Бүгінігі ұрпаққа экологиялық
Автор: zhanka Danyar • Март 17, 2022 • Реферат • 1,428 Слов (6 Страниц) • 231 Просмотры
Түсінік хат
Бүгінігі ұрпаққа экологиялық мәдени тәрбие беру қазіргі заманда өзекті мәселе болып табылады. Мектепте экологиялық білім беру баланың дүние танымымының қалыптасуында өте маңызды кезең деуге болады. Экологиялық тақырыптар арқылы қоршаған әлемге мұқият қарауға үйрету, табиғат құбылыстарының табиғи байланысын, өзара тәуелділігін, мәселен, неліктен құстың ұясын бұзуға, ағаштарды сындыруға, су көздерін ластауға болмайтынын бала санасына жас кезінен өнер арқылы білуге бағытталып отыр. Өнер жас ұрпаққа жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Осы мақсатта құрылған « Қолөнер » қолөнерге баулу үйірмесі.
Үйірме 34 сағатқа арналып құрастырылған. Сабақтарда дарынды оқушылардың қабілетін ашып, шығармашылығын дамытып, ізденуге, іс - әрекетін, жобалаушылығын дамытуға жағдай жасап, бар зейінін аударып ынта - жігерлігін арттыру басты мақсат. Әр түрлі материалдан қолөнер жұмыстарын жасауды тереңірек меңгереді.
Мақсаты:
1. Табиғаттағы өз орнын білетін, қоршаған ортамен өзара байланысты, экологиялық сауатты тұлға қалыптастыру
2.Оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру
Міндеттері:
1. Жұмысты ұйымдастырып, керекті материалдарды тиімді, ұқыпты пайдалана білу,іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
2. Қоршаған орта жағдайларын ластану себептерін танып-білуге
3. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеп, еңбек мәдениеті мен техника қауіпсіздігінің бастапқы элементтерін меңгеруге бағыттау.
4. Оқушының еңбекке қызығушылық ынтасын нығайту және ой - өрісін кеңейту.
5. Еңбектің қажеттілігін білуін, бастаған ісін талғаммен аяқтауын қадағалау.
6. Балаларды тек жеке бастары үшін еңбек етуге емес, халықтық ортақ үшін еңбектенуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
1.Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа үйренеді;
2.Өз жұмысына және өз жолдастарының жұмысына әділ баға беруді үйренеді;
3.Пәнге деген қызығушылығы, шығармашылық қабілеттері артады.
Құрал-жабдықтар пайдалану барысында оқушылар:
- ине, қайшы, бізбен жұмыс жасауды;
- қол тігістерін орындап, техникалық қауіпсіздік ережені сақтауды;
- қиып, қосып біріктіру тігістерін орындай білуі;
- жапсырма жұмыстарға желімді пайдалануды;
- құрал-жабдықтар мен өлшем таспаны қолдана білуі;
- түстерді дұрыс сәйкестендіре білуі;
- сурет сала білуі;
- бұйымды эскизін орындай білуі;
- ине жіптерді әр түрлі бұйымдарға қолдана білуі;
- шаблон үлгілерін дайындауды білуі;
- технологиялық карталармен жұмыс істей білуі;
- үтікпен жұмыс жүргізуді білуі.
Еңбек қауіпсіздік ережелері, инемен жұмыс істеу тәртібі:
- Инені ине түйрегішке ғана түйреп салу керек;
- Инені киімге түйреуге, ауызға салуға болмайды;
- Жіпті тістеп кесуге болмайды;
- Инені алушыға сабақталулы жағымен беру керек;
- Сынған инені жерге тастауға болмайды.
Үтікпен жұмыс істеу тәртібі:
- Үтіктер алдында өткізгіштің үзілген жерін тексеру керек;
- Ылғалды қолмен токқа қосылатын үтікті ұстауға тыйым салынады.
- Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек.
Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:
- Қайшыны жолдасыңа үшкір жағын өзіңе қаратып бер;
- Қайшының жүзін жабық түрінде келтіріп, партаның оң жағына қой.
Желіммен жұмыс істеу тәртібі:
- Желім құйылған ыдыстың аузын нығыз жабылуы керек;
- Желіммен жұмыс жасап болғаннан кейін, міндетті түрде қолыңды жууың керек;
- Жұмыс кезінде арнайы сүлгі ұстауың керек.
Үйірмеге қатысатын оқушылар тізімі
7 А сынып
№ | Оқушылардың аты-жөні |
1 | Ерболқызы Дидар |
2 | Жанатқызы Дана |
3 | Кеңесбек Жанбота |
4 | Әділжан Аяжан |
5 | Көшкімбай Айсана |
6 | Тасболат Жаннұр |
7 | Тулебаева Диана |
8 | Даирова Аруна |
...