Ветеринарлық клиникадағы қауіпсіздік ережелері
Автор: bigkzboss • Июнь 4, 2018 • Курсовая работа • 5,335 Слов (22 Страниц) • 3,128 Просмотры
Кіріспе
Біз оқу практикасын өте келе ветеринарлық клиникалық жұмыс істеу тәртібімен,жұмыс істеу қағидаларымен және ерекшеліктерімен таныстық. Сонымен қатар өзіміздегі факультетіміздің зертханасының жұмыс істеу техникасымен таныса отырып,әртүрлі құрал-жабдықтарды қолдану ережелерін меңгердік.Практика өту барысында көп тәжірибе жинадық.
Азық-түлік проблемасын шешу кез-келген елдің алдында тұрған ғылыми-техникалық прогресс жолында дамуының негізгі келелі мәселелерінің бірі болып табылады.Ол үшін халық шаруашылығында түпкілікті өзгерістер, қайта құру мәселелері дұрыс жолға қойылуы қажет.Кейінгі жылдары елімізде мал шарушылығы ақырындап аяғынан тұрып келеді.Қазіргі кезде ғылыми жұмыстағы ең негізгі мақсат-асыл тұқымды малдарды өсіру,азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.Бұл мәселені шешуде мал шаруашлығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығының басшылары мен мамандары белсене ат салысуда.
Республикамыздағы ауыл шаруашылық өндіріс кешендерінің алдында тұрған мақсат-өндірістерге экономикалық әдістерді енгізу,шаруашылық қарым –қатынастарды жаңа деңгейге көтеру,жаңа технологияларды тиімді пайдалану,өнімдердің мөлшерімен сапасын бүгінгі күннің талабына сай нәтижеге жеткізу болып табылады,Бұл мәселелерді шешуде мал шаруашылығының алатын орны ерекше,тіпті шешуші негізгі рөл атқарады десек артық айтқандық емес.Міне сондықтан да мал шаруашылығының өнімдерін өндіруге аса зор көңіл бөліну керек. Республикамыздың халықын мал шаруашылығының өнімдерін қамтамасыз ету үшін малдан алынатын өнімдердің мөлшерін ғана көбейтіп қоймай,олардың сапасын үнемі жақсартып отыру қажет.Шаруашылықтарда кездесетін кемшіліктерді жойып,алдыңғы қатардағы технологияны іске асыру арқылы жұмсалған қаржының қайтарымдылығын жоғарлату керек.
Мал шаруашылығын дұрыс өркендету ветеринарлық ғылыми-зерттеу жұмыстарының дұрыс іске асуына байланысты.Бұл жерде мал басының сақталуын қадағалай отырып олардың өнімділігін жоғарылату,санитарлық және тауарлық сапасын жақсарту,әсіресе адамдар мен малдарға бірдей аурулардан сақтандыру мәселесін,дұрыс уақытында шешіп отыру негізгі мақсат.
Оқу-клиникалық тәлім БатысҚазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ветеринарлық клиникасында өтті. Оқу-клиникалық тәлім мамыр айының 23-і мен маусым айының 1-і аралығында өтті. Тәлімнің негізгі мақсаты: меңгерген теориялық білімді тиянақтап, оны тәжірибеде қолдануды үйрене отырып , клиникадағы жұмыспен және де ондағы құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектерді жасауды үйрену.Оқу-тәлімі кезінде меңгерген теориялық білімді пайдалана отырып , клиникалық зертханада тәжірибелік жұмстар жүргіздік.
Біз клиникалқ алық клиниканың зертханада тәжірибе жұмысын бастамас бұрын, зертханадағы жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстық. Содан кейін ветеринарлық клиниканың меңгерушісі Шотов Боранбай Отаргалиевичтің дәрісін таныстық. Ол бізге клиниканың жұмыс істеу тәртібі, клиниканың жұмыс істеу тәртібінің қағидасы , қызмет көрсетуді ұйымдастыру және де жұмыс істеу ерекшелігі туралы нұсқаулы сабақтар өткізді .
Клининкалық зертханада ірі қара малын қолданып, ветеринарлық зертхананың мүмкіндіктері толық пайдаланылды.
Практиканың мақсаты: клиникада жануарлармен, құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен жұмыс жасауды үйрену.
Міндеттері:
- жануарлар әлемінен,олардың морфологиясымен,өмір сүру салтымен жеке түрлерді мысалға алу арқылы танысу.Мүмкіндігінше,ауылшаруашылық жануарлары мен бағалы аңдардың инфекциялық және инвазиялық аурулары қоздырғыштарының негізгі немесе аралық тасымалдаушылырына ерекше көңіл бөлу;
- жергілікті флораның рөлін-ауылшаруашылық жануарларының қоректенуіне және адамдар мен жануарлар үшін емдік және улы өсімдіктерге қатысты жағдайда оқып үйрену;
- тірі жануарлар мен сойылған материалдар арқылы ішкі органдардың орналасуын,негізгі қан айналымы түтіктері мен нерв талшықтарының және лимфа жүйесі қызметтерімен танысып үйрену;
- ауылшаруашылық өндірісінің негізімен танысу;
- жануарларды бағып-күту жұмыстарын жүзеге асыруды үйрену;
- жануарлармен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігімен танысу және ветеринарлық шараларды әзірлеу методикасын меңгеру.
1.Негізгі бөлім
Лабораториялық жұмыстарда еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздікті сақтау.
Химиялық,медициналық,ветеринариялық,бактериологиялық және басқа да лабораторияларда жұмыс істеу ешқашан қауіпсіз болған емес.Ертеден қазіргі біздің уақытқа дейін жеткен историялық деректер нешетүрлі ауыр қайғылы жағдайлардың болғанына куә.Техниканың дамуы кезінде бұрын белгілі емес қауіпті факторлардың пайда болуы қауіпсіздікті ауыырлатпаса жеңілдетпейді.
...