Ағзалар мен олардың тіршілік ортасының байланыстарын зерттейтін Көне замандағы ойшылдардың
Автор: Adina01 • Сентябрь 26, 2021 • Контрольная работа • 303 Слов (2 Страниц) • 423 Просмотры
Өсімдік
Тапсырмалар:
1. Ағзалар мен олардың тіршілік ортасының байланыстарын зерттейтін Көне замандағы ойшылдардың (Аристотель, Гиппократ т.б.) экологиялық сипаттағы жазба хабарлары және орта ғасырлардағы хабар-ошарлармен танысып зерттеу.
Өсімдіктердің экологиялық жағдайлары жайлы хабарламалар өте ертеден белгілі болған. «Ботаниканың әкесі» атанған және оның жеке ғылым екендігінің негізін қалаушы Аристотельдің оқушысы Теофраст (немесе Феофраст, б.э.д. 371-286), өз еңбектерінде өсімдіктердің практикалық қолданудағы маңызы мен қатар олардың құрылысы, физиологиясы, географиялық таралуына аса мән берген. Ол Александр Македонский мен саяхатқа шыға отыра, әртүрлі елдердегі өсімдіктерге топырақ пен климаттың әсерін сипаттап және салыстыруға мүмкіншілігі болды. Теофрастың бізге жеткен екі үлкен еңбектерінде – «Өсімдіктердің табиғи тарихы» (10 том) және «Өсімдіктердің себептері жайлы» (8 том) - өсімдіктердің сыртқы түрлерінің өзгерістері және өсу түрлерінің жағдайларға байланысты болатындығы жайлы көптеген бақылаулары көрсетілген. Мысалы, тауда өсетін ағаштардың діңдерінің бұтақтары төмен, ал оны жайылымға еккен кезде өте әдемі және ірі болатындығын атап өткен. Ол жүзім түрлерінің әртүрлі топырақта өсіру барысындағы өзгерістерін сипаттаған. Алғашқы өсімдіктерді тіршілік түрлеріне бөлуді де Теофраст (терминдерді қолданбай) жасаған деп атауға болады: ағаш, бұта, жартылай бұта және шөптер.
Ертедегі ортағасыр жүзжылдықтарында өсімдіктер жайлы білім дамымады деп айтуға болады. Ботаникалық білімдер негізінен монастырларда қалыптасты, себебі онда дәрілік шөптер өсірілді. Ортағасырлардың соңында (ХII-ХIIIғғ.) сауда және саяхат байланыстарының дамуы, университеттер мен мектептердің ашылуы ботаникалық ғылымның дамуына ықпал етті. Ірі оқымысты-схоласт Ұлы Альберт (Альберт Великий) өз еңбектерінде (1193-1280) өсімдіктердің «қыстық ұйқы» себептерін, топырақ сапасының өсімдік тіршілігіне әсерін зерттеген. Бірақ көптеген теориялық көзқарастар жағынан өз уақытынан асып шығып кетпеді: Аристотельдің жалғастырушысы болып есептелетін ол өсімдіктерде «жан» бар деп есептеп, топырақ өзгерістеріне байланысты түрлердің өзара ауысуларын сипаттады.
...