Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Иық белдеуі мен қолдың еркін бөлігі сүйектерінің құрылысы. Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің құрылысы

Автор:   •  Сентябрь 15, 2021  •  Тест  •  488 Слов (2 Страниц)  •  672 Просмотры

Страница 1 из 2

Жалпы медицина мектебінің 1 курс студенттеріне арналған

әдістемелік нұсқау

Тақырыбы: Иық белдеуі мен қолдың еркін бөлігі сүйектерінің құрылысы. Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің құрылысы.

№1 нұсқа

1 тапсырма. Тест түріндегі сұрақтар (1 дұрыс жауаппен және бірнеше дұрыс жауаппен). Әр сұраққа– 2 балл.

  1. Медиалды толарсақ  қандай сүйекте орналасқан
  1. тоқпан жілікте
  2. асықты жілікте
  3. кіші жіліншікте немесе асықты жіліктің шыбығында
  4. қол сүйегінде
  5. аяқ сүйектерінде

  1. Иық сүйектерінің белдеуіне қандай сүйектер жатады
  1. жауырын
  2. жоғарғы қабырғалар
  3. тоқпан жілік
  4. төс
  5. бұғана
  1. Тәждік шұңқыр орналасқан:
  1. тоқпан жіліктің басында
  2. тоқпан жіліктің денесінде
  3. дистальды эпифиздің алдыңғы жағында
  4. дистальды эпифизтің артқы жағында
  5. шынтақ сүйектің басында
  1. Төменгі аяқ белдеуінің қаңқасына мыналар кіреді:
  1. шонданай сүйегі
  2. ортан жілік
  3. тізе тобығы
  4. бел омыртқалары
  5. мықын сүйегі
  1. Тізе тобығы жатады:
  1. аралас сүйектерге
  2. сесамоидты сүйектерге
  3. түтікті сүйектерге
  4. біліктік қаңқаларға
  5. қосымша қаңқаларға
  1. Түтікті сүйектердің ортаңғы бөлігінің аталуы:
  1. диафиз
  2. эпифиз
  3. метафиз
  4. апофиз
  5. диплоэ
  1. Қол басы сүйектерінің проксимальды қатарында орналасады:
  1. қайық тәрізді сүйек
  2. ай тәрізді сүйек
  3. ілмекті сүйек
  4. үшқырлы сүйек
  5. басты сүйек
  1. Түтіктің сүйектердің денесі мен шеттері аралығындағы бөлігі:
  1. диафиз
  2. эпифиз
  3. метафиз
  4. апофиз
  5. диплоэ
  1. Ұршық ойығы қандай сүйекте  орналасқан
  1. тоқпан жілікте
  2. жамбас белдеуінде
  3. жауырында
  4. жамбас сүйегінде
  5. иық белдеуінде
  1. Шынтақ сүйектің проксимальды ұшында шектелген :
  1. шынтақ өсіндімен
  2. біз тәрізді өсіндімен
  3. тәждік өсіндімен
  4. шығыршықтық тілікпен
  5. емізік тәрізді өсіндімен
  1. Анатомиялық және хирургиялық мойын қандай сүйектерде кездеседі
  1. тоқпан жілікте
  2. қолдың еркін бөлігіндегі
  3. жамбас сүйегінде
  4. аяқтың еркін бөлігіндегі
  5. шынтақ жілікте
  1. Иық белдеуінің жалпақ сүйектеріне жатады:
  1. жауырын
  2. шүйде сүйегі
  3. төбе сүйегі
  4. жамбас сүйегі
  5. төс
  1. Буындық ойық, cavitas glenoidalis, қандай сүйекте орналасқан
  1. тоқпан жілікте
  2. бұғанада
  3. жауырында
  4. жамбас сүйегінде
  5. сынатәрізді сүйекте
  1. Кәрі жілік шынтақ жілікке қарағандағы орналасуы:
  1. медиалды
  2. латеральды
  3. алдында
  4. артында
  5. қиғаш
  1. Шынтақ шұңқыр орналасады:
  1. алдында
  2. артында
  3. медиалды
  4. тоқпан жілікте
  5. шынтық жілікте
  1. Хирургиялық мойынның орналасуы:
  1. басының жиегінде
  2. үлкен және кіші төмпешіктерден төмен
  3. дельтатәрізді төмпешікте
  4. тоқпан жілікте
  5. ортан жілікте
  1. Бұдырлы сызық орналасқан :
  1. алдында
  2. артында
  3. латералды
  4. ортан жілікте
  5. тоқпан жілікте
  1. Жамбас сүйегінің жапқыш тесігі шектеледі:
  1. мықын сүйегінің қанатымен
  2. ортан жіліктің денесімен
  3. мықын сүйектің денесімен
  4. шонданай сүйектің тармағымен
  5. қасаға сүйегінің тармақтарымен
  1. Шығыршықтық тілік орналасады:
  1. жауырында
  2. проксималды эпифизде
  3. дисталды эпифизде
  4. кәрі жілікте
  5. шынтақ жілікте
  1. Төмпешікаралық жүлге:
  1. жауырында
  2. шынтақ жілікте
  3. кәрі жілікте
  4. проксималды  эпифизде
  5. дисталды эпифизде

 2 тапсырма. Суретте 5 қадам. 1 қадам-6 балл

[pic 1][pic 2][pic 3][pic 4][pic 5][pic 6]

Анатомиялық құрылымды атаңыз  №1 –

Анатомиялық құрылымды атаңыз №2 –

Анатомиялық құрылымды атаңыз №3  -

Анатомиялық құрылымды атаңыз №4 –

Анатомиялық құрылымды атаңыз  №5 -

...

Скачать:   txt (7.2 Kb)   pdf (269 Kb)   docx (164.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club