Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауыз қуысы, бөліктері, ауыз қуысының қабырғасы

Автор:   •  Апрель 6, 2022  •  Контрольная работа  •  7,992 Слов (32 Страниц)  •  545 Просмотры

Страница 1 из 32

1. Ауыз қуысы, бөліктері, ауыз қуысының қабырғасы

Ауыз қуысы (лат. cavum oris) - адамның ас қорыту жүйесінің бастапқы бөлімі. Ол тамақ ішуге және оны алғашқы өңдеуге қызмет етеді (шайнау кезінде механикалық ұнтақтауды және ас қорытудың бастапқы кезеңін қамтиды, оның барысында тамақ құрамындағы полисахаридтер сілекейдегі амилаза мен мальтазаның әсерінен ыдырап бастайды). Нәтижесінде тамақ кесектері пайда болып, жұтқыншақ арқылы өңешке өтеді. Ауыз қуысы тыныс алу және сөйлеу процестеріне де қатысады.

Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын — оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатгы және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды.

Ауыз қуысы екі бөлімге бөлінеді: ауыз кіреберісі (лат. vestibulum oris) және меншікті ауыз қуысы (лат. cavum oris proprium).

Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерін ашпай, тістеніп тұрғанда, ауыздың кіреберісі айқын көрінеді.  Ауыз кіре берісі (vestіbulum orіs) - таға тәрізді саңылау, еріндер мен ұртпен немесе тістер мен қызыл иектер арасында орналасқан. Ұрттар мен еріндер жоғарғы және төменгі тістер қатарына тығыз жанасып жатады; сондықтан шартты түрде қуыс деп атайды. Ол сыртқы ортамен ерін арасындағы ауыз саңлауы(rіma orіs) арқылы, ал меншікті ауыз қуысымен тістер артындағы кеңістіктер spatіa іnterdentalіa және тістер арасындағы аралықпен байланысады. Тістер артындағы кеңістік жоғарғы және төменгі жағынан қызыл иектермен, алдынан - тістермен, артынан - кілегей қабық қатпарымен plіca pterygo mandіbularіs-пен шектелген.

Ауыз кіре берісіне ұсақ ұрт және ерін сілекей бездерінің өзектері ашылады, 1-2 азу тістердің деңгейінде шықшыт бездің өзегі ашылады.

Еріндер (labia)-қабысқанда шеттері езулермен (rima oris) аяқталатын, көлденең орналасқан ауыз саңылауын (rima oris) шектейтін бұлшықеттік қатпар. Еріннің көрінетін бетін жапқан тері ауыз қуысында шырышты қабыққа айналады. Жоғарғы ерін ұрттан еріндік жүлгемен шектелсе, төменгі ерін иектен иек-еріндік жүлге арқылы бөлінген. Еріндердің ішкі бетін түзген шырышты қабық қызылиектің шырышты қабығына өтеді осы өтудің нәтижесінде екі бойлық қатпарлар пайда болады-жоғарғы және төменгі ерін жүгеншігі (frenulum labii superuoris et frenulum labii inferiorioris). Еріндердің шырышасты негізінде түтіктері шырышты қабыққа ашылатын көптеген майда бездер орналасқан.

Ерін әр бір адамда әр түрлі сипатта болады. Негізі жоғарғы ерін шығыңқырап төменгі ерінді жауып тұрады. Жоғарғы ерінде ортаңғы сызық бойында ерін төмпешігі (tuberculum labіі superіorіs) бар. Негізі ол жас нәрестелерде жақсы дамыған, үлкендерде анықтауға болады. Еріннің түрі ондағы бұлшық еттерге байланысты болмайды, ол астында тұрған тістерге байланысты болады.

Ерін үлкейгенде - макрохейлия, кішірейгенде - микрохейлия деп атайды.

Ерін ішінен қан тамырлар өтеді: бет, жоғарғы жақ және көз асты артериялары тармақтарының торлары орналасқан. Веналар алдыңғы бет венасына келіп құйылады. Ымдау бұлшық еттерін бет жүйкесі, сезгіштігін - үштік жүйке жүйкелендіреді. Лимфалық тамырлармен лимфа жақ асты лимфалық түйініне құйылады.

Ұрттар(buccae)  сыртынан терімен ішкі жағы шырышты қабықпен жабылған.Ұрт негізін ұрт бұлшықеті (m.buccinator) түзеді. Ұрттың майлы денесі сору актісі толыққанды болу үшін тек қана емшектегі балада жақсы жетілген, ұрттың шырышасты негізінде аздаған ұрттың бездер бар.

Үлкен азу тіс үстіндегі ұрттың шырышты қабығының, екі жағынан шықшыт безінің бүртігін (papilla parotidea) түзіп шықшыт безінің түтігі ашылады. Ұрттың шырышты қабығы қызылиектің (gingiva) шырышты қабығына жалғасады.

Қызылиек (gingiva)-қалың тығыз шырышты қабықпен қапталған төменгі және жоғарғы жақсүйектердің ұяшықтық өсінділері, қызылиектің шырышты қабығы тістер мойнын қаусырады. Қызыл иектің ені 4-6 см.  Қызыл иек тістерге келеді де, оларды бір-біреуден барлық жағынан жабады, ол кезде қызыл иек қалталары түзіледі. Ол осы қалталардың тереңдеу жерлеріне және эмальдың беткі қабатына бекітіледі. Тіс арасындағы аралықтарды жауып, ұштары үшкірленіп тістердің арасынан еміздікше тәрізді ұшпен шығады. Тістердің бәрін біріктіреді, қызыл иек ішінде олардың жиегімен тістің жалпы циркулярлы байламы өтеді. Қызыл иекте бездер болмайды. Қызыл иекте қатпарлар көп, жүйкелер аз болады. Нәрестелерде тісті шыққанша және кәрі кісілерде тістері түсіп қалғанда қызыл иектердің жиектері қатайып, шайнау қызметін атқарады.

...

Скачать:   txt (104.3 Kb)   pdf (293.6 Kb)   docx (40.8 Kb)  
Продолжить читать еще 31 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club