Шығыс елдер тарихы және дипломатиясы
Автор: dartugaeva • Март 10, 2022 • Реферат • 566 Слов (3 Страниц) • 399 Просмотры
Тугаева Дария МО-33
Шығыс елдер тарихы және дипломатиясы
2 семинар. Соғыс аралық кезеңінде Солтүстік-Шығыс Азия елдері
- Бірінші дүниежүзілік соғысқа Қытайдың қатысуы.
- Жапонияның соғыс кезіндегі ішкі және сыртқы саясаты
- Жапонияның Қытай мен Кореяға экспансиясы
Қытайдың саясаты бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін бытыраңқы күйде болды. Орталығы Пекин өте әлсіз болды. 1916 жылы Юань Шикай қайтыс болды. 1917 жылы Антантаны жақтап Германияға соғыс ашты. Бірақ соғыс аяқталғаннан кейін Париж конференциясында Қытай мүддесі ескерілмеді. Дүниежүзілік аренадағы азаттық қозғалыстар, Ресей революциясы, импералистік елдердің әділетсіз шешімі Қытайда 1919 жылы « 4 мамыр» қозғалысы орын алды. Пекин студенттері ереуілге шығып Париж конференциясының шешіміне қарсы шыққан болатын. Көтеріліске қаладағы барлық тұрғын қатысты десекте болады. Көптеген жерлерде Жапон тауарына байкот жариялады. «4 мамыр» қозғалысы Қытайдағы ең күшті антиимпериалистік көтеріліс болды. Нәтижесінде Қытай үкіметі Версаль бітіміне қол қойудан бас тартты. 1920 жылы Пекин, Шанхай, Чанша қалаларында коммунистік үйірмелер пайда болды. 1921 жылы Шанхай қаласында І сьезі өткізілді. 1921 жылы Сунь Ятсен президент жарияланды. Сунь Ятсен кеңес үкіметімен саяси байланыс орнатты. Вампу аралында КСРО әскери мамандары Қытай әскери мамандарын даярлады. 1925 жылы 30 мамырда Шанхайда жұмысшылармен студенттер ереуіліне ағылшын полицейлері оқ атып, бірнеше адам өлтірген болатын. Бұл жағдай халық наразылығын тудырып, «30 мамыр қозғалысын» тудырған болатын. Гоминьдан және коммунистер бірігіп Гуандун правинциясында Қытай революциясының тұңғыш базасына айналды. 1926 жылы Солтүстік жорығы басталды. 1925 жылы Сунь Ятсен қайтыс болғаннан кейін Комммунистер мен Гоминьдан арасында билікке күрес болды. 1931 жылы Жапония солтүстік-шығысында Маньчжурияны босып алуды. 1937 жылы Жапония бар күшін Қытайға бағыттап, жаппай шабуылды бастаған болатын. Осы тұста Қытай коммунистік партиясы Гоминьданмен бірігуге дайын екенін білдіреді. Сонымен қатар бұл оқиға КСРОмен Қытай арасындағы қарым қатынасты біршама жақсарады. 1937 жылы КСРО мен қытай арасында достық келісімге қол қояды.
Жапония ХХ ғасырда күшейіп, басқыншылық саясат жүргізе бастады. Сыртқы саясатында Англиямен жақындасып, соның ықпалында болды. Ең алдымен, Қытайды бағындыруды көздеді. Жапония 1914 жылы Германияға соғыс жариялап, Тынық мұхиты мен Қытайдағы неміс иеліктерін басып алды. Сонымен қатар Қытайға «21 талап» ұсынып, әскер, саясат, қаржы саласын жүргізіп отырды. Соғыс жылдары елде қанау көп орын алды. Ішкі саясатта 1917-1918 жылдары елде нан жетіспеушілік орын алды. 1918 жылы «күріш бүліншілігі» орын алды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Жапония қатты күшейді. Өндіріс саласы жақсы дамыды. Әсіресе, металл өндіру, машина жасау, химия саласында біршеме жетістіктерге жетті. Қиыр Шығыс мен Тынық мұхитында беделі арта түсті. Версаль конференция кезінде Жапония бұрын Германияға қараған Қытайдың Шаньдун түбегі, Тынық мұхитындағы Каролин, Маршалл, Мариан аралдарын өзіне бекітіп алды. 1922-1925 жылдары Ресейдің Приморье, Солтүстік Сахалин жерлері Жапония құрамында болды. Сонымен қатар Тайвань және Корея жерлерін отарлай бастады. 1921-1922 жылдары Вашингтон конференциясында Жапонияның иелігіне өткен жерлерден айырылып қалды. Атап айтар болсақ, АҚШ Ұлыбританияны Жапониямен одақтас болудан бас тартқызып, Шаньдун түбегін Қытайға қайтаруға мәжбүрледі. Сонымен қатар, Жапония Вашингтон конференциясында қол қойған «Бес ел шартына» сәйкес әскери-теңіз қару-жарақ ұстауына тиым салды. 1923 жылы өкімет жұмысшылары және кедей шаруалар көтерілісі орын алды. 1924-1926 жылдары таптар арасындағы күрес одан ары шиеленісе түсті. 1929-1933 дүниежүзілік дағдарыс жылдары Жапонияға қиыншылық әкелді. Дағдарыс зардабынан ең алдымен ауылшаруашылығы тартты. Елдегі шаруа қожалықтарының жартысы жібек өндіру саласы күйзеліске ұшырады. Көмір және кеме жасау саласында өндіріс көлемі қысқарды. Дағдарыс кезінде жұмысшылардың жаақысын қысқартып, жұмыссыз қалғандар саны өте көп болды. Дағдарыс кезінде ереуілдер көп болды. 1932 жылы Қытайдың солтүстік-шығысында Маньчжоу қуыршақ мемлекет құрып, шекаралас КСРО мен Моңғол Халық Республикасына қауіп төндірді. 1920-1930 жылдар экономикалық дағдарыс кезінде кәсіпорындар жабылып, жұмыссыздық белең алды. 1933 жылы Жапония Ұлттар Лигасынан шықты. Озбырлық саясатын ұстанған Жапония Германия және Италия елдерімен жақындасты. Жапония 1937 жылы 7 шілдеде Қытайға соғыс ашты. 1939 жылы Моңғолияға шабуыл жасады.
...