Бактериялар мен вирустардың генетикасы
Автор: Tomiris03 • Сентябрь 19, 2021 • Реферат • 2,474 Слов (10 Страниц) • 835 Просмотры
[pic 1]
Микробиология,вирусология және иммунология кафедрасы
Реферат
Tақырып: Бактериялар мен вирустардың генетикасы.
Орындаған:Кунтуганов Маулет
Қабылдаған: Құрманбекова Ш.Ж
Тобы:В -ФҚА 02-20
Шымкент 2021 жыл
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Бактериялар мен вирустардың генетикасы
- Бактериялардың генетика материалы
3. Бактериялар мен вирустардың өзгергіштігі
4. Хромосомадан тыс тұқымқуалаушылық факторлары
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе:
1.Бактериялар мен вирустардың генетикасы т Вирустар мен бактериялар-жалпы генетикалық заңдылықтарды анықтау үшін қолданылатын негізгі зерттеулерге обьектілер себептеріне келер болсақ : Генетикалық анализ кезінде бактериялар мен вирустардың жиілігі он тоғыз мутанттарын алуға генетикалық тәжірибе жасауға қажетті болады.Олар негізінен тәжірбие жасауға қажетті қасиеттерімен ерекшеленеді. Олар гаплоидты,яғни бір хромосомалы болғандықтан,доминанттылық болмайды. Өте тез көбейеді,лабораторлық жағдайда бірнеше сағат ішінде миллиардтаған поуляциясын алуға болады. Жыныстық дифференциалды,бұл қасиеті донор және реципиент бактерия жасушаларының болуына негізделген. Осы себептен олар молекулярлы генетиканың қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарды.Бактерияларда ДНҚ-ның ерекше аймақтары:плазмидалар,транпозондар мен Is-тіркестіктер болады. Вирустар генетикасының ерекшеліктеі жайлы сөз қозғар болсақ,
геномның құрылысындағы ерекшеліктерге тұқымқуалаушылық ақпарат вирустың түріне байланысты ДНҚ – ға да РНҚ – ға да жазыла беретіні жатады. Вирустардың мутациясы вирустың нуклейн қышқылының репликациясы кезінде, немесе бактериялардағы сияқты сыртқы орта факторларының және мутагендердің әсерінен спонтанды пайда болуы мүмкін. Вирустық геномның фенотиптік мутациясы антигендік құрылымда, сезімтал жасушада өнімді инфекция қоздыруға қабілетсіздікпен, өнімді циклдың температураға сезімталдылығымен, сонымен бірге агарлы жабынды астында жасуша дақылдарындағы вирустар түзетін таңдақтарының пішінінің және мөлшерінің өзгеруімен көрінеді. Вирустардың қасиеттері сезімтал жасушаларды бір мезгілде бірнеше вируспен жұқтырғанда өзгеруі мүмкін. Бұндай жағдайдағы өзгеріс материалдар арасында әр вирусқа тән нуклеин қышқылдарының алмасуы (генетикалық рекомбинация және генетикалык реактивация) кезінде немесе генетикалық материалдың алмасуынан болмайтын процестер нәтижесінде (комплементация және фенотиптік араласу) болуы мүмкін.Мутантсыз вирус толық ақуыз синтездей отырып мутантты вирустағы жетіспеушілікті толықтырады.Фенотиптік араласу, сезімтал жасуша екі вируспен аралас жұқтырылғанда ұрпағының біразы екі вирусқа да тән фенотиптік қасиеттер алады,ол кезде генотип өзгермейді. Генетика- тұқым қуалау және өзгергіштік туралы ғылым. Генотип - жасушаның тұқым қуалау қасиетін қамтамасыз ететін, нуклеотидтардан тұратын гендердің бірлестігі. Фенотип - сыртқы белгілердің жиынттығы. Ген- бір белоктың синтезделуіне жауап беретін ДНҚ молекуласының бір бөлшегі. Бактерия геномы өздігінен репликациялануға қабілетті генетикалық элементтерден тұрады, оларды репликон деп атайды. Репликон бактериялардың хромосомалары мен плазмидалары. Бактериялардың тұқымқуалаушылық ақпараттары ДНҚ - да тіркестік түрінде сақталып тұрады, олар аминқышқылдардың ақуыздарға тіркестігін анықтайды. Әр ақуыздарға өзінің гені сәйкес келеді.Бактерия хромосомасы - екі тізбекті сақиналы ДНҚ молекуласы. Бактерия хромосомасы бактерия жасушасының жинақы нуклеоидын құрайды. Бактерия хромосомасының гаплоидты гендер жиынтығы бар.Ол бактерия жасушасына тән маңызды қызметтерді кодтайды. И ь 2.Бактериялардың генетика материалы т Плазмидалар - екі тізбекті ДНҚ молекулалары, мөлшері 103 - 106 н.п. Олар бактерияларға аса қажетті қызметтерді кодтамайды, бактериялар қолайсыз жағдайларға ұшырағанда маңызды рөл атқарады.Фенотиптік өзгерістердің ішінде бактерия жасушаларына плазмидалар арқылы жеткізілетін көріністердің ішінде келесілерін атап кетуге болады:
...