тіліне аударып, Дарвин ілімін негізге ала отырып, мектепке арнап зоология пәнін құрастырды. Сонымен бірге А.Я.Герд бастауыш мектептерге арнап жаратылыстанудың жаңа курсы «Өлі табиғат» және оған қосымша «Мир божий» атты оқулық және оқушыларға арнап, оқу-әдістемелік құрал «Пән сабағы» атты еңбектерін жазып шықты.

Биология пәнін оқыту методикасы, дамуындағы басты роль атқарушы профессор Борис Евгеньевич Райков (1880-1966) болды. Ол сабақ беру әдістерінің проблемалары және оның даму тарихын зарттеу, және зоология оқулығының авторы. Ең бірінші рет биология пәнін оқытудағы арнаулы кабинеттік жүйелікпен өткізуді насихаттаушы.

40 жылдары биология ғылымының дамуында айтарлықтай өзгерістер болды. Атақты ғалымдар И.И.Шмальгаузен, Н.П.Дубинин, С.С.Четвериков және көптеген шет ел ғалымдары Ф.Добржанский, Г.Симпсон, Дж. Хаксли, Э.Майер басқада ғалымдардың қосқан еңбектерінің нәтижесінде эволюцияның синтетикалық теориясы қалыптасты. Сонымен қатар сол кездегі кең түрде таралған В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімінің, Н.В.Сукачевтің биогеоценоз туралы ілімдері, мектеп биология пәнін оқытудағы эколого-эволюциялық бағыттар бойынша дәріс беруді басты мақсат етіп қойды.

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Верзилин Н.М., Корсунская В.М. «Общая методика преподавания биологии» М: Просвещенное, 1983

2.Торманов Н. Абшенова Л. «Биологияны оқыту әдістері» Алматы, 1998

3.Күлиев А.В. «Общая биология цели и задача урока» Санкт-Петербург.: «Паритет», 2001

2Дәріс

Биологияның білім берудегі ролі

2Дәріс жоспары

2.1.Биологияның білім берудегі ролі.

2.2.Биологияны оқытудағы активті формалары мен әдістері.

2.3.Мектеп биологиясын оқытудың бүгіні мен болашағы.

Әрбір ұстаз биология ілімінің терең сырын, маңызын қоғамдағы өмірдегі және әрбір жеке адамның күнделікті қызметіндегі орнын түсіне отырып қана, жаңа жас ұрпақты тәрбиелей алады. Сондықтан биология пәнінің мұғалімі-осы білімді насихаттаушы деп есептеуге болады.

...

Скачать:   txt (114.8 Kb)   pdf (226.3 Kb)   docx (46.6 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club