Бұлғындардың қысқаша тарихы
Автор: Indira Galymzhan • Октябрь 14, 2020 • Реферат • 1,778 Слов (8 Страниц) • 609 Просмотры
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Бұлғындардың қысқаша тарихы
2.2. Бұлғындарды бағып күту түрлері
2.3.Бұлғындарды азықтандыру тәсілдері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
[pic 1]І. Кіріспе
Бұлғын (лат. Martes zibellina) – сусарлар тұқымдасының сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.
Дене тұрқы 40 – 55 см, құйрығы – 20 см-дей, салмағы 0,4 – 1,6 кг. Қазақстанда Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында кездеседі. Құлақ қалқаны жалпақ, дөңгеленген ұшы үшбұрышты. Денесіндегі жүндері қалың қою жібектей, түсі – бурыл, сарғыш, қара қоңыр, алқымында кішкене ақшыл дағы болады. Сирағы қысқа, қимылы икемді келеді. Ұсақ жәндіктермен, самырсын жаңғағымен, жидекпен қоректенеді. Кейде жабайы бал арасының балын да жейді. Шыршалы, майқарағайлы ормандардағы ағаш діңдері мен тас қуыстарды мекендейді.
Қазақстанда тек Оңтүстік Алтайда Шығыс Қазақстан облысы шегінде кездеседі, онда Катонқарағай ауданының солтүстік-шығыс бөлігінде Алтай өлкесімен шекарада.
Мекендейтін жерлерінен көп ұзамайды, азығы азайған жылдары орманның бір жерінен екінші жеріне қоныс аударады. Табиғи жағдайда 1 жыл 3 айда жыныстық жағынан жетіледі. Бұлар 2 рет (наурыз – маусымда және тамыз – қарашада) түлейді. Бұлғын маусым – тамызда шағылысып, 245 – 300 күннен кейін наурыздың аяғында, 2 – 6 соқыр күшіктен туады. Күшіктерінің салмағы 30 г-дай, дене тұрқы 11 – 12 см. 30 – 36 күнде олардың көздері ашылып, тістері шыға бастайды, ал 3,5 айда тұрақты тістері қалыптасады. Бұлғын – терісі өте бағалы аң. Терісінен бас киім тігіледі.
ІІ. Негізгі бөлім
Тарихы. Бұлғындарды торда өсірумен Еуропада және Ресейде айналысады, Қытайда және Данияда бірнеше шаруақожалықтары бар. ХІХ ғ.соңы мен ХХ ғ. басында кейбір әуесқой аңшылар бұлғындарды торларда өсіруге тырысқан еді.
Бұлғындарды торда өсіру мәселесі өткен ғасырдың 20-сы жылдары шиеленісіп тұрған еді, себебі революцияға дейін және азаматтық соғыс жылдарында бұлғындарды қарқынды аулау нәтижесінде олар азайған еді. Сондықтан да оларды сақтап қалу үшін торда өсіру әдістері ұсынылған болатын.
Аңшылар мен натуралистердің айтуларына сүйенсек, бұлғындардың күйлеуі көкем айларына сәйкес келеді. 1924 жылы Мәскеу хайуанаттар бағы П.А.Мантейфельдің басшылығымен бұлғын өсіру фермасы ұйымдастырылған. Мантейфельд тордағы бұлғындарды зерттеу нәтижесінде, көктемде оларда ешқандай да жыныстық жетілудің болмаға, ал жаз айларында аталықтарында аталық жыныс бездерінің ұлғаюын, аналықтарында жыныс ілмегінің ісінуін байқаған.
1927 жылдың жазында тордағы бұлғындардың шағылысуы алғаш рет байқалған.
Ферманың территориясына келушілерге әрдайым кіруге рұқсат етілгеніне қарамастан, бұлғындар оларға үйренісіп кеткен. Осының бәрі бұлғындар үшін арнайы «тайгалық жағдайларды» жасау керек деген болжамды жоққа шығарады. Бірінші шағылыстырудан кейін ұрпақ алынбаған еді. 1929 ж. Сәуір айында бір бұлғынның аналығы күшіктеген. Осылайша бұлғындардың буаздығы 9 айға созылатындығы, жазда күйлейтіндігі белгілі болған.
Торлап ұстау гигиенасы- аңдарды өсіруде көп жағдайда тиімді әдіс болып торлы әдіс саналады. Бұл кезде негізгі жануарлар және олардың төлдері торларда күтіп бағылады. Бұндай күтіп бағу кезінде жоғары сапалы өнім мен мол төл басын алуға болады. Шаруашылық территориясы торлы қоршаумен қоршалған оның төменгі жағы 30-40см төмендікте көмілуі керек. Қоршаудың биіктігі түлкі,құндыз және бұлғын асырайтын шаруашылықтарда 2 м, ал күзендер үшін 1,5 м. Түлкілер мен құндыздардың торлы қоршауларының ішкі жағынан қалқан жасалады.
Жабайы табиғатта жыныстық жетілу 15-17 айда басталады, еріксіз көбею жануар үш жасқа жеткеннен кейін басталады. Әдетте үш күшік туады. Өнімді көбею кезеңі 12-14 жыл, бұл мерзім ішінде үлбірдің сапасы мен төл саны жоғалмайды.Жыртқыш терісі бағалы аңдардың биологиялық циклы басқа шаруашылық жануарларына қарағанда неғұрлым айқын: көбею мезгілі шектелген, күйі белгілі бір уақытта келеді, зат алмасудың маусымдық өзгеруі байқалады.
[pic 2]
1-сурет. Бұлғынның күшіктері
Бұлғындарды суару үшін автоматты немесе жартылай автоматты үгінділер қолданылады.
...