Аяласаң, табиғатты аяла
Автор: Арайлым Исина • Август 26, 2021 • Творческая работа • 1,030 Слов (5 Страниц) • 484 Просмотры
Тақырыбы: Аяласаң, табиғатты аяла
Мақсаты: оқушылардың табиғаттағы барлық тіршілік иелерінің бір-бірімен өзара байланыстылығы туралы түсінігін қалыптастыра отыра экологиялық білімдерін дамыту
Дамытушылық: Қоршаған ортаны қорғау, өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Тіршілік иелерімен таныстыру.
Тәрбиелік. Табиғатты қорғау, елін, жерін сүюге тәрбиелеу
Көрнекілігі: слайд, табиғат туралы нақыл сөздер
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Мұғалім: Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі – табиғатты қорғау, оның сан алуан байлықтарын ұқыпты пайдалану, яғни экологиялық қатерден сақтау. Бүгінгі сайысымызды ерекше етіп өткізгім келіп отыр.
Бүгінгі сайысымзға қатысатын оқушылар 5,6 сынып оқушылары.Сендерді бүгінгі жарысымызға кіріспес бұрын сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін.
1-бөлім: «Сәлем сөздің анасы...» (оқушылар топтың атын, ұранын, әнін таныстырады)
2-бөлім: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы..» Әр топ табиғатқа байланысты өлең оқиды
3-бөлім: «Мың бір мақал» ( мақалдардың жалғасын табу, берілген зат есімге байланысты мақал айту)
4-бөлім: «Үйге тапсырма» (табиғатты қорғауға байланысты сурет салып келу)
Әділ қазы география пәнінің мұғалімі:Айгерим Амангелдіқызы
1-жүргізуші:
Қазақ халқының асыл мұраларының бірі - табиғатқа деген аса бір сүйіспеншілігі мен асқан адамгершілік қасиеті болады. Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз, туған жер,өскен ел, атамекен, аяулы өлке,ауылым деген тұла бойына нәр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен тепе –тең.
Сайысымыздың 1-бөлімін бастаймыз. «Сәлем сөздің анасы...» Кезекті 5 А «Жер» тобынан бастаймыз.
1. Біздің топ: «Жер» 2. Біздің ұран: «Жері байдың елі бай»
3. Біздің ән: «Туған жер»
5 Ә «Су» тобы
- Біздің топ: « Су » 2. Біздің ұран «Су өмір жүрегі,
Денсаулықтың тірегі»
3. Біздің ән: «Саржайлау»
5 Б
5 В
«Ауа тобы»
1. Біздің топ: «Ауа» 2. Біздің ұран: «Ауадан тыныс ап,
Өседі ырыс бақ»
3. Біздің ән: «Өз елім»
Келесі, 6-сыныптар
2-жүргізуші:
Табиғаттың бауырысың, досысың,
Аянбау да керек шығар дос үшін.
Екеуіңнің араңдағы байланыс
Өмірбақи үзілмесін, қосылсын- деп келесі сайысымыз табиғатқа байланысты өлең оқуға береміз. Топтарымызға кезек берейік.
1-жүргізуші:
О, табиғат! Сен не деген жомартсың, не деген дархансың, әлемді жайқалтып, тербелтіп тұрасың. Сенің бізге, адамдарға берген байлығың ұшан - теңіз. Ата – бабалардың өсиетін сақтап, сені қоғауға, сақтауға, еңбекпен жақсылықтар жасап, сенің жанашырың болуға барлық балаларды шақырамын-деп кезекті табиғат тақырыбына байланысты өлеңдер, мақал-мәтелдер бөліміне берейік
...