Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шығыс тарихы

Автор:   •  Декабрь 24, 2022  •  Реферат  •  656 Слов (3 Страниц)  •  221 Просмотры

Страница 1 из 3

                                  Шығыс тарихы №79,80,81

79)Б.з.б VIII-VI ғғ Мидия патшалығы

Мидия патшалығы солтүстікте  Аракс өзені мен Эльбрус тауларынан оңтүстіктегі Парсы шекарасына дейін, батыста Загрос тауларынан, шығыста Деште-Кевир шөліне дейін орналасқан, иран тілді тайпаларда  мекендейтін ежелгі шығыс елі. Мидия патшалығы б.з.д 670-550жж өмір сүрді. Мидия б.з.б VII-IVғ Әзірбайжанның оңтүстігін, Иранның солтүстік – батысында өмір сүрген қуатты патшалық. Мидия жөнінде алғашқы деректер б.з.б IXғ II жартысында жазылған ассириялық жыланамаларда кездеседі. Б.з.б IX – VIIIғ Мидия жерін мекендеген тайпалар ассириялықтарға қарсы күрес жүргізді. Ассирия қолжазбалары бойынша Мидия патшалығы б.з.б VIIғ 70-жж пайда болған деп баяндалады. Астанасы Экбатана қаласы , яғни қазіргі Хамадан маңында болған. Киаксар патшаның (шамамен б.з.б 625-584жж) тұсында көне шығыстың ұлы державаларының біріне айналған. Ол әскери реформа жүргізіп, сақтармен бейбіт келісім жасаған. Вавилонмен күш біріктіріп б.з.б 607-605жж Ассирияның талқандады, кейін Урартумен Каппадокияны басып алады. Киаксардың баласы әрі мұрагері Астиаг тұсында Мидияны парсы патшасы Кир жаулап алып (б.з.б. 553 – 550/49), ахемен әулеті билеген парсы патшалығының құрамына қосты. Мидия өз алдына жеке мемлекет болып, б.з.б. 4 ғасырдың соңында (бұрынғы патшалықтың бір бөлігі – Әзірбайжанның оңт-нде) қайта құрылды. Оны тарихшылар Кіші Мидия, Мидиялық Үлгі Атропатена деп те атады. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, Мидияда бейнелеу өнері жақсы дамыған. Мысалы, Сузыдағы парсы патшасы Дарий I-нің сарайын мидиялық сәулетшілер безендірген.

 80)Ежелгі Палестина

Жалпы Ежелгі Палестина қазіргі Израиль мемлекетіне, сонымен қатар Палестина автономиясына және қазіргі Иордания аумақтарына сәйкес келетін жерді алып жатты. Египеттен Палестина шөлмен бөлінген, батыста Жерорта теңізімен шайылып жатыр, оның бойында ені бірнеше болатын құнарлы алқап орналасқан.  Палестинаның құнарлы бөлігі Жерорта теңізі мен шөлдің арасында болуы оның мәдени дамуы мен тарихына әрқашан әсер етіп отырған. Жалпы Палестина жерін алғашқы адамдар ежелгі палеолит дәуірінен бастап мекендеген. Мезолит дәуірінің ортасында б.д.д 10-8мың жыл ішінде Палестинада натуфейлер пайда болады.  Ежелгі Палестинаның табиғи-климаттық жағдайлары өте қолайлы, ресурстарға бай, жері құнарлы болғандықтан, көршілері филистимдіктер үнемі жаулап алуға ұмтылып отырды. Саулдың тұсында филистимдіктермен толыққанды соғыс жүрді, ол көптеген жеңістерге жетті, барлық Израиль тайпаларын бағындырды. Саул өлімінен кейін Давид патша таққа келді. Ол филистимдіктерді толық жеңіп, мемлекетке тәуелсіздікпен қоса құлдар ретіндегі жұмыс күшін қамтамасыз етті. Давидтың билігі кезінде қалалар салынып, Финикиямен сауда байланыстары дамыды. Оның ұлы Сүлеймен де әйгілі патшалардың бірі болды. Сүлеймен тұсында Палестина гүлденген, тәуелсіз мемлекет болды. Сүлеймен патшаның өлімінен кейін Палестина екіге бөлініп кетті.

...

Скачать:   txt (9.1 Kb)   pdf (84 Kb)   docx (9.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club