Қауіпсіздік ережелері
Автор: kabetjansaya • Апрель 10, 2023 • Реферат • 414 Слов (2 Страниц) • 388 Просмотры
Пәні | Дене шынықтыру |
Сыныбы | 7 |
Мұғалім | |
Сабақтың тақырыбы | Қауіпсіздік ережелері |
Оқу мақсаттары | 7.3.4.1.Денсаулықты нығайтуға бағытталған дене жаттығулар кезіндегі болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтай білу |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну, қолдану |
Теориялық материалдарға шолу:
- Қауіпсіздік ережесі
- Жүгіру түрлері
- Қысқа қашықтыққа жүгіру
Қауіпсіздік ережесі. Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе-жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.
Дене шынықтыру сабағына қауіпсіздік ережелерімен танысқан оқушылар ғана қатысады. Физикалық жаттығулардан босатылған балалар, мұғалімге медициналық анықтамасын көрсетіп, сыныппен бірге сабаққа қатысуы керек. Оқушылардың спорттық киімдері жаттығу залындағы температураға және ауа-райы жағдайына сәйкес болуы керек. Сабақ барысында, сағыз шайнауға немесе тамақ ішуге тыйым салынады. Жаттығулар аяқталған соң, суық су ішуге болмайды.
Сабақ басталмас бұрын
- Оқушылар сабаққа кешікпей келуге міндетті. Ұлдар мен қыздар киімдерін бөлек бөлмелерде ауыстырады.
- Спорттық киімнің қалталарында қауіпті заттар болса, алып тасталады. Мұғалімнің пәрменін естігеннен кейін, оқушылар саптық қатарға тізіледі.
- Дене жаттығулары кезіндегі қауіпсіздік техникасы Балалар мұғалімнің барлық нұсқаулары мен бұйрықтарын мұқият тыңдап, дәл орындауға міндетті.
- Ұстаз рұқсат бермей, спорттық құралдарға жақындауға болмайды. Тайғақ немесе ылғал жерде жаттығулар жасауға тыйым салынады. Жүгіру кезінде тек алға ғана қарап, қажетті қашықтықты сақтау қажет.
- Басқаларға кедергі келтіріп, оқу процесіне қатысы жоқ істермен айналысуға болмайды. Жаттығу залынан ұстаздың рұқсатысыз шығуға тыйым салынады.
- Егер оқушы жарақат алса, жаттығуды орындауды тоқтатып, бұл туралы мұғалімге хабарлауы керек.
Қауіпсіздік техникасы – бұл білім беру процесінің маңызды элементі, сондықтан, мұғалімдер бұл ережелердің орындалуын қатаң қадағалауы қажет.
...