Микробиология дамуының қысқаша тарихы
Автор: Bagdat22 • Сентябрь 1, 2020 • Реферат • 1,541 Слов (7 Страниц) • 888 Просмотры
Деңгейлік тапсырмалар (20 баллға дейін):
I деңгей:
- Микробиология дамуының қысқаша тарихы.
Микробиология тарихында римнің профессоры Афанасий Кирхер дін (1601 -- 1680) есімі де аталуы тиіс. XVI ғасырдың аяғында Ганс пен Захарий Янсендердің алғашқы микроскопты кұрастырғаны мәлім, Әрине, бұл өте қарапайым аспап еді. Соны пайдалана отырып, Керхер сасыған ет, шарап сіркесін, сүтті қарап, онда түрлі құрттардың кездесетінін байқады.
Микроорганизмдерді алғаш рет ашу голландия әуесқойы Антон Ван Левенгуктың (1632 -1723) есімімен тікелей байланысты. Өз зерттеулерін Левенгук Антон Ван Левенгук ашкан табиғаттың құпия сырлары деген атпен 1695 жылы кітап етіп жарыққа шығарды. Микробиология ғылымының одан әрі дамуында орыстың көрнекті М.М.Терехонский (1740 - 1796) еңбегінің зор маңызы болды. 1775 жылы Терехонский Страсбург университетінде өзінің микроорганизмдер жөніндегі еңбегін қорғады. Ол табиғатта кездесетін микробтардың шығу тегін зерттеді.
- Ғылымның дамуына үлес қосқан әйгілі микробиологтар.
Микробиология ғылымының көрнекті қайраткері және осы ғылымның негізін қалаушы француз оқымыстысы Луи Пастер (1822 - 1895) өзінің зерттеулерінің нәтижесінде табиғатта және өнеркәсіпте кездесетін ашу процестері микроорганизмдердің әсерінен болатындығын дәлелдеді.
Орыс ғалымы Л.С.Ценковский (1822 - 1887) 1883 жылы ол сибирь жарасына қарсы вакцина жасады. И.И.Мечников фагоцитоз және оның иммунитеттегі рөлі туралы тыңғылықты ілім жасады.
Орыс оқымыстылары Д. К. Заболотный (1866-1929) мен Т. А. Тарасевич (1868- 1927) оба, мерез,туберкулез тағы басқа да ауруларды зерттеудегі табыстарымен әлемге әйгілі болды.Ауыл шаруашылығы және техника саласындағы микробиология да айтарлықтай жетістіктерге жетіп дамып келеді. Микробиологияның бұл саласына Виноградский, В.Л.Омелянский,С. П. Костычев,Н.Н.Худяков, В.С.Буткеевич,В.Н.Шапошников, М.B.Федоров, Н.А.Красильников,С.Н.Мишустин сияқты ғалымдарымыз үлкен үлес қосты.
II деңгей:
- Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережесі.
1)Микробиологиялық зертханаға міндетті түрде медициналық халатпен,бас киім және ауыстырылатын аяқ киіммен кіреді.
2) Белгілі бір орында жұмыс істеп, тек қана бекітілген құрал-жабдықтарды қолдану керек.
3) Бұл жерге бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады.
4) Жұмыс кезінде тазалық сақтаған жөн.
5) Зертханаларда тамақ ішуге, темекі шегуге тыйым салынады.
6) Жұмыс орны тәртіппен ұсталуы тиіс, қызметкерлердің жеке заттары арнайы бөлінген орында сақталуы тиіс.
7) Инфекциялық материал үстелге, еденге, киімге, аяқ киімге кездейсоқ тиген жағдайда бұл орынды дезинфекциялық ерітіндімен өңдеу қажет.
8) Пайдаланылған заттық шынылар, шпательдер, мақта тампондары дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салынуы қажет. Пинцеттерді, бактериялық ілмектерді, инелерді өт жалынында қыздыру керек.
9) Микроорганизмдердің дақылдарын сақтау, бақылау және оларды жою арнайы нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуі тиіс. Патогенді микроорганизмдердің барлық дақылдары арнайы журналда тіркеледі.
10) Өңделген дақылдарды, пайдаланылған микробтық материалды, жұқтырған жануарлардың өлекселерін зарарсыздандыру үшін тапсыру қажет.
11)Жұмыс аяқталғаннан кейін қолды мұқият жуып, қажет болған жағдайда дезинфекциялық ерітіндімен өңдеу керек.
- Бактериологиялық, вирусологиялық және серологиялық зертханаларды ұйымдастыру және жабдықтау принциптері.
Бактериологиялық, вирусологиялық және серологиялық зертханада студенттер микробиологиялық, серологиялық және басқа да зерттеу тәсілдерін меңгеріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, микробиология пәні бағдарламасының мәселелерімен танысады.
Жарықтың мол болуы үшін зертханадағы жұмыс үстелдері терезеге жақын орналастырылуы қажет. Үстелдердің беті пластикпен, плексигласпен немесе қалың шынымен жабылып, ортасына шыны түтіктерге арналған штативтер, бояулар құйылған ыдыстар немесе тамызғыштар, спирт шамдары және т.б. қойылады. Ұсақ жануарлардың өлекселерін немесе олардың мүшелерін жарып тексеруге арналған кішірек үстелше болғаны дұрыс. Оқу барысын қамтамасыз ету үшін микроорганизмдер өсінділері, қондырғылар және жуу, стерильдеу, қоректкі орталарды дайындау, бокс, препарат, термостат, жануарларды күтуге арналған виварий және басқа да бөлмелер болуы керек.
...