Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Атмосфераның негізгі ластану көздері

Автор:   •  Март 28, 2018  •  Реферат  •  311 Слов (2 Страниц)  •  1,272 Просмотры

Страница 1 из 2

Атмосфераның негізгі ластануы түсті металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешені кәсіпорындары мен көлік шығарындыларымен байланысты. Өнеркәсібі дамыган батыс елдерінде атмосфералық ауаны ластауда әр түрлі шаруашылық салаларының рөлі әрқалай. Мысалы АҚШ, Ұлыбритания және Германияда шығарылып тасталған улы заттардың негізгі мөлшері автокөлік (50-60%) үлесіне, ал небәрі 16-20%-ы ғана жылу энергетикасы үлесіне келеді.Атмосфералық ауаның ластануы халық денсаулығының нашарлауына және қоршаған ортаның тозуына әсер етеді. Атмосфералық ауаның ластану проблемасы негізінен республика халқының жартысына жуығы өмір сүретін ірі қалалар мен өнеркәсіптік агломераттарға тән. Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның ішінде 8 қала ауасы жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Өндірістің ескірген технологиялары, тиімсіз тазартқыш құрылыстар, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлі емес көздерінің аз пайдаланылуы қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейінің себебі болып табылады. Кэсіпорындардың 20%-дан астамының нормативтік санитарлық-қорғау аймағының болмауы себепті өндіріс орталықтары халқының басым бөлігі зиянды шығарындылардың әсері жоғары аймақта тұрып жатыр. Автомобиль санының күрт көбеюі ірі қалаларда (Алматы, Өскемен, Шымкент) көміртегі оксиді мен азот диоксиді жиналуын ұлғайтады, мұндай заттардың орташа жылдық шоғырлануы бұл қалаларда шекті мөлшерден асып түседі. Ауа бассейңінің ластануы, сондай-ақ көмірсутегі шикізатының бұрынғы кен орындарын дамытумен және жаңа кен орындарын игерумен де байланысты, бұл атмосфераның күкіртсутегімен, меркаптандармен ластануын ұлғайта түседі. Алауларда ілеспе газдың жағылуы қызған газдардың, күкірт пен азот оксидтерінің едәуір көлемін атмосфераға шығарумен қатар жүреді, кен орындарының төңірегінде жоғары жылу аясы қалыптасады. 1993 жылдан 2000 жылға дейін зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негізінен өндірістің құлдырауы есебінен 5,1 млн тоннадан 3,2 млн тоннаға дейін кеміді. Соңғы жылдары экономиканың өрлеу жағдайларының өзінде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 3,2-3,4 млн т деңгейінде тұрақтандыруға міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманы жаппай енгізудің және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау жүргізудің нәтижесінде қол жеткізілді. Мұндай тетіктерді одан әрі жетілдіру 2010 жылдан кейін қоршаған ортаны мөлшерден тыс ластайтын кәсіпорындарға қойылатын экологиялық талаптарды күшейту арқылы шығарындыларды жоспарлы түрде төмендетуге кірісуге мүмкіндік береді. Ауа бассейні ластануының жоғарылау қаупін болдырмау жөніндегі қажетті шаралар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қысқа мерзімді бағдарламаларда көзделетін болады.

...

Скачать:   txt (4.8 Kb)   pdf (45 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club