Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу
Автор: Janiyaa • Октябрь 3, 2021 • Реферат • 411 Слов (2 Страниц) • 3,380 Просмотры
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Математика, физика және информатика институты
[pic 1]
СӨЖ-1
Тақырыбы: «Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу»
Орындаған:
Тобы:
Тексерген:
Алматы 2021
Үңгір аллегориясы - бұл ежелгі грек философы Платонның «Мемлекет» туындысында IV ғасырдың 70-60 жылдары жазылған әңгімесі, әрі ағарту туралы ең танымал метафоросы. Аллегория Сократ пен оның шәкірті Глауконның арасындағы әңгіме ретінде диалогта айтылады. Оның бұл шығармада орналасу себебі, мемлекет - Платон философиясының негізі. Ол үшін ондағы адамдардың білім алуға, тануға қалай орталықтандырылғаны маңызды. Әңгімеде Платон әділ және интеллектуалды рухқа жету мен қолдаудың қиындықтарын түсіндіру үшін қараңғыда ұсталған тұтқындардың метафорасын қолданады.
Әңгімеде адамдардың тіршілігі күнді көру бақытынан айырылған, үңгірге қамалған тұтқындардың өміріне теңеледі. Олар жер бетінде шын өмір барын білмейді. Сол себепті қабырға үстіндегі жарық арқылы үңгірдің қабырғаларында қыбырлаған көлеңкелерді өздерінің шын өмірі деп түсінетіндері баяндалады. Жұрттың ақиқатқа көзін жеткізу керек. Ал ол үшін үңгірдің қабырғаларына көлеңкелерді не нәрсе және қалай түсіріп тұрғанын анықтап, тынымсыз әрекет ету қажет. Ақиқатты табу жолындағы осы әрекет философиялық шығарманың негізгі мәнін құрайды.
Платон бізді қоршаған заттардың мәнін солар туралы ойлағанда, соларды ақыл-ойымызбен саналы түрде игергенде ғана түсінетінімізге сенімді болды. Алайда бұл біраз уақытты талап ететін қиын шаруа. Себебі адам қоршаған ортаны алғаш қалай қабылдаса, сол күйінде ойлау қалыптасып қалады. Оларға жаңа дүние, ақиқатты айтқанда олар мұны қабылдамайды. Олар заттарды шынайы күйінде көргісі келмейді. Адамдардың көбі үңгірде отыра беруге үйреніп алған. Олар сыртқа шығуға қорқады. Олардың ойынша олар аса жайлы жерде отыр және оларға нақты дүниенің көлеңкесін көру жеткілікті.
...