Қарым-қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдау
Автор: Maedtrip • Май 5, 2021 • Доклад • 507 Слов (3 Страниц) • 2,738 Просмотры
Қарым-қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдау
Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап өмірінің соңына дейін қарым-қатынас адамның өмірлік тәжірибесінің негізі мен мәні болып табылады. Әлеуметтік психологтар барлық қарым-қатынастарға қолданылатын адами қатынастардың шексіз алуан түрлілігінің артында жасырынған жалпы принциптерді анықтауға көп уақыт бойы еңбектеніп келеді. Кез-келген қарым-қатынастың басты белгісі ретінде екі не бірнеше адамдардың бір-біріне өзара әсер етуі немесе олардың өзара тәуелділігі қарастыралады. Өзара әрекеттесудің сантүрлі әдістері кең түрлілігімен ерекшеленеді. Адам бізге көмектесе алады немесе кедергі жасай алады, бізді бақытты немесе қайғылы етеді, жаңа сыбыстар таратады немесе кей заттарға көзқарастарымызды сынайды, кеңес береді немесе есеп береді. Бейтаныс адаммен қысқа қарым-қатынастан ұзақ жылдарға созылатын жақын қарым-қатынасқа дейін жетуі екі адам арасындағы өзара қызығушылық дәрежесінің артуымен түсіндіріледі. Шыныменде байқаған болсақ, ешқай адам тек өз жеке бас ұмтылысымен биік шыңдарды бағындыра алмайды. Қиын сәттерде жаныңнан табылып демеу беретін, сені алға жетелейтін адамның болуы маңызды. Қарым-қатынас арқылы адам қоршаған ортадан көптеген мәліметтер алады. Ақпарат алмасу барысында туындаған қарым-қатынастардың кейбір түрлеріне талдау жасап көруге болады. Алдымен біз үшін ең маңызды сұрақтардың бірін талқылап көрсек: «Біз басқа адамдардан не күтеміз?». Әрбіріміз көп адамдармен белгілі бір мақсатта танысамыз, өз кезегінде осы таныстық орнатқан адамдармен қарым-қатынастың әртүрлі формаларын, яғни қарапайым түрінен өте күрделі формасына дейін аталмыш байланыс құрамыз. Сондықтан, егер осы немесе басқа адамнан не қажет екенін, қандай мақсатта байланысқанымызды нақты түсінсек, біз ол адаммен не адамдар тобымен болса да біздің арамыздағы қарым-қатынас формасын анықтай аламыз, мүмкін жай іскери таныстық, мүмкін достық, мүмкін жай ғана таныстық болса да. Бұл қарым-қатынас бізге де сол адамға да тиімді болуы мүмкін. Бірақ біз басқа адамнан, болмаса ұжымнан не қалайтынымызды шештік делік, енді кері бағытта жүре отырып өз тарапымыздан не ұсына алатынымыз жайлы сұрақ туындауы әбден мүмкін. Өйткені, біз адамдармен қалыпты, екі жаққа да пайдалы әрі шиеленіссіз қарым-қатынас орнатқымыз келсе, өзіміз белгілеген қажеттіліктер туралы ғана емес, басқа адамдардың не қалайтындағы туралы да ойлануымыз керек. Онсыз біз басқа адамдарды қызықтыра алмаймыз. Себебі тіптен бізге мән бермейтін, екіжақты өзара кері байланыс жасағысы келмейтін, бірақ кез келген жағдайда өзіне назар талап ететін, барымызды алғысы келетін адамдармен қарым-қатынас орнату ешқашан да қызықты емес. Біз белгілі бір қарым-қатынас түрін орнатқымыз келетін адамның қызығушылықтары әрі қалауы қандай болуы мүмкін екендігі туралы қаншалықты жиі ойлаймыз? Немесе бұл сұрақтың жауабын күнделікті өмірде жиі болатын өткінші қатынас түрлерінен іздестіреміз бе? Міне, осы қиыншылықтар бойынша адамдармен жұмыс істеу тәжірибесіне сүйене отырып, біздің аталған сұрақтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмейтіндігіміз жайлы ойлануға болады, сондықтан біз бір-бірімізбен қарым-қатынаста әртүрлі проблемаларды бастан кешіреміз деп ойлаймын. Басқаша айтқанда, көптеген адамдарда тіл табысу қасиеті ақсап тұр. Жиі адамдар басқалардың мүдделері туралы жеткіліксіз ойланады, осындай себептерден көпшілік қауымның өз қажеттіліктерін басқа адамдардың қажеттіліктерімен дұрыс байланыстыра алмауын аңғарамыз. Көп жағдайлар көрсеткендей, мұндай қатынастар сенім тудырмайды. Сондықтан адамдармен ортақ тіл іздеп, бір-біріне өз еріктерін күштеп жүктемеген дұрыс.
...