Организм қызметін реттеуде гипоталамо гипофизарлы-бүйрек үсті жүйесінің жастық ерекшеліктері
Автор: Ruslan9797 • Май 25, 2018 • Реферат • 2,687 Слов (11 Страниц) • 1,691 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
Физиологиялық пәндер және дене шынықтыру кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Организм қызметін реттеуде гипоталамо гипофизарлы-бүйрек үсті жүйесінің жастық ерекшеліктері
Орындаған: Аралбай Арайлым
Тобы: 210”А” ЖМ
Қабылдаған: Оразбаева Ж.Т
Гипоталамус-гипофиздік жүйе. Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін А. Бертольд салды.
Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің әсері(ми сыңарларларының қыртыстары, гипоталамус, лимбия жүйесі т,б) әр дәрежеде зерттеліп анықталып отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын алады. Гипофиз бен гипоталамустың арасындағы жүйкелік гуморальдық байланыс екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондар аксондары гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді.Гипоталамустың аталған ядролары нейросекрециялық қызмет атқарады,яғни олар түрлі нейросекрециялық гармон тәріздес заттар түзеді. Адам организміндегі гормондардың ішінде гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері гормондарының маңызы өте зор. Олар өздері жеке жүйе ретінде қарастырылады. Бұл жүйе организмнің біртұтастығын сақтауға қатысатын физиологиялық қызметтердің негізгі, әрі маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда мидың гипоталамус бөлігі жоғары дәрежедегі қыртыс асты ішкі секрецияның реттеушісі болып есептеледі.Оның бұл қызметі гипофиз безінің жұмысына дәм беруші химиялық өнімдер -нейросекр е т т е р д і (грек. нейрон – нерв клеткасы + секрет) өндіру және шығару арқылы орындалады. Гипоталамуста пайда болған нейросекрет гипофизге құйылып, оның басқа бездерге әсерін тудырады. Аралық мида орналасқан гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі секрециялық бездердің қызметін реттейді. Сондықтан ол мидың барлық бөлімдерімен және гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысып жатыр. Сонымен қатар,
мида көптеген гормондар бар екені белгілі,олар жүйке импульстерін синапстар арқылы өткізуді өзгертеді.
Гипофиз (грек. hypophysіs -- өсінді) -- мидың төменгі қосалқы бөлігі, организмге қажетті əр түрлі гормондар бөліп шығаратын орган. Адамда гипофиздің салмағы 0,5 - 0,6 г. Ол алдыңғы (безді), орта (аралық) жəне артқы (жүйкелі) бөліктен құралған. Гипофиздің қызметі шамадан тыс күшейіп немесе əлсіреп кетсе, ол организмге елеулі əсерін тигізеді. Мысалы, гипофиздің ішкі секрецияны өте көп шығаруы баланың бойын шамадан тыс өсіріп, акцелераттануға ұшыратады. Гипофиздің қызметі əлсіреген жағдайда баланың бойы өспей қалады, организмде зат алмасуы бұзылады, ал ересек адам шамадан тыс семіріп кетеді, басқа бездердің қызметі нашарлайды. Эпифиз ( грек. epіphysіs -- төмпешік) -- адам мен омыртқалы жануарлар миының төрт төмпешік бөлімі үстінде орналасқан орган.
Гипофиздің артқы бөлімінде олар əбден жетіліп гормонға айналады яғни гипофиздің артқы бөлімі гипоталамус біртұтас құрылымдық жəне əрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы жəне ортаңғы бөлімдері гипоталамуспен қан тамырлары арқылы яғни гуморалды жолмен байланысады. Виллизи шеңберінен тарайтын жоғары гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді. Бүл торға гипоталамустың нейросекрециялық жасушалары келіп ұштары нейрокапиллярлық түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайды. Гипоталамус- аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Əдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің композиторы. Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік жəне гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге əсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) жəне либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцин жəне вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі. Мұнда жүйкелік реттеу эндокриндік реттеуге ауысады. Гипоталамус ядроларының нейрондары бөліп шығаратын нейопепидтер либирин жəне статин деп аталады. Соңғы кездегі химиялық зерттеулердің нəтижесінде гипоталамуста полипептидтерден құралған бірсыпыра биологиялық белсенді заттар түзілетіні анықталды. Олардың əрқайсысы гипофиздің алдыңғы жəне аралық бөлімдерінде белгілі бір гармонның түзілу жылдамдығына əсер етеді.
...