Есту мүшелерінің құрылысы. Тері құрылысы мен қызыметі
Автор: Амир Алижан • Январь 15, 2021 • Доклад • 1,415 Слов (6 Страниц) • 541 Просмотры
Тақырыбы: Есту мүшелерінің құрылысы. Тері құрылысы мен қызыметі.
1. Құлақтың құрылысы.
2. Тер құрылысы мен қызыметі.
Орналасуына, атқаратын қызметіне байланысты есіту тепе-теңдік мүшесі үш бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ.
Сыртқы, ортадағы және ішкі құлақтың ұлу бөлімі есіту мүшесі, ал ішкі құлақтың кіреберісі мен жартылай иірімді түтікшелері тепе-теңдік мүшесі болып саналады. Ішкі құлақ бас мимен есіту, тепе-теңдік жүйкесі арқылы тікелей байланысады.
Сыртқы құлақ (auris externa) құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс тесігінен тұрады. Құлақ қалқаны – шеміршектен, ол дыбыс тербелісін жинақтап қабылдайды.
Сыртқы дыбыс тесігі самай сүйегінің ішіне қарай созылған, ұзындығы 3,5 см түтік. Ол дабыл тарғағына барып тіреледі, екі бөліктен тұрады: шеміршекті және сүйек бөлігі. Шеміршекті бөлігінде тері астында май, құлақ бездері, кірпікшелер бар.\
[pic 1]
Дабыл жарғағы (барабанная перепонка, membrane tympani) сыртқы дыбыс тесігін ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.
Ішкі беті шырышты қабатпен қапталған. Дабыл жарғағы екі бөліктен тұрады. Үлкен бөлігі қатты керілген, кіші бөлігі босаңдау, орталығында шұңқырша бар. Дабыл жарғағы қисық, көлбай орналасқан, ішкі бетіне ортаңғы құлақтан балғашасының сабы біріккен.
[pic 2]
Ортаңғы құлақ (auris media) дыбыс қуысы, үш есіту сүйекшелері және есіту түтігінен тұрады.
Дабыл қуысы (барабанная полость) самай сүйегінің тасты бөлігінде, сыртқы құлақ түтігімен ішкі құлақтың ортасында. Оның көлемі 1 см3-дей, іші ауаға толы. Оған есіту тесігінің жіңішке саңлауы арқылы ауа кіреді. Дабыл қуысының 6 қабырғасы бар. Сыртқы қабырғасы дабыл жарғағы, ішкі қабырғасы ішкі құлақпен шектеседі. Бұл қабырғасында екі тесік бар. Олар: 1) сопақша тесік, үзеңгішемен жабылып тұрады. 2) дөңгелек, ол ұлу терезесі.
Артқы қабырғасы самай сүйегінің емізікше өсіндісіне қараған, оның қуысымен жалғасады.
Алдыңғы қабырғасы – ұйқы қабырғасы, ондаевстахеит түтігі бар.
Есіту түтігі (слуховая труба, tuba auditiva) немесе евстахий түтігі орта құлақтың дабыл қуысын жұтқыншақпен жалғастырады. Түтіктің сүйекті және шеміршекті бөлігі бар. Адам жұтынған кезде осы түтік арқылы ауа орта құлақтың дабыл қуысына кіріп, оның ішіндегі ауа қысымын теңестіріп тұрады. Бұл жағдай дабыл жарғағын ауа қысымынан жарылып кетуден сақтайды.
Есіту сүйекшелері, төсше, үзеңгіше, балғаша дабыл қуысының сыртқы қабырғасынан ішкі қабырғасына дейін созылады. Балғаша сүйегінің басы, мойны, сабы болады.
Сабы дабыл жарғағының ортасына бекіген, басы төсше сүйегінің денесімен жалғасады. Төсше сүйегі балғашаның басы мен үзеңгішенің ортасында. Үзеңгі сүйегінің негізі ішкі құлақтың сопақша тесігін жауып тұрады.
[pic 3]
Ішкі құлақ (auris interna) самай сүйегінің тасты бөлігінде орналасқан.
Үш бөліктен тұрады:
Кіреберіс (vestibulum) үш жартылай иірімді түтіктер мен ұлудың аралығында. Пішіні сопақша, алдында ұлу, артында жартылай иірімді түтікшелер бар.
Кіреберістің сыртқы қабырғасы орта құлаққа қараған. Ондағы сопақша тесікті үзеңгі сүйегі жауып тұрады. Кіреберіс дөңгелек тесік арқылы ұлумен жалғасады.
Ұлу (cochlea) екі жарты рет оралған. Ұлудың бірінші орамы – негізгі, екінші – ортаңғы бөлігі, үшінші орам – ұлудың ұшы деп аталады. Ұлудың ұшы дабыл қуысына қараған.
[pic 4]
Жартылай иірімді түтікшелер (canalis semicirculares ossei) ішкі құлақтың сүйекті шытырманының артқы бөлігі. Түтікшелер бір-біріне перпендикуляр, алдынан артқа, көлденең және тік маңдай алдына қараған жазықтықта. Олардың әр-қайсысы жартылай шеңберге ұқсайды, қос аяғымен кіреберіс бөлігіне ашылады.
Жартылай иірімді түтікшелердің аяқшаларының бір ұшы кеңейген, ал екінші аяқтары өз қалпын сақтайды.
...