Әл–Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу»
Автор: Arman Show • Октябрь 13, 2022 • Эссе • 1,730 Слов (7 Страниц) • 371 Просмотры
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ ФАКУЛЬТЕТІ
МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫ
«ФИЛОСОФИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША
№2 СӨЖ
Тақырыбы: Әл–Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектері негізінде эссе.
Орындаған:
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының
2 курс студенті
Туреев А. Б
--------------------
Тексерген:
Сулейменов П.М.
Саяси ғылымдарының кандидаты,
доцент
Алматы, 2022
Әл–Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің барлығы бақыт, сыйластық, құрмет жайлы жазылған өте құнды дерек көздері болып келеді.
Адам санасында ғылым мен білім беру барысында маңызды мәселелер қарастырылады. Жалпы, әлемде көптеген құбылыстар бар. Сондай-ақ адам - бөлек болмыс, табиғат - бөлек болмыс. Табиғат құбылыстарының ішіндегі ең жоғарысы және ең ақылдысы адам. Адамның өзін-өзі тану – өсімдік жанының, адам жанының жануар жанының жүйеленуі. Адамның жан дүниесін, оның ішкі және сыртқы сезімдерін талдай отырып, жүрек әрқашан шешуші мән беріп, оны ерекше көрсетеді. Бұл жан қуаты туралы жалпы білімге қараудың жолы емес. Жүрек - негізгі орган, оны дененің басқа мүшелері білмейді. Одан кейін ми келеді. Бұл да негізгі орган, бірақ бірінші емес, бәрін шешетін жүрек. Кез келген адам ақылды бола алады. Терең ойшыл болу үшін көп оқу керек.
Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз дамуы барысында «өзін-өзі тану» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын тани білу күрделі мәселеге айналды, бұл қарама-қайшылықтардың туындауына алып келді. көріністер. Адамның өзін-өзі тану ілімінің алғашқы қадамы ежелгі дүние философтарынан басталғанымен, оны өз заманында ғылыми жүйеге әкелген Фараби еңбегі ерекше атап өтіледі.
Әл-Фараби өз еңбегінде басқаруды жақсы және пайдасыз деп екіге бөлген. Қайырымды, білімді, мәдениетті басқару – адамдарды бақытқа жетелейді, олардың іс-әрекетін, ерік-жігерін осы бағытта бағыттайды. Ол үшін басқару заң күші мен жақсы тәжірибеге негізделуі керек. Ал мейірімсіз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер басым.
Менің ойымша, Әл-Фараби еңбектеріндегі бақыт ұғымы өте кең мағынадағы, бірнеше құнды қасиеттердің басын біріктіретін ұлы мақсат. Олай деуімнің бірінші себебі Әл-Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде басқаруды қайырымды және қайырымсыз деп екіге бөлді. Қайырымды, білімді, мәдениетті басқару – халықты бақытқа бастайды олардың, іс-әрекетін , ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Яғни, ұлы ойшыл бұл сөздері арқылы бақыттың бір кілті қоғамның әділетті басқарылуы мен құнды қасиеттерге бай болуында деп көрсетеді. Әрбір адам қоғамның бір бөлшегі. Қоғамның қайырымды болуы адамды жан тыныштығы мен шын бақытқа жетелейді. Ал қайырымды қоғам ұғымын екінші ұстаз: «Адамдар бірлестігі шынайы бақытқа жеткізетін істерде өзара көмектесу мақсатын қойған қала – қайырымды қала, ал адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам – қайырымды қоғам.» деп нақты көрсетеді.
«Бақытқа жету туралы кітап» еңбегінде « Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есік. Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – меншік.» - деген жолдармен адам мақсатының оның өмірлік жолын айқындайтынын суреттейді. Мақсатты білім алу, көркем мінез ақыл парасат дейтін игіліктерге бағыттасаң бақытқа жол көрсетеді.
Өз бойында жоқ қасиеттерге құмар кісі көлгір келеді. Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу. Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады. Шын білім – ақиқат, анық білім. Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды. Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет ондай болмасқа керек. Мінез – жанның айнасы. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады. Сұлу саз жан сергітеді. Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді. Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.
...