Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы
Автор: Ырысты Муратова • Апрель 11, 2018 • Реферат • 5,792 Слов (24 Страниц) • 958 Просмотры
«Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы»
Жоспар:
1) Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру және дамуы.
2) Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі міндеті санитарлық заңнамалардың сақталуы
3) Ақтөбе облысының территориясында денсаулық сақтау ісінің қолға алынуы
4) Дәл қазіргі уақытта Ақтөбе облысында жүргізіліп жатқан іс-шаралар
Қазақстан аумағында біртұтас денсаулық сақтау және санитарлық эпидемиологиялық қызметті құру бастамасын 1917 жылғы Қазан Социалистік Революциясы бастады. 1920 жылы 26 тамызда Бүкіл одақтық орталық атқару комитетінің және Халық комиссарлары кеңесінің (ХКК) Декретімен Автономиялық Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Ал, 1921 жылы 20 мамырда бірінші Бүкіл қырғыздық (қазақ) денсаулық сақтау қайраткерлері кеңесінің шешімімен Республиканың денсаулық сақтау Халық комиссариатының құрылымына бірінші рет санитарлық-эпидемиологиялық бөлім енгізілді. Оның құрамына 4 бөлімшелер: санитарлық, эпидемиялық, санитарлық-статистикалық және медициналық-санитарлық ағарту бөлімшелері кірді. Республикадағы барлық санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды жалпы басқару санитарлық-эпидемиогиялық бөлімге жүктелді. Санитарлық-эпидемиологиялық бөлімнің бірінші меңгерушісі болып дәрігер Ю.Я. Геращенков тағайындалды, ал 1923 жылы оның орнына М.М. Чумбалов тұрды.
Санэпидқызметтің міндеттерін, құрылымын, оның құқықтарын бірінші рет анықтаған, сонымен қатар, мамандандырылған санитарлық-профилактикалық мекемелерді құрудың бастамасын бастаған 15.09.1922 жылы шыққан, тарихи маңызды құжат «Республиканың санитарлық органдары туралы» деп аталатын Ресейдің Кеңестік Федеративтік Социалистик республикасының Халық комиссарлары кеңесінің декреті болды. Қазан революциясының және жиырмасыншы жылдардың бастапқы кезеңі автономиялық республикада санитарлық-эпидемиологиялық жағдай ауыр болуымен сипатталды. Бұл азаматтық соғыспен және сол уақыттағы күрделі шаруашылық-экономикалық жағдайлармен байланысты еді. Ол жылдары тырысқақтың, іш және бөртпе сүзектерінің, шешектің, обаның, дифтерияның, безгектің эпидемияларымен, қотырмен, туберкулезбен, ауыр санитарлық жағдайлармен күресу ең маңызды мәселе болды. Әлі жабдықталмаған, материалдық қамтамасыз етілуі нашар, жана дамып келе жатқан санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының барлық жұмысы осы мәселеге бағындырды. 1926 ж. Ақтөбе облысына губ. денсаулық сақтау бөліміне санитарлық дәрігер және санитарлық дәрігердің көмекшісі қызметі енгізіліп, санитарлық-бакгериологиялық лаборатория ұйымдастырылды. 1927 ж. лаборатория құрамына безгекке қарсы станса енгізілген.
Губернияда дезинфекциялық жұмыстар нашар жүргізілді. Дезинфекциялық камералар және дезинфекциялаушы заттар жетіспеді. Губерниялық атқару комитеттері және губерниялық революциялық комитеттері жанынан ауыр эпидемиялық жағдайға байланысты, өте жұқпалы аурулардың эпидемиясымен күресуге арналған, республиканың барлық күштері мен құралдарын жұмылдырған, төтенше санитарлық комиссиялар құрылды. Жиырмасыншы жылдардың басындағы эпидемиямен және ашаршылықтың салдарымен күресе жүріп, қалыптасуының бірінші ауыр қадамдарын жеңіп шықаннан кейін, Ақтөбе облысындағы санитарлық қызмет әрі қарай дами бастады. 1927 жылы ХКК қаулысымен санитарлық мекемелерде дәрігерлік лауазымдардың нормативтері белгіленді, сонымен қатар, санитарлық органдардың қызметі мен құқықтары кеңейтілді. Атап айтқанда, суды, ауаны, топырақты, елді мекендерді, тұрғын үйлерді, көпшілікке арналған орындарды санитарлық қорғау, тағамдық азықтардың және басқалардың сапасын тексеру соларға жүктелді. Халықтың тұрмысын сауықтыру және халықты гигиеналық дағдыларға әдеттендіру үшін, ауылдық және селолық санитарлық комиссиялар құрылды, орыс және қазақ тілдерінде брошюралар басылды, санитарлық ағарту үйлері ашылды. Ақтөбе, Сырдария губернияларында, сонымен бірге, Қарақалпақ автономиялық облысында және Адай уезінде санитарлық-эпидемиологиялық бөлімнің бөлімшелері ұйымдастырылды.
...