Техникалық қауіпсіздік ережелері
Автор: Altni • Февраль 15, 2023 • Практическая работа • 731 Слов (3 Страниц) • 675 Просмотры
Техникалық қауіпсіздік ережелері
Қауіпсіздік техникасы — еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі.
Қауіпсіздік техникасы – жұмысшыларға қауіпті өндірістік факторлар әсерін алдын-алатын ұйымдастырушылық және техникалық шаралар жүйесі. Қауіпсіздік техникасы қауіпті өндірістік факторларды зерттейді. Жарақаттану мен адамға зиянды әсерін жоятын машина мен механизмдерді, технологиялық процестерді құруды қарастырады. Өндірістік санитария жұмысшыларға зиянды өндірістік факторлардың әсерін алдын алатын гигиеналық және санитарлы техникалық шаралар жүйесі.
Өрт қауіпсіздігі өрттің пайда болу себептерін жоюға, өрт таралуын шектеу мен сөндіруге, сонымен қатар адамдар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялауды қамтамасыз етуге бағытталған инженерлік техникалық шаралар кешені. Өндірістік гигиена өндірістік факторлардың адам денсаулығына әсерін зерттейді. Өндірістік ортаның организмге әсері физикалық, химиялық және биологиялық факторлармен негізделеді.
Қауіпсіз жұмыс талабы жөнінде нұсқау жұмысшылар техникалық өртке қарсы және өндірістік санитария жөнінде нұсқауды өткеннен енйін ғана өз жұмысына жіберіледі. Кіріспе нұсқауды өндірістің қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер жүргізеді.Оның негізгі мақсаты жұмысшыларды өндірістің түрімен, өндірістегі қауіпті және зиянды заттар бөлетін бөлмелермен, өндірістің жұмыс тәртібімен және жұмысшылардың жеке бас гигиенасымен таныстыру. Өрт қауіпсіздігі қызметкері жұмысшыларды өртпен күресу жолдарымен таныстырады. Жұмыс орнындағы нұсқауды мастер немесе кезектің бастығы жүргізеді. Жұмысшыны бұл нұсқау бойынша технологиялық процеспен, құрал-жабдықпен машинада, аппаратта және агрегатта жұмыс істеу ережесімен таныстырады. Бұл кезеңде аса қауіпті зонолар мен учаскелерге жақсы көңіл бөлген жөн. Осы кезде жұмысшыға бақылау құралдарының процестерді реттеу және сақтау құрылғыларының жұмысын түсіндіреді.
Бірінші барған күні жетекшім мені колледждегі техника қауіпсіздіктерімен таныстырды. Егер бұл міндеттерді орындамаған жағдайда кенеттен төтенше жағдай болуы мүмкін екендігін ескертті. Мен өзіме тиесілі жұмыстарды техника қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыс істедім.
Техника қауіпсіздік шараларымен танысу. Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
• киім-кешек бөлмесінде сыртқы киімді, аяқ киімді, бас киімді, жеке заттарды қалдырыңыз;
• жұмысқа кіріспес бұрын, қолыңызды сабынмен жуыңыз, таза санитарлық киім киіңіз, шашыңызды қалпақшаның немесе орамалдың астына қойыңыз немесе арнайы шаш тор киіңіз;
• таза санитарлық киімде жұмыс жасаңыз, оларды лас болған кезде ауыстырыңыз;
• дәретханадан кейін қолды сабынмен жуыңыз;
• кондитерлік бұйымдарды жасау кезінде зергерлік бұйымдарды алып тастаңыз, тырнақтарды қысқа етіп кесіңіз;
• жұмыс орнында тамақ ішуге болмайды.
Бөлімшелер мен қойманы сақтау ережелері
1) Өндірістік қабылдау, қойма, администрациялық, санитарлық бөлімшелер тазалықта сақталуы тиіс;
2) Цех пен қойманың кіру – шығу, эвакуациялық есік, колидорлар, тамбурлар, баспалдақтар, өндірістік жабдықтар мен машиналарға баратын жолдар, өрт сөндіруші зарттар мен материалдарға және өрт сигнализациясына апаратын жолдар бөгетсіз болуі тиіс;
3) Өндірістік жабдықтары мен материалдары көп бөлімшелерге күш түсіру нормасын қою керек;
4) Баспалдақ бойында жұмысшы, қойма бөлімшелерін құруға тиым салынады және адам қозғалысын бөгейтін құрал – жабдықтарды қоюға болмайды;
5) Жұмыс бөлімшелердің едені жиі жуылып
...