Қарым - қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдау
Автор: akme222 • Ноябрь 12, 2021 • Контрольная работа • 3,599 Слов (15 Страниц) • 869 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: 1. «Қарым-қатынас процесіндегі эмоцияның көрінуі» индивидуалды жоба қорғау
2. Эссе "Қарым - қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдау"
Орындаған: Сәндібекова Ақдәме
Тексерген: Тоқсанбаева Нұргүл
Индивидуалды жоба
«ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПРОЦЕСІНДЕГІ ЭМОЦИЯНЫҢ КӨРІНУІ»
Жоба өзектілігі
Қазір ХХІ ғасыр - жаһанданған заманауи технологиялардың секунд сайын дамыған заманы.Соған орай, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы да ғаламтор арқылы әлеуметтік желіде өрбу үстінде келе жатыр. Осыдан екі ғасыр шамасында Ыбырай атамыз өзінің өлеңінде:
«...Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.»
деп бекер айтып қалдырмаса керек. Әрине, заманның дамығаны - жақсы құбылыс әрі заманның заңдылығы. Алайда, осы заманның ағымына сай ересек адамдармен қоса, еңбектеген жас сәбиге дейін смартфонға телмірген құбылыс қоғамда белең алуда.
Бүгінгі таңда, әсіресе жас балалар мен мектеп оқушылары теледидар, смартфон, компьютерлік ойындарға қарауға көбірек уақыт бөле бастады. Ал, отбасындағылармен, мектептегі сыныптастарымен немесе балабақшада бірге тәрбиеленушілермен аз қарым-қатынас жасауда. Оған белгілі бір себептер болуы мүмкін. Көбінесе баланы бақылау белгілі бір белгілердің болуын көрсетеді.
Қарым-қатынас бұзылыстары - құрдастарымен қарым-қатынастан, жанжалдардан аулақ болу, ұрыс-керіс, басқа адамның пікірімен немесе қалауларымен санасқысы келмеуінде жатыр. Бірақ бұл қарым-қатынас сезімді байытады. Сондықтан да, балалардың санасына эмоционалдық дамытуларды енгізген жөн. Балалардың эмоционалды дамуы болмаса, олар үшін әлеуметтік ортасы жағынан өте қиын болады. Болашақта бейімделу, жаңа қарым-қатынасқа дайындалу – эмоционалдық қажеттеліктерді тудырады.
Қазіргі ата-аналар өз балаларының дамуына - тікелей қарым-қатынастағы эмоцияның қажет екенін ұмытып жатады. Баланың эмоционалдық саласының дамуы әрқашан жеткілікті түрде берілмейді және оның когнитивті дамуына қарама-қарсы назар аударуы болып есептеледі. Баланы өзінің ішкі дүниесі туралы айтуға үйрету өте маңызды болғандықтан балаңызды тыңдаңыз және тыңдай отыра түсініңіз.
Бұдан шығатыны, бұл мәселенің өзектілігі айқын. Ол мынадай: мәселесін қарау мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалдық саласы мен тұлғасын дамыту оның жеке басын, мінез-құлқын және әрекеттерін, айналадағы адамдармен қарым-қатынасы, оның ерекшеліктері тәжірибесін, дүниетанымы және тұлғалық қасиеттері арқылы жан-жақты зерттеуді көздейді.
ЖОБА ПАСПОРТЫ
«Қарым-қатынастағы эмоцияның көрінуі»
Авторы: Сәндібекова Ақдәме
Жоба түрі: ақпараттық және шығармашылық.
Іске асыру мерзімі: қысқа мерзімді.
Жобаға қатысушылар: мұғалімдер, бастауыш сынып оқушылары, ата-аналар.
Жобаның мақсаты: Оқушылар арасындағы қарым-қатынастың эмоциалды факторларын қалыптастыру. Эмоцияны қай кезде сақтап, қай кезде шығара білу керектігін үйрету.
Тапсырмалар:
- оқушылардың негізгі эмоциялар туралы білімдерін бекіту: қуаныш, таңданыс,
- қорқыныш, ашу және т.б.
- өз эмоциялары мен сезімдерін дұрыс жеткізе білу қабілеттерін дамыту
- мимика, ым-ишара арқылы;
- -оқушылар ұжымында топтық ұйымшылдықты қалыптастыру;
- -оқушыларға психогимнастикалық жаттығуларды үйрету;
Күтілетін нәтижелер:
• оқушылардың эмоционалдық даму деңгейін арттыру;
• ата-аналардың тәрбиеге қатысушылар ретіндегі қызығушылық
...