Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауыз ойылуы

Автор:   •  Сентябрь 3, 2022  •  Реферат  •  2,648 Слов (11 Страниц)  •  248 Просмотры

Страница 1 из 11

АУЫЗ ОЙЫЛУЫ.

        Ауыз ойылуы – ауыз қуысы кілегей қабатының қабынуы.

        Этиологиясы.  Аурудың қоздырғышы болып микроорганизмдер, вирустар, ашытқытәрізді саңырауқұлақтар саналады. Бір қатар жағдайларда ауыз қуысы кілегей қабатының қабынуы уланудың, дәрілік заттардың әсерінен, басқа аурулардың өңінде дамиды. Иммунитет төмендеуінің маңызы бар: ауыз қуысында үнемі болатын микробтар, өздерінің патогенді қасиеттерін көрсете бастайды. Ауруға балалардың ауыз қуысының АФЕ-рі бейімдейді: кілегей қабаттың құрғақтығы және қан тамырларының көптігі.

        Клиникасы. Ауыз қуысы кілегей қабатының зақымдану дәрежесіне байланысты катаральды, ойық жаралы және некротикалық ауыз уылуларын ажыратады.

        Катаральды ауыз ойылуы ауыз қуысы кілегей қабатының қызаруы және ісінуімен сипатталады. Кілегей қабатта тістердің таңбасы анықталады. Қызыл иектің қанталағыштығы байқалуы мүмкін.

        Ойық жаралы ауыз ойылуы жиі тіс жегісі бар, жеткіншектер мен ересек жастағы балаларда кездеседі. Ауру дене қызуының жоғарлауынан басталады. Қызыл иектің ауырсынуы, ісінуі және қанталағыштығы байқалады. Жоғары сілекей бөлінуі, ауыздан шірік иіс пайда болады. Ауыз қуысының кілегей қабаты қызарған, кірсұр жамылғымен жабылған, оның бетінде ұсақ ойық жарашықтар түзіледі. Ауыр жағдайларда – ұлпаның ыдырауымен терең ойық жаралар (некротикалық ауыздың ойылуы). Ауру шеткері лимфа түйіндерінің ұлғаюымен жүреді.

        Жіті герпестік ауыз ойылуы жергілікті герпестік инфекцияның клиникалық көрінісінің бірі болып саналады. Негізінде 6 айдан 3 жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Кенеттен дене қызуы жоғары цифрларға дейін жоғарлайды. Улану симптомдары дамиды: әлсіздік, астан бас тарту, нашар ұйқы. Ауыз қуысының кілегей қабатында белгілі кезектілікпен зақымдану элементтері пайда болады: дақтар, везикулалар, афтылар. Афтылар дегеніміз түрлі көлемді, қызару белдігімен қоршалған, ауырсынатын ақшылт-сары түйіндіктер. Элементтер саны әртүрлі болады, бірлі ден көптегенге дейін, үлкен зақымдану аумағымен. Көлемді зақымданулар кезінде олар бірігуі мүмкін. Кілегей қабат айқын қызарған, ісінген, қанталайды. Сілекей бөліну күшееді. Ауыздан жағымсыз иіс пайда болады. Шеткері лимфатүйіндері ұлғаяды. Кейде везикулярлы элементтер беттің терісінде байқалады. Ауру 7-10 күнге созылады.

        Емі. Баланы оңашалау және дұрыс гигиеналық күтім ұйымдастыру қажет. Тиімді тамақтану және көлемді витаминделген сұйықтық берудің үлкен маңызы бар. Ас жылы болуы, ауыздың кілегей қабатын тітіркендірмеуі тиіс. Оны сұйық немесе жартылай сұйық түрде беру керек. Рационнан ащы және тұздалған тағамдарды алып тастайды. Кеуде жасындағы баланың соруы және жұтуы қиындаған кезде қасықтан тамақтандыру керек. Тамақтандыру алдында ауыздың кілегей қабатын 0,5% анестезин мен натрий уснинат ерітіндісімен, анестезинді эмульсиямен, пиромекаинді маймен жансыздандыру ұсынылады.

        Катаральды ауыз уылуының жеңіл түрі кезінде ем ауыз қуысын антисептиктермен: 0,05% хлоргексин биглюконат, 1% хлорфиллипт, 0,5% этоний, фурацилин ерітінділерімен (1:5000), «Винизольмен», емен қабығы қайнатпасымен, түймедақ тұнбасымен сулауға ептеледі.

        Қызыл иектің қанталағыштығы кезінде гемостатикалық заттар қолданады: 1% галаскорбин, 2% танин ерітіндісі, итмұрын тұнбасы, емен қабығының қайнатпасы. Ойық жаралы ауыз уылуы кезінде антибиотиктер аппликациялары және ауыз қуысын санациялау көрсетіледі.

        Жіті герпестік ауыз уылуы кезінде емге жалпы және жергілікті шаралар кіреді. Қоздырғышпен күресу үшін аурудың алғашқы күнінен бастап  жергілікті вирусқа қарсы майлар қолдану ұсынылады: «Герпевир», «Алпизарин», «Бонафтон». Ауыз қуысын өңдеу үшін жансыздандырғыш заттар және антисептиктер қолданады. Кілегейдің және некроздалған  ұлпаның еруіне протеолиттік ферменттер әсер етеді: трипсин, панкреатин. Емге УКС, гелий-неонды лазер қолданылады. Аурудың 4-5 күнінен кейін кілегей қабаттың эпителизациясын жылдамдату үшін ретинол ацетатының, Е витаминінің майлы ерітінділерін, итмұрын, шырғанақ майын, каланхоэ шырынын, каратолин, солкосерил қолданады. 

...

Скачать:   txt (34.3 Kb)   pdf (136.4 Kb)   docx (20.3 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club