Жас өспірімдер физиологиясы және гигиенасы
Автор: 041078 • Октябрь 6, 2022 • Лекция • 1,771 Слов (8 Страниц) • 337 Просмотры
1-дәріс
Жас өспірімдер физиологиясы және гигиенасы
Дәріс жоспары:
1)Мектеп оқушылар даму физиологиясы оның мақсаты , міңдеттері және негізгі зерттеу мәселелері
2) Пәннің даму тарихы
3) Балалар мен жас өспірімдер арасындағы зерттеу әдістері
4)Балалар мен жас өспірімдер гигиенасындағы гигиеналық нормалардың теориялық қағидалары
Мектеп оқушыларының даму физиологиясы балалардың іс-әрекетің , оларды қоршаған орта жағдайын, соңымен қатар өсіп келе жатқан ұрпақтың ағзасының функционалдық жағдайын ісер ететін профилактикалық білім саласы.
Пәннің негізгі зерттеу мәселесі
- Өсіп келе жатқан ағзаға қоршаған орта факторларының әсерін зерттейді
- Гигиеналық нормативтерді , гигиеналық норма мен ережелерді өңдіреді
- Емдік профилактикалық немесе сауықтыру жараларын негіздейді
- Жастық гигиена болып табылады және халықтың денсаулығын қорғауды жүзеге асырады
[pic 1]Пәннің негізгі мақсаты
-Өсіп келе жатқан жас ағзаның дамуына жағдай жасау . Мектеп оқушыларының даму физиологиясы негізгі зерттеу проблемалары
- Балалар мен жас өспірімдер денсаулығы
- Физикалық гигиена тәрбиесі
- Еңбекке және кәссіптік баулу гигиенасы
- Балалар мен жас өспірімдер білім алатын мекемелердің қоңдырғылар құрлысын жобалануын гигиеналық негіздеу
- Гигиеналық оқыту және тәрбие
- Балалар салуатты гигиенаны қалыптастыру
Пәннің даму тарихы
Бұрынғы жылдары қоғамдық тәрбие берудің жалғыз түрі мектеп болғандықтан , бұл пән мектеп гигиенасы болып аталады. Алғашқы кезде мектеп гигиенасы медицинаның бір салыстырмалы түрде бір саласы болып есептелінді. Мысалы: алғашқы қауымдық құрлыстың өзінде балалар мен жас өспірімдер ұйымдастырылған қимыл-қозғалыс ойындары еңгізілген. Ежелгі грецияда балалардың дене шыңықтыру тәрбиесі мектепттік сипатта болды. Педагогикалық және гигиеналық тәрбие негіздері 11 ғасырдығы Владимир Мономахтың (балаларға үйрету) еңбегінде және соңымен қатар 15-16 ғасырлардағы (домострой) деген еңбегінде еңгізілген.
13 ғасырдағы монастрь мектептерінде оқушыларды тамақтандыру ұйымдастырылған. 1 Петр нұсқауымен (балалар медицина) деген еңбек жарық көрді. Ресейде ең алғашқы гигиеналық кафедра 1871 жылы Петербург қаласындағы әскери академиялық база негізінде құрылды. Оның негізін салған Доброславин. Екінші дәл осындай кафедра Мәскеу университетінде негізінде ұйымдастырылды. Негізін салушы Вридрих Элисман. Мектеп гигиенасы әрі қарай дамуына үлес қосқан Хлопин Григорий Виталивич ол мектеп оқушылары үшін санитарлық ережелерді құрастырды. Негізгі еңбектері (мектеп гигиенасы мен педагог сұрақтары), (орта білім беретің оқу орындарындағы оқушылар арасындағы мектептік аурулар). Мольков үлес қосқан . Мальков алғашқы Мәскеу университет негізінде мектеп гигиена кафедрасын ашты. Көптеген жылдар бойы мектеп гигиенасы педиатриямен тығыз байланысты.
Гундобин балаларды гишиеналық тұрғыда қарастырған (мектеп гигиенасы)-1902ж., (балалық шақ гигиенасы)-1903ж.,( мектеп гигиенасы қазіргі замандағы міңдеттері)-1907ж..
Алғашқы рет Қазақстанда санитарлық гигиеналық факультет медицина институтының негізінде 1943 ж ашылған болатын. 1948 ж факультетте мектеп гигиенасы деген кафедра ашылды. Оны Смирнов басқарды. 1964 ж бұл кафедра Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне ауыстырылды. 1989 ж Алматы мемлекеттік институтына қайтадан гигиена кафедрасы ашылды.
Зерттеу әдістері
-Физиологиялық әдіс
-Физикалық-химиялық тәсілдер (мекемедегі микроклимат, табиғи және жасанды жарықтандыру, көмірқышқыл газының мөлшері және ауаның құрамы)
-Клиникалық әдістер, олар ағзанын қалыпты немесе потологиялық жағдайы туралы түсінікті көрссетеді
[pic 2]-Гигиеналық эксперимент
-Зертханалық эксперимент
-Психологияллық әдістер
-Математика- систематикалық әдістер
Гигиеналық нормаларының теориялық негіздері. Гигиеналық нормалардың негізін салушы Громбах. Гигиеналық нормалардың негізгі принциптері:
...