Ауыз бездері
Автор: 121401 • Сентябрь 12, 2021 • Реферат • 1,049 Слов (5 Страниц) • 332 Просмотры
Тіл(lingua)-көлденең жолақты бұлшықеттерден құралған,бұлшықетті мүше.Тілдің сыртқы беті көп қабаттан тұрады.Тіл дәм сезу,сөйлеу мүшесі,сору,шайнау,жұту,сілекей бөлу үдерістеріне қатысады.Тіл 3ке бөлінеді:тілдің ұшы(apex linguae),денесі(corpus linguae) және түбірі (radix linguae).
Тілдің жоғарғы,томпайған беті-тіл арқашығы(dorsum linguae).Тіл арқашығы 2 бөлікке бөлінеді:көлденең жатқан үлкен алдыңғы немесе жүлге алдылық(pars anterior seu presulcalis)және жұтқыншаққа қарап тік орналасқан артқы-жүлге артылық(pars postsulcalis).Осы бөліктердің шкарасында тілдің шекаралық жүлгесі(sulcus terminalis linguae),ал ортаңғы сызығында-қалқанша безінің туындысы болып табылатын қалқанша түтігінің(ductus thyroglossalis) редуценттік қалдығы тілдің соқыр тесігі(foramen caecum linguae)орналасады.
Тіл 3 бастамадан дамиды.Осы бастамалардың бітісуінен екі жүлге пайда болады.Біреуі-тілдің ортаңғы жүлгесі(sulcus medianus linguae),ол тіл арқашығын бойлай,тіл ұшынан тілдің соқыр тесігіне дейін орталық сызық бойымен орналасқан.Екіншісі-соқыр тесіктен солға және оңға қарай көлденең бағытталып,тілдің шекаралық жүлгесі (sulcus terminalis linguae)деп аталады.
Тілдің басым бөлігін дәнекер тінді аппараты-бұлшықеттер құрайды.Тілдің қалқасы(septum linguae)тілдің тереңдігінде орталық сызық бойымен тік бағытталып орналасқан.Қалқа тілді 2 симметриялық бөлікке бөледі.
Тілдің көлденең жолақ бұлшықеттері перпендикулярлы бағытта жүретін бұлшықет талшықтарынан тұратын 3 будадан тұрады,олар:тік,көлденең,бойлық.Орналасуына байланыста тіл бұлшықеттерінің 2 тобы ажыратылады:ішкі және сыртқы.Ішкі н/е меншікті тілдің терең қабатында орналасып,тіл сыртына шыкпайды.Сыртқы бұлшықеттер жақын жердегі сүйектен басталып,тілге кіреді.
Ішкі бұлшықеттерге келесі бұлшықеттер жатады:
Тілдің жоғарғы бойлық бұлшықеті(musculus logitudinalis superior linguae)бұлшықет тіл түбінің маңынан басталып,бойлай алға қарай өтіп,тіл ұшындағы шандырлық қабыққа барып бекиді.
Тілдің төменгі бойлық бұлшықеті(musculus longitudinalis inferior linguae)анатомиялық жолмен айыра алатын жалғыз бұлшық ет.Тілдің шырышты қабығында иек-тіл ж/ә тіл асты-тіл бұлшықеттерінің арасында орналасқан жұп бұлшықет.Ол тіл ұшындағы шандырлық қабықтан басталып,тіл ұшына алға қарай өтіп,тіл ұшындағы фасциялық қабыққа барып бекиді.
Тілдің көлденең бұлшықеті(musculus transversus linguae)-ол septum linguae-ның екі жағынан басталатын бұлшықет будаларының жүйесінен тұрады.Олар көлденең бағытта жүріп,тілдің қыры мен арқашығының шырышты қабығында аяқталады.
Тілдің вертикальді бұлшықеті(musculus verticalis linguae)жоғарыдағылардан нашар дамыған,бүйір бөлікте жақсы бөлінеді.Олардың будалары тіл арқашығынан оның төменгі бетіне вертикалды бағытта жүреді.Сыртқы топты 4 бұлшықет құрайды.
Иек-тіл асыт бұлшықеті(musculus genioglossus)-тілдің ең мықты бұлшықеті,ол төменгі жақ суйектің иектік қылқанынан басталып,тілдің меншікті вертикалды бұлшықетіне жалғасады.Қысқарған кезде тілді төмен және аға қарай тартады.
Тіл асты-тіл бұлшықеті(musculus hyoglossus)-төртбұрыш табақша тәрізді пішінге ие,кішк мүйіздерінен басталып,тілге қарай өтіп,тілдің көлденең бұлшықетіне жалғасады.Бұлшықет тілді төмен және алға тартады.
Біз-тіл асты бұлшықеті(musculus styloglossus)-ұзын,жінішке,ол біз-тіл асты сүйегінен медиалды және төмен орналасады.Самай сүйектің біз тәрізді өсіндісінен басталып,тіл түбінің маңында тілдің меншікті жоғарғы және төменгі бойлық бұлшықеттеріне жалғасады.
Таңдай-тілдік бұлшықет(musculus palatoglossus)-таңдай апоневрозынан басталып,аттас доғашық бойымен өтіп,тілдің көлденең бұлшықетімен байланысады.Тілдің шырышты қабығы тіл түбіне қарай өтіп,көп қабатты эпителимен қапталған шырышты қабыққа жалғасады.Тілдің жоғарғы және бүйір бетінде шекаралық жүлгеден алға қарай шырышты қабаттың көптеген бөртпелері-тіл емізікшелері(papilla linguales) орналасқан.Тіл емізікшелерінің 5 түрі ажыратылады:жіп тәрізді,конус тәрізді,саңырауқұлақ тәрізді,науашық тәрізді,жапырақ тәрізді.
...