Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу
Автор: Ақтолқын Салдарова • Ноябрь 12, 2024 • Эссе • 887 Слов (4 Страниц) • 8 Просмотры
Платонның "Үңгір аллегориясы" философияда білім мен надандықтың терең мәнін түсіндіре алатын ең маңызды шығармалардың бірі болып табылады. Аллегория Саясат философиясының алтыншы кітабында келтірілген және оның негізгі тақырыптары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Платон үңгірде тұтқындалған адамдардың өмірі арқылы білім мен шындықтың ізденісін, сондай-ақ адам санасының шектеулігін сипаттайды.
Аллегорияда үңгірдің ішіндегі адамдар, қабырғаға қарай бұрылып, көлеңкелерді ғана көріп жатқандары суреттеледі. Бұл көлеңкелер олар үшін шындықтың өзіндей көрінеді. Олар шындықтың қалай болатынын білмейді, өйткені үңгірдегі қараңғылықтың теріс пиғылдағы формасын біледі, ал шынайы дүниенің табиғаты оларға мүлде беймәлім.
Білім мен надандық
Платон білім мен надандықты контраст арқылы жеткізеді. Үңгірден шығу — бұл білімге жетудің, шындықты танудың символы. Ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс, шынайы дүниенің білімін алу үшін рухани және интеллектуалдық еңбек қажет екенін көрсетеді. Бұл процесс ауыр, қиын, бірақ нәтижесінде шынайы білім мен түсінікке жетуге мүмкіндік береді делінеді. Жалпы алғанда жарық пен қараңғылық бір-біріне қарама-қарсы ұғым болғандай, білім мен надандық та сол формада бір-бірімен үйлеспейтін қарама-қарсы дүниелер болып саналады.
Біз ұлы тұлғалардың білім мен надандық тақырыбында көптеп сөз қозғағанын білеміз. Және олардың ой-пікірлеріне тоқталып кетсек:
Аристотель: Білім – бұл тәжірибе мен логикалық ойлаудың үйлесімділігі. Адамның білім деңгейі оның материалдық және интеллектуалды жағдайына байланысты.
Декарт: «Мен ойлағандықтан, мен бармын» - бұл идея білімнің негізін жеке ойлауда көреді. Надандық - сенімсіздік пен күмәнмен тығыз байланысты.
Кант: Білім автоматты түрде ақылмен емес, тәжірибемен келеді. Надандық - бұл өзгермейтін ақиқаттарды қабылдамау.
Фрейд: Білім мен надандық адамның психологиялық жағдайымен байланысты. Ішкі конфликттер білім алуға кедергі келтіреді.
Дьюи: Білім тәжірибелік әрекет арқылы қалыптасады. Нағыз білім – бұл проблемаларды шешудің қабілеті.
Парето: Әлеуметтік және мәдени құндылықтар білім мен надандықты қалыптастырады, бұл әр қоғамның білімге қатынасына әсер етеді.
Бұл пікірлер арқылы білім мен надандықтың әртүрлі аспектілерін және олардың адам өміріндегі рөлін тереңірек түсінуге болады.
Қазіргі оқылу
Заманауи дәуірде «Үңгір аллегориясы» әр түрлі тақырыптарға қатысты қолданылып келеді. Бүгінгі күні білім мен ақпараттың қолжетімділігі артқанымен, әркімнің шындықты қалай қабылдайтыны, әлеуметтік желілер мен медиа арқылы ұсынылған ақпараттың шындықпен қаншалықты сәйкес келетіні маңызды мәселе болып отыр. Көптеген адамдар жазылған мәліметтерді тек сыртқы көрінісін ғана қабылдайды, шынайы мәні мен мағынасын тереңірек түсінуге тырыспайды. Осылайша, қазіргі қоғамда «аллегориялық үңгірлер» бар болғанымен, оны адам түсіне соңына дейін түсіне алмай, қабылдай алмай отыр.
Технологияның ролі
Платонның "Үңгір аллегориясы" философиялық ойлардың терең мазмұнын ұсына отырып, оны бір жақты қарастырып қана қоймай, оны жан-жаөты сипаттайды. Ал оның мазмұнына тоқталатын болсақ, мәні қазіргі қоғамда жаһандық мәселелер мен технологиялық даму контекстінде ерекше түрде көрініс таба алады. Аллегорияда бейнеленген адамдардың шындықты тек көлеңкелері арқылы қабылдауы, біз заманауи ақпарат ағынында қалай өмір сүріп жатқанымызды айшықтайды. Бүгінде ақпараттық технологиялар, әлеуметтік медиа және виртуалды орталар
...