Ішкі су құбыр сұлбасын және жүйесін таңдау
Автор: altow • Декабрь 14, 2019 • Практическая работа • 1,258 Слов (6 Страниц) • 824 Просмотры
ҮЙМЕРЕТТІҢ ІШКІ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІН ЕСЕПТЕУ
1.1 Ішкі су құбыр сұлбасын және жүйесін таңдау
Типтік қабат жоспарында суық су құбырының орналасу орындары белгіленеді. Оларды ашық әжетхана, су қабылдау бөлмелерінде және ас үй бөлмесінде орналастыру қажет (1/б.4.2.11). Суық су құбыры стояктарының орналасу нүктелері типтік қабат жоспарынан жер төле жоспарына немесе техникалық еден астының жоспарына көшіріледі және бұл жерлерде негізгі қабырға бойымен баспалдақ алаңының бөлмесінде су өлшеуші түйіннің орналасу орны белгіленеді. Содан кейін үймереттің сыртқы қабырғасына тік су құбырының ену құбырын көрсетеді. Ереже бойынша магистраль құбырды төменгі диаметрлермен қамтамасыз ету үшін үймереттің орталық бөлігіне тік болу қажет, егер енгізу құбыры үймереттің бүйір жағынан енгізілетін болса магистраль құбырдың бастапқы диаметрлері үймереттің бір жағынан екінші жағына транзит шығынды өткізу үшін үлкейеді. Қалалық сыртқы су құбырына қосу ыңғайлылығына байланысты үймеретке енгізу құбыры қабырғаның алдыңғы жағынан сол сияқты қарама-қарсы жағынан да енгізілуі мүмкін.
Техникалық еден астында немесе жер төледе су, енгізу құбырынан тік құбырларға дейін қысқа жолмен жеткізілетіндей етіп, таратушы магистралды төсейді. Магистраль құбырларды үймереттің бойлық өсі бойымен аралық жолдармен құрылыс конструкциялары аз кедергі келтіретін жер төледе немесе еден астында төсеген жөн. Магистраль құбырларға тік құбырларды тұйықталған тарамдар көмегімен қосылады.
Сезіледі және материалдардың спецификациясын құрылады, желі бөліктері артынша есептік шығындар анықталады.
Аксонометриялық үлгінің тұрғызылу мысалы 1-суретте келтірілген. Аксонометриялық үлгі және қабат жоспарлары бірдей бағдарда болу қажет. Үлгі барлық өстерде бір масштабта болу керек. Үлгіде құбырлардан басқа бекітуші және реттеуші арматураларды, су алу құрылғыларын, су өлшеуші түйінді, суғару шүмектерін көрсетеді.
Бекітуші арматура құрылыс мөлшер және ережелеріне сай келесі жерлерде орнатылады (/1/,б5.5):
- Әр енгізу құбырында (су өлшеуші тұйінге дейін және кейін және айналма желіде);
- Тік құбырлар негізінде
- Су құбырының магистрал желілерінің тармақтарында
- Әр пәтер тармақтарында, шаю бөлшектерінің жеткізуші құбырларында
- Суғару шүмектері алдында
Суық су құбырының аксонометриялық үлгісін техникалық еден астында немесе үймерет жер төлесінде енгізу жаққа қарай 0,002 ылдилықпен төселетін магистраль құбырдан бастап тұрғызған ыңғайлы (/1/,б.4.2.14).
Құбырлардың қабырғалармен қиылысу нүктелері және тік құбырларға, суғару шүмектеріне қосылу нүктелері жер төле жоспарынан аксонометриялық үлгіге көшіріледі. Бұл нүктелерден аксонометриялық проекцияларды тұрғызу ережесіне сай 45 бұрышпен солдан оңға қарай ұзындығы жоспардағы жеткізуші құбыр ұзындығына тең сызық жүргізіледі. Тік құбырға жеткізуші құбырдың соңғы нүктесінен тік құбырды бейнелейтін тік сызық жүргіземіз. Барлық қабаттарда асты штрихталған қысқа көлденең сызықпен бейнеленетін олардың жабынмен қиылысуы көрсетіледі. Бірінші қабат едені магистраль құбырдан 0,7 м биіктікте орнатылады (0,2 жабын және жер төле төбесінен магистраль құбырға дейін 0,5 м).
Екінші және келесі қабаттар еденінің белгілері бір деңгейде орналасу керек және едендер белгілерін тік құбырлардың бірінде ғана көрсету жеткілікті болады.
Еденнен 0,2 м биіктікте әр тік құбырда, әр қабат су алушы аспаптарға суды жеткізуші құбырлардың қосылуын көрсетеді. Соңғы қабаттан басқа қабаттардың барлығында суды жеткізуші қысқа құбыр вентильді қысқа құбыр бөлігі түрінде бейнелейді, ал ең соңғы қабатта тік құбырдың суды жеткізуші қысқа құбырмен жлғасқан су алу аспаптарымен көрсетіледі. Егер суды жеткізуші қысқа құбырлар су алу аспаптарымен тік құбырмен немесе бір-бірімен үсті-үстіне келіп қалса, онда олрды бос орынға шығарып көрсеткен дұрыс. Нүктелердің қосылуындағы үзілісті үзік сызықпен көрсетіп, жазба әріппен белгілейді
...