Омыртқа жотасының физиологиялық және патологиялық иілімдері, олардың түрлері
Автор: gulzhan_alipbek • Ноябрь 30, 2021 • Реферат • 938 Слов (4 Страниц) • 799 Просмотры
Қарағанды Медицина Университеті
Морфология және физиология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Омыртқа жотасының физиологиялық және патологиялық иілімдері, олардың түрлері.
Орындаған: Әліпбек Г. М.
Тексерген: Шайкина С. Н.
Қарағанды 2021
Жоспар:
- Омыртқа
- Омыртқаның физиологиядық иілімдері
- Омыртқаның патологиялық иілімдері
Омыртқа жотасы – дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқалардан тұрады. Олардың ішіндегі 7 мойын омыртқасы ( vertebrae cervicalis), 12 кеуде омыртқасы( vertebrae thoracicae), 5 бел омыртқасы( vertebrae lumbales) және бес біріккен сегізкөзбен(vertebrae sarcales), құйымшақ(vertebrae coccygea) тұрады.
Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және өсінділері болады.Омыртқаның тығыз жері денесі - ( corpus vertebrae). Омыртқалардың доғалары жұлын орналасатын өзек құрады. Омыртқаның 7 өсіндісі болады:1 арқа өсіндісі, төмен орналасқан 2 жұп буын өсінділері, 2 жұп бүйір өсінділері. Омыртқалардың жалпы құрылысы ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері бар.
I ші мойын омыртқасы – атлант немесе ауыз омыртқа тікелей бассүйекпен байланысады. Оның денесі мен арқа өсіндісі болмайды, бір-бірімен доғасы арқылы байланысып foramen vertebrale түзеді. Мұның омыртқа тесігі басқа омыртқалардан үлкен болып келеді.
II ші мойын омыртқасының денесі жоғары қарай бағытталған тісшесі болады. Ол тісшедегі алдыңғы және артқы буын беті арқылы ауыз омыртқамен, астыңғы жағындағы буын беті арқылы III ші мойын омыртқасымен байланысады.
Соңғы VII ші мойын омыртқасының арқа өсіндісі ұзын болады.
Кеуде омыртқаларының ерекшелігі -денесінің алдыңғы бүйір бетінде және көлденең өсінділерінде қабырға орналасатын қабырғалық ойыстар бар.
Бел омыртқалары – оған түсетін салмақтың әсерінен ірі болып келеді.
Сегізкөз – 5 біріккен сегізкөз омыртқаларынан тұрады. Оның сыртқы ортасында бірігіп кеткен арқа өсінділернен пайда болған ортаңғы сегізкөз қыры (crista sacralis mediana), оның екі жағынан бірігіп кеткен буын өсінділерінен пайда болған бүйір қыры(crista sacralis intermedia), көлденең бүйір өсінділерінен пайда болған ,бүйір қыры (crista sacralis lateralis). Біріккен омыртұа тесіктерінен пайда болған сегізкөз каналы омыртқа жотасы каналының жалғасы болып есептеледі. Одан нервтер мен артерия, вена қантамырлары өтеді. Сегізкөздің бүйір жақтарында құлаққа ұқсас жамбас сүйегіне бекінетін беті болады.
Құйымшақ – 4-5 құйымшақ омыртқаларының өзара біругі нәтижесінде пайда болған. Пішіні пирамидаға ұқсас болып келеді. 1-ші құйымшақ омыртқасында сегізкөзбен байланысатын құйымшақ мүйісі (cornua coccygea) орналасқан.
Омыртқа жотасының өсуі баланың алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Жаңа туған нәрестелердің омыртқаларында алты сүйектену нүктелерін көруге болады. Олар 1 жасқа таман біріге бастайды. Омыртқалардың эпифизі алғашқы жылы шеміршекті болып келеді. Омыртқа аралығындағы буындардың шеміршектері қалың және серпімді келеді. Сондықтан олардың омыртқа жотасы үлкен адамдармен салыстырғанда жеңіл қимылдайды. Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдер болмайды, 2-3 айда баланың мойыны бекігеннен кейін мойын лардозы, 6 айдан кейін отыра бастағанда кеуде және сегізкөз кифоздары, 1 жасқа жақындап, бала жүре бастағанда бел лардозы пайда болады.
Дегенмен 1 жастағы баланың омыртқа жотасының иілуі нашар әрі тұрақсыздау болып келеді. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты иілістері күшейе түскенімен, әліде болса тұрақсыз болғандықтан, баланың бойын таңертең өлшеген кезде 5-6 см ұзын, кешке өлшегенде соншалықты аласа болып тұрады. 4-5 жасқа дейін омыртқалар тез-тез өсіп, иілістер толық қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі балалардық омыртқалары ұзарып, жуандайды. 5-6 жастағы балардың омыртқа жотасы тез қисаяды, себебі олардығ омыртқааралық шеміршектеріндегі зат алмасу күшті болғандықтан. Сондықтан түрлі жағдай әсерлерінен омыртқаның бұзылып, омыртқа жотасының патологиялық сколиозы, лардозы мен кифозы т.б өзгерістер пайда болады.
...