Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Плевра

Автор:   •  Май 15, 2024  •  Реферат  •  470 Слов (2 Страниц)  •  102 Просмотры

Страница 1 из 2

Плевра (өкпеқап, pleura ) өкпе және кеуде қуысының қабырғасын жауып жататын, сірлі сұйықтықты бөліп шығаратын және сіңіре алатын сірлі қабық. Екі жапырақшаға – висцералық және париеталық плевраға бөлінеді .

Висцералық плевра ( pleura visceralis ) өкпенің барлық бетін жауып жатады:

- висцералық плевра өкпе түбірінен көкірекорталық плевраға өткен кезде үшбұрышты пішінді өкпе жалғамасын ( lig.pulmonale ) түзейді;

-lig. pulmonale өкпе түбірінің құрылымдарын алдынан және артынан жауып жатады және диафрагма мен көкірекорталық плевраға бағытталған.

Париеталық (қабырғалық) плевра ( pleura parietalis ) кеуде қуысының ішкі бетін жауып жатады және әр өкпеге жеке тұйық сірлі қапшық түзеп орналасады.

Париеталық плевраның бөліктері:

-диафрагмалық бөлік ( pars diaphragmatica ) диафрагманы жауып жатқан бөлігі;

-қабыртқалық бөлік ( pars costalis ) қабыртқалардың ішкі бетін жауып жатады ;

-көкірекорталық бөлік ( pars mediastinalis ) көкірекортаны бүйір жағынан шектеп жатқан, төс сүйегі және омыртқа бағанасының аралығында сагиталді бағытта орналасқан.

Өкпеқап қуысы. Өкпеқаптың париеталді және висцералді бөліктерінің аралығындағы саңылау өкпеқап куысы cavum pleuralis, деп аталады. Өкпеқап куысының аралығында қалыпты жағдайда, қимылсыз кезде 1-2 мл шамасындай сірлі сұйықтық байқалады. Тыныс алу кезінде сұйықтық өкпенің сірлі қабық аралығындағы үйкелісті жеңілдету қызметін атқарады. Со- нымен қатар, кеуде қуысының қабырғаларын кеңейтуші, инспираторлық күш пен өкпенің талшықты тінінің әсерінен өкпеқап қабық- тарының бір-біріне беттесуін қамтамасыз етіп, өкпеқап қуысында теріс қысымның пайда болуына байланысты өкпенің тыныс алу кезінде еркін жазылып, еркін қозғалуына ықпал етеді.Өкпеқаптың жоғарғы бөлігі кеуде қуысы- нан жоғары, мойын аймағына өтіп, өкпенің ұшымен беттесіп, өкпеқап күмбезін, cupula pleurae, құрайды.

...

Скачать:   txt (6.8 Kb)   pdf (46.6 Kb)   docx (9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club