Самай , самай асты және қанат-таңдай шұңқырларының анатомиясы
Автор: Гауһар Мухамеддамин • Декабрь 24, 2023 • Реферат • 2,536 Слов (11 Страниц) • 193 Просмотры
«Қарағанды Медицина Университеті»
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ; самай , самай асты және қанат-таңдай
шұңқырларының анатомиясы.
Орындаған;Мухамеддамин Гауһар Ермухаметқызы
Қабылдаған; Төлегенвна А.
Факультет; Медицина
Курс; 1
Группа; 1-012
Дата;
ЖОСПАР
1)КІРІСПЕ БӨЛІМ
2)НЕГІЗГІ БӨЛІМ
* Самай шұңқыры
* Самай асты шұңқыры
* Қанат , таңдай шұңқыры
3)ҚОРЫТЫНДЫ
4)ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Бас сүйектің сыртқы бетінде топографиялық тұрғыдан мынадай
шұқыр-ойыстар ерекше сипаттауды қажет етеді. Олар; самай
шұңқыры , самай асты шұңқыры, қанат-таңдай шұңқыры.
САМАЙ ШҰҢҚЫРЫ (FOSSA TEMPORALIS)
Fossa temporalis - самай шұңқыры, үсті мен артынан самай сызығымен, астынан
- crista temporalis және arcus zygomaticus, төменгі жиегімен, алдынан -бет
сүйегімен шектеледі. Fossa temporalis, самай бұлшықетімен толып тұрады.
Бас қаңқасы белгілерінің сыртқы бетінің екі жағында орналасқан. Жоғары
артында - жоғарғы самай сызығымен (linea temporalis superior) шектелген.
Алдыңғы шекарасын түзеді; 1)Маңдай сүйектің бет өсіндісі және самайлық беті,
processus zygomaticus et facies temporalis ossis frontalis.
2)Бет сүйегінің маңдайлық өсіндісі мен самайлық беті, processus frontalis et
facies temporalis ossis zygomatici.
Медиальды немесе ішкі қабырғасын түзеді; 1)Маңдай сүйектің самайлық беті
facies temporalis ossis frontalis.
2)Сына тәрізді сүйектің үлкен қанатының самайлық беті, facies temporalis alae
majoris ossis sphenoidalis.
3) Самай сүйек қабыршағының самайлық беті, facies temporalis partis squamosae
ossis temporalis.
4) Төбе сүйегінің сыртқы беті, facies externus ossis parietalis
Төменгі шекарасын түзеді; Сына тәрізді сүйектің үлкен қанатының самай
астылық қырқасы, Crista infratemporalis alae majoris ossis sphenoidalis.
Сыртқы шекарасы;Бет доғасы,arcus zygomaticus.
САМАЙ ШҰҢҚЫРЫНЫҢ ҚАТЫНАСЫ
Самай шұңқыры алдыңғы қабырғасында foramen zygomaticotemporale, бет
самай тесігі арқылы көз шарасына ашылады, ал төменінде самай асты
шұңқырына ашылады.
САМАЙ АСТЫ ШҰҢҚЫРЫ (FOSSA INFRATEMPORALIS)
Fossa infratemporalis - самай асты шұңқыры, самай шұқыршағының төмен карай
тікелей жалғасы болып табылады, әрі сына тәрізді сүйектің үлкен қанатының,
crista infratemporalis, олардың арасындағы шекара қызметін аткарады. Сырт
жағынан fossa infratemporalis ішінара төменгі жақ сұйектің тармағымен
бүркеледі. Ол fissura orbitalis inferior арқылы көз шарасымен, ал fissura
pterygomaxillaris арқылы қанат тәрізді таңдай шұңқырымен жалғасып
қатынасады
Жоғарғы қабырғасын түзеді;1) Сына тәрізді сүйектің үлкен қанатының самай
астылық қырқасымен самай астылық беті, Crista et facies infratemporalis alae
majoris ossis sphenoidalis.
2) Самай сүйектің қабыршақты бөлігі ,pars squamosa ossis temporalis.
Алдыңғы қабырғасын түзеді; 1) Бет сүйегінің самайлық беті, facies
temporalisossis zygomaticus.
...