Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аяқтың бұлшықеттері

Автор:   •  Апрель 14, 2019  •  Лекция  •  1,467 Слов (6 Страниц)  •  1,857 Просмотры

Страница 1 из 6

Аяқтың бұлшықеттері

Аяқтың бұлшықеттері аяқ белдеуінің, санның, сирақтың және аяқ басының бұлшықеттеріне бөлінеді.

Аяқ белдеуінің бұлшықеттері

Аяқ белдеуінің бұлшықеттері жамбастан ортан жіліктің жоғарғы ұшына барып, ұршық буынында, оның барлық негізгі 3 білігінің айналасында қозғалтады. Ортан жілікке беку нүктелері мен негізгі қызметі бойынша оларды алдыңғы және артқы топқа бөледі. Алдыңғы топ (бүккіштер) trochanter minor-ға бекиді. Артқы топ (жазғыштар, айналдырғышар және алыстатқыш бұлшықеттер) trochanter major-ға немесе оның айналасына бекиді.

Алдыңғы топ

1. M. iliopsoas, мықын-бел бұлшықеті. Екі басы бар. Біреуі - m.psoas major, үлкен бел бұлшықеті, XII кеуде және жоғарғы төрт бел омыртқаларының көлденең өсінділерінен басталады. Төмен қарай және аздап латерал түседі де, m. Iliacus-ке ұласады. Екіншісі - m. Iliacus мықын бұлшықеті, мықын сүйегінің fossa-сы мен iliaca spina iliaca anterior superior et interior-ынан басталады.

 Қызметі. Ұршық буынында санды бүгеді. Аяқ қозғалыссыз болғанда омыртқа жотасының бел бөлімін бүге алады..

2. M.psoas minor, кіші бел бұлшықеті,  m.psoas major-ға жанасып жатады.

Қызметі. M. iliopsoas-тың антагонисі ретінде аяқты ұршық буынында жазып, оны аздап сыртқа қарай бұрады, ал аяқ қозғалыссыз болғанда алға қарай бүгілген тұлғаны жазады. Түрегеліп тұрғанда, егер дененің салмағы ұршық буындарының көлденең бөлігінің алдына қарай түссе (әскери), бұлшықеттің кернеуі жамбас астауының тепе-теңдігін тұлғамен бірге сақтап қалады да, тұлғаның алға қарай құлауына мүмкіндік бермейді..

2. M. gluteus medius, ортаңғы бөкселік бұлшықет, артқы жағында m.gluteus maximus-пен жабылған, ал алдыңғы жағында беткей жатады.

Қызметі. Жиырылғанда санды алыстатады. Оның алдыңғы шоқтары жеке жиырылып, санды ішке қарай, ал артқылары сыртқа қарай айналдырады; денеге бір аяқ тірек болғанда ол жамбас астауын өз жағына қарай иеді.

3. M. tensor fasciae latae, жалпақ шандыр қабықты кергіш.

Қызметі. Tractus iliotibialis-ті керіп, ол арқылы тізе буынына әсер етіп, санды бүгеді. M.tensor fasciac latac-мен байланысының арқасында үлкен және ортаңғы бөкселік бұлшықеттер сияқты тізе буынын да бүгіп, сыртқа қарай айналдыруға мүмкіндік туғызады.

4. M.gluteus minimus, кіші бөкселік бұлшықет, ортаңғы бөкселіктің астында жатады.

Қызметі m.gluteus medius-тікіндей.

5. M.piziformis, алмұрт  тәрізді бұлшықет.

Қызметі. Санды сыртқа қарай айналдырып, жартылай оны алыстатады; аяқ қозғалыссыз болғанда жамбас астауын өз жағына қарай алады.

6. M. obturatorius internus, ішкі жапқыш бұлшықет, foramen obturatum шеңберінің ішкі беті мен membranа obturatoria-дан басталып, foramen ischiadicum minus-тың сүйектік жиегі арқылы өтеді де, ортан жіліктің fossa trochantorica-сына бекиді.    

Қызметі. Санды сыртқа айналдырады.

7.  M.quadratus femoris, санның шаршы бұлшықеті. Бұл бұлшықет m.gemellus interior-дан төмен үлкен бөкселік бұлшықеттің төменгі жиегінің астында жатады.  

Қызметі. Санды сыртқа қарай айналдырады.

8. M. obturatorius externus, сыртқы жапқыш бұлшықет.

      Қызметі. Санды сыртқа қарай айналдырады.

  Санның бұлшықеттері

Санның бұлшықеттері ұзын сүйектік рычагтарды қозғалысқа келтіріп, тік жүруге және денені вертикал қалыпта ұстауға қатысады. Олар 3 топқа бөлінеді: алдыңғы (негізінен жазғышр), артқы (бүккіш) және медиал (жақындатқыш). Соңғы топ ұршық буынына әсер етеді, ал алғашқы екеуі сонымен қатар, және әсіресе тізе буынына, негізінен оның фронтал білігінің айналасында қозғалыс тудырып, әсер етеді.

...

Скачать:   txt (18.3 Kb)   pdf (157.4 Kb)   docx (15.2 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club