Ұлы дала еліндегі тарихи сана мен дүниетанымды қалыптастыру саясаты
Автор: moldasheva.a • Март 3, 2021 • Реферат • 553 Слов (3 Страниц) • 2,474 Просмотры
Пән: Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
Тақырып: №13
Практикалық сабақ тақырыбы: Ұлы дала еліндегі тарихи сана мен дүниетанымды қалыптастыру саясаты.
Тапсырма №1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
- Еліміздегі тарихи сананы қалыптастыру мен дамыту бағытындағы атқарылған іс-шараларды сипаттаңыз.
1991ж дан бастап біздің санамызды өзгерту үшін,тарихи шараларды жаңаша қарай бастады.Сондықтан мемлекетімізде осы жөнінде бірнеше шаралар өтті.Бұл шаралардың ең алғашқысы Президент жаңындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» қабылданды.Осы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы тарихтың,әсіресе қоғамның дамуы кезендерінің ерекше мыңыздылығы көрсетілген,тарихи ғылым проблемаларын,басымдықтарын көрсетті,яғни басты мақсаты болып халықтың санасын жаңа тәуелсіз елдің тарихына бет бұрғызу еді.Осы тарихи танымға жалпы үш жыл арналды.Оның ішінде 1997ж саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы,ақындардың,жазушылардың еңбектері халыққа таныстырылды.1998жылды «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»деп белгіленді.Бұл жерде Қазақстан халқының ортақ тарихы бар екенін көрсетті.1999жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы»жылы,яғни жас ұрпаққа тарихи сананы қалыптастыру,жеткізу міндеті болды.Ал 1991ж тарихи сананы қалыптастыруда Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» деген кітабы шықты.Оның ішіндегі бөлімдерге келетін болсақ ол,Ұлттық келбетті ұлықтайық,яғни қазақ халқының ерекше саясаттағы келбетін қалыптастыру туралы айтылады.Екінші бөлімі Қазақ даласы ұлы түркі елінің қара шаңырағы деп аталады,онда түркі тарихы туралы жазылады.Келесі бөлімдері ол мәдениет келешегі,Алаш мұрасы және осы заман,ұлттық бірегейлік туралы,тоталитарлық тәртіп,Орта Азияның тәуелсіз мемлекеттері,тарихтың шеңберлері ұлттық зерде деп аталатын бөлімдерден тұрады.Және келесі бағдарлама ол «Халық тарих толқынында» атты бағдарламасы,ол «Қазақстан 2050» стратегиясы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында Н.Ә.Назарбаев осы бағдарлама туралы сөз сөйлеген кезінде жарияланды.Оны жүзеге асырылуы үшін Мемлекеттік хатшы М.Тәжинге тапсырма береді.Оның бағдарламасы ұлттық тарихымыхда одан әрі дамыту,шет елдердегі жасалып жатқан зерттеулерге аса мән беру,шет елдік түркітанушылармен байланысты нығайту,мұражайлар мен тарихи орындарды жаңғырту,жастарға патриотизмді сіңіру керек болды.Келесі ол тарихи маңызы бар оқиға бұл Қазақ хандығының 550 жылдығының тойлануы болды.Ондағы шаралар ол біріншіден 10 бөлімді «Қазақ елі»атты сериал;мультфилмдер түсірілді, «Керей Жәнібек», «Қазақ елі» деп аталатын спектаклдер қойылды.550жылдыққа орай монумент салынды.Ұлттық спорт түрлерінен турнилер өтті.Ең маңызды іс шара бұл Таразда өткізілді,оған үлкен екі ханға ескерткіш қойылған болатын.2014ж «Мәңгілік ел» идеясы көтерілді.Оның негіздері ол көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік ел» идеясы,екіншісі Әл Фарабидің «Қайырымды қалада» деп аталатын шығармасындағы идеяны көрсетті,үшіншісі Ж.Баласағұнидің «Құтты білік дастаны».Ұлттық сананы қалыптасуында ерекше орын алған бұл 2017ж жарияланған «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» деген бағдарламасы еді.Екі бөлімнен тұрады ол ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы,екіншісі «Таяу жылдардағы міндеттер» болатын.Келесі 2003ж Қазақстан халқына жолдауында Президент Н.Ә.Назарбаев тарихымызда болмаған «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдау керектігін жариялайды.
Ол жайлы 2 тапсырмада.
...